13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салу қажет пе?

13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салу қажет пе?


Әбдімәжит ӨТЕШ, Алматы қалалық №178 лицейдің директоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі:
– Бүгінгі қазақы қоғамда 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне міндетті түрде тыйым салу керек. Себебі ғаламторда пайдалы ақпарат көп дегенімізбен, жасөспірімдерге келгенде олардың дұрыс өсіп-жетілуіне зиянын келтіретіндері басымырақ. Кез келген отбасындағы 18 жасқа толмаған балаға ата-ана жауапты болуы тиіс, ол заң жүзінде де солай. Мысалы, өзім басқарып отырған мектеп оқушыларының ата-аналары келіп, «баламыз көнбейді» деп тұратындары бар. Көнбейді деген не сөз? Демек, мәселе – отбасылық тәртіп пен тәрбиеде. Батысқа еліктеушілік қазір ұлттық құндылықтарды жойып барады және осы теріс әрекеттің барлығы шетелдің тұнып тұрған идеологиясы. Жапония, Қытай сынды елдердің тәрбиесі керемет қой, сонда біздің қолдан ондай тәрбие беру неліктен келмейді? Әрине, ата-ана баланың құқығына қарсы әрекет етіп, қорлап, жұмысқа салуы керек демеймін, Үкімет ондай жайттарды онсыз да қағадалайды, бірақ еліміздің болашағы жастардың қолында деген сенім болғандықтан, мұндай мәселеге мемлекеттік дәрежеде араласқанымыз абзал.


Аршат ОРАЗОВ, сайт жасаушы, блогер:
– Интернет – бақыланбайтын әлемдік желі. Тек 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салу емес, қандай желіге, кімнің қолдануына шектеу қоямыз десек те, ол – техникалық тұрғыда мүмкін емес дүние. Ғаламторда ешкім-ешкімге тыйым сала алмайды. Қажетті ақпаратқа интернетті қолданушы азамат қандай жолмен, қалай қол жеткіземін десе де өзі біледі. Мысалы, менің де балаларым бар, бірақ олар 13-ке толғанша өзімнің бақылауыммен ғана ғаламторды пайдаланатын болады. Себебі мектеп жасындағы бала интернетте тек әлеуметтік желіде отырмай, өзіне қажетті, пайдалы мәліметтерді алуы мүмкін. Сондықтан тыйым салу мәселесі жайлы, тіпті елестетудің өзі қиынға соғып тұр. Әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салсақ, онда балалардың көзін байлап көшеге жіберейік. Себебі көшеде де дұрыс тәрбиеге кері әсер етуші факторлар бар емес пе?!


Абзал ҚҰСПАН, заңгер:
– Ресей 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салып жатыр. Қазақстан мен Ресейдің заңдық жүйесі бір арнада болғандықтан, бір сарынды болуы да сондықтан. Сол үшін де бізге де мұндай шектеу қажет деп есептеймін. Егер заңдық тұрғыда қарасақ, мұндай тыйымнан ешкімнің құқығына нұқсан келмейді. Себебі кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз бетінше әрекет етуіне құқығы да, қабілеті де болмайды. Бала 14 жасқа толғанша ата-ана жауапты, ал 14-16 жаста белгілі бір құқықтар пайда бола бастайды. Демек, бұл идея төңірегінде құқықтық шектеушілік жоқ. Әлеуметтік желі – баланың қорғансыз психикасына кері әсерін тигізетін құрал. Сондықтан тыйым салу тиімді де, пайдалы шешім болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста