Әлеуметтік модернизация қалай жүзеге асуы керек?

Әлеуметтік модернизация қалай жүзеге асуы керек?


Жанұзақ ӘКІМ, Еуропа Ғылым акаде­мия­­сының мүшесі:
– Модернизация қоғамның барлық саласын бірдей қамтығаны дұрыс. Соның ішінде бірінші кезекте әлеуметтік сала қамтылуы қажет. Меніңше, әлеуметтік модернизация дегенді күрделендірмей, қарапайымнан бастау керек. Жас отбасылардың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету – кезек күттірмес мәселе. Екінші проблема – жұмыссыздық деңгейін төмендету. Үшіншіден, шағын қалалардың жағдайы ескерілмей жатыр. Кезінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша жұмыс істеген шағын қалалардың әлеуеті қазір төмен. Не қала емес, не ауыл емес, екі ортада қалып отыр. Мұндай жағдайда шағын қалалардың халқы үлкен қалаларға ағылып, онсыз да тұрғын үй проблемасы шешілмеген шаһарлардағы әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп жібереді. Сондай-ақ елде орта таптың қалыптасуына жағдай жасалуы керек. Себебі салықты уақытында төлеп, мемлекеттің өркендеуіне үлес қосатын – осы орта тап. Сондықтан әлеуметтік модернизацияны төменнен бастап, нақты іс-әрекеттер жүзеге асырылуы керек деп есептеймін.

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саясаттанушы:
– 2007 жылдан бері саяси модернизацияны жүзеге асыруды бастадық. Соның негізінде екі бірдей Парламент сайлауы өткізілді. Соңғысында Парламентке үш партияның өкілі өтіп отыр. Яғни белгілі бір нәтижеге қол жеткізгеннен кейін әлеуметтік салада да модернизация жасаудың кезегі келген сияқты. Модернизация тікелей аударғанда «жаңару» деген сөзді білдірсе де, әлеуметтік модернизацияны осы саланы түбегейлі жаңарту емес, әлеуметтік мәселелерге тереңірек көңіл бөлу деп түсінемін. Халықтың әл-ауқатын көтеріп, білім беру мен денсаулық сақтау саласын өркениетті елдердегі деңгейге жеткізу әлеумет­тік модернизацияның негізгі міндеттері болуы керек деп есептеймін.

Серік БЕЙСЕМБАЕВ, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының әлеуметтанушысы:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік модернизацияны жүзеге асыру мәселесі айтылды. Демек, жүзеге асырылады. Өткен 20 жылдағы сапасыз модернизацияның нәти­желерін ескере отырып, алдағы жоспар нақты істермен халықтың көзіне көрінуі тиіс. Мысалы, халықты таза ауызсумен қамту, табиғи газға қолжетімділігін арттыру, алыс елді мекендерді коммуникациямен қамтамасыз ету проб­ле­малары тұр. Меніңше, әлеуметтік модернизация осы бағытта жүзеге асуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста