Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының теңавторларына қосылды

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының теңавторларына қосылды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы конфессияаралық диалогты дамытуға және өшпенділік тілмен күресуге бағытталған қарарды қабылдады.

Қабылданған қарарда дін немесе наным-сеніміне байланысты адамдарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттердің барлық түрлері айыпталады. Сонымен қатар құжатта діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, тұрғын үйлерге, жұмыс орындарына, мүліктерге, мектептерге, мәдениет үйлері мен ғибадат орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекеттерді айыптауға назар аударылды.

БҰҰ қарарының мәтініне діни рәміздер мен қасиетті кітаптарға сілтемелерді енгізу туралы шешім Еуропаның бірқатар елдерінде Қасиетті Құран өртеп, оны қорлау оқиғаларының тізбегі аясында қабылданды.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше басқа 47 елмен бірге бұл қарардың теңавторы болды.

Біздің еліміз бейбітшілік, сенім, қоғамдық келісім және бір-бірін өзара қолдау идеялары төңірегінде құндылықтар мен адамдарды біріктірудің тексерілген жүйесін қалыптастыруға ерекше мән береді.

Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев діни вандализм жағдайлары қазіргі әлемде шиеленісті басуға, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған рұқсат етілмейтін арандатулар болып табылатынын мәлімдеді. Мұндай әрекеттер мемлекеттер мен діндердің өркениетті қатар өмір сүруінің жалпыға бірдей танылған нормаларына қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс.

Айта кету керек, Қазақстан 2003 жылдан бастап Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізудің бастамашысы ретінде жаһандық дінаралық және конфессияаралық диалогтың беделді жақтаушыларының бірі болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста