Әкімдіктердің мекемелерді қала көшелерін қардан тазартуға жұмылдыра алмауы ненің белгісі?

Әкімдіктердің мекемелерді қала көшелерін қардан тазартуға жұмылдыра алмауы ненің белгісі?


Камал БҰРХАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Енді біз құқықтық, зайырлы мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Сон­дықтан мұның барлығы заңдық тұрғыдан реттелуі тиіс. Мәселен, жер­гілікті мәслихат «әрбір мекеме өзіне қарасты жерлердің тазалы­ғы­на, күл-қоқыстың, қардың үйіліп жатпауына жауапты болуы тиіс» деп шешім шығаруы керек. Әрі оны тиісті органдар өз деңгейінде қа­да­ғалап, бақылап отырғаны жөн. Егер ол мекемеде қар таза­ланбаса, онда айыппұл салып, қателігін мойындату керек. Ал көше, жол бойын тазалау, ол – жергілікті әкімдіктің жұмысы. Оған жауапты ме­ке­мелер бар. Олардың да ыждаһатты жұмыс істеуге деген жауап­кер­шілігін арттырғанымыз дұрыс. Енді Алматыда қардың қалың жау­уы, ол  –төтенше жағдай. Табиғаттың тосын құбылысына ешкім тос­қа­уыл бола алмайды. Дегенмен қар тазалауға жауапты мекемелер осын­дай уақыттарда екі-үш ауысыммен жұмыс істеуіне болады ғой. Тіп­ті көлік қозғалысы аз болатын түн кездерінде қар тазалауға шықса, қан­дай жақсы болар еді. Бұл ретте жергілікті әкімдік қатаң талап қо­йып, оның орындалуына барынша бақылау жасауы тиіс. Біз осылай ет­кен­де ғана бұл мәселенің оң шешілуіне ықпал ете аламыз.


Амалбек ТШАНОВ, қоғам қайраткері:
– Таяуда Мәскеуге де қалың қар түсті, соның салдарынан кө­лік қозғалысы қиындап, кептелістер жиіледі. Бірақ Мәскеу мэрі «әрбір мекеме өздерінің тұсындағы қарды тазаласын» деп үндеу жариялап, соған халықты жұмыл­ды­рып, оларға күрек керек пе, техника керек пе т.б. құрал-сайман­дар­мен қамтамасыз етіп, дереу қарды тазалап тастады. Ал Алматы қаласының әкімі: «Қарды тазаламаймыз, қыстың көрінісін бұзудың керегі жоқ, бірақ әрбір мекеме өздерінің тұсындағы қарды тазаласын», – деді. Осы сөзді айтты-дағы, алайда ешқандай ұйымдастыру шарасын жүр­гізген жоқ. Жарайды, әрбір мекеме өздерінің маңындағы қарды та­за­лауға шықсын делік, енді олардың қолында күрегі, құрал-сайманы, тех­ни­касы жоқ болса, олар немен тазалайды? Осының бәрін жергілікті би­лік ұйымдастыруы тиіс емес пе? Демек, біздің әкімдік қала көшелерін қар­дан тазартуға халықты жұмылдыра алмай отыр деген сөз. Осының сал­дарынан қалада көлік тығыны артып, халық таңертең – жұмысқа, кеш­кісін үйіне жете алмай қиналып жүр. Мұның барлығы жергілікті әкім­діктің тиісті ұйымдастыру шараларын дұрыс жүргізе алмай отыр­ған­дығының салдарынан деп есептеймін.


Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Шынында да, қазір жұмыстан кешкісін қаланың ішіндегі үйімізге жету үшін екі-үш сағат жол жүретін болдық. Онсыз да Алматыда көлік тығыны көбейіп тұрған кезде «жығылғанға – жұдырық» дегендей, қар қалың жауып, одан сайын кеп­теліс болды. Жол жиегіндегі автокөлік тұратын жерлердің бар­лығы қардан тазартылмай, жүргізушілер амалсыздан кө­лік­терін жолдың ортасына қоюда. Осылайша қалада көлік­тер бір-ақ жолақпен жүріп отыр. Осының салдарынан халық жұ­мысына кешігіп келіп, үйіне дер уақытында жете алмай отыр. Жергілікті әкімдіктің әрекетсіздігінен қолдан көлік ты­ғы­нын жасадық. Бұл тәртіптің, талаптың, жауапкершіліктің жоқ­­т­ығынан деп есептеймін. Мұны шешу үшін жергілікті би­лік «әркім өз мекемесінің алдын қардан тазаласын» деп ай­ты­п қана қоймай, нақты тапсырма беріп, талап етуі тиіс. Әр­бір мекемені қар тазалауға жұмылдырып, ұйымдастыру жұ­­мы­с­тарын тиянақты жүргізгені жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста