Қазақстан өңірлерінде шегірткенің көбеюіне қатысты жағдай – Үкімет бақылауында

  • 6
Қазақстан өңірлерінде шегірткенің көбеюіне қатысты жағдай – Үкімет  бақылауында

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысына шегірткеге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін барды. Ақтөбе облысында 8 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай және Ақтөбе облыстарында шегірткелердің екі түрі кең таралған: италиялық прус және азиялық шегіртке.

 

9 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында шегірткелерден арылтуға жоспарланған 422,9 мың гектар жердің 356 мың гектарына тиісті жұмыстар жүргізілді. Облыстың 10 ауданында (Жангелді, Амангелді, Алтынсарин, Денисов, Федоров, Сарыкөл, Қамысты, Науырзым, Қостанай, Қарабалық) және Арқалық қаласында шегірткені жою жүргізілді.

 

Ақтөбе облысының аумағында 9 шілдедегі жағдай бойынша 667,865 мың га жер, оның ішінде италиялық прусқа қарсы 646,965 мың га немесе жалпы өңделмек жердің 99,97%-ы, азиялық шегірткеге қарсы 20,9 мың га немесе жалпы өңіделмек жердің 95,5%-ы өңделген.

 

Жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды. Биологиялық тиімділігі жоғары, яғни 85%-дан төмен емес, Вантекс, Тиаметрин, Карат супер, Фобос, Фипрон препараттарымен жүргізіледі. АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай және Ақтөбе облыстарының өңірлік бөлімшелерінің деректері бойынша осы препараттардың қажетті көлемі қолда бар.

 

Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін Қостанай облысында 9 желдеткіші бар сепкіш, 3 ұшақ, 6 дельтаплан, 13 аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды. Ақтөбе облысында 56 арнайы сепкіш техника, оның ішінде 19 желдеткіші бар сепкіш, 19 аэрозольді газ генераторы, 8 аса жеңіл авиация кемесі және 10 ұшақ бар.

 

Жалпы республика бойынша италиялық шегірткеге қарсы өңдеу 1,2 млн гектарға немесе 92,3%-ға жүргізілді. Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.

 

Бір күн бұрын Абай облысында зиянкестердің көбейе бастағаны тіркелген еді, тиісті іс-шараларды уақытылы жүргізудің арқасында қауіп толығымен жойылды. Атап айтқанда, Шаған ауылында 120 га жайылымдық жер өңделді, егістіктегі ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шеккен жоқ.

 

Шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары олар шамадан тыс таралған кезде, яғни егіншілік өнімдеріне қатты зиян келтіруі мүмкін кезде жүргізіледі. Өңдеу таңертең және кешкі уақытта, шегірткелер белсенді болмай, бір орында шоғырланған кезде жүзеге асырылады, бұл дәрі-дәрмектерді қолданудың тиімділігін едәуір арттырады.

 

Жалпы өңірлер бойынша мониторинг және тиісті іс-шаралар жалғасуда.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 193
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 240
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста