Мемлекет басшысы республикалық бюджет жобасының мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы республикалық бюджет жобасының мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау және 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске Премьер-Министр, қаржы-экономикалық блокқа жауапты мемлекеттік органдардың және Ұлттық банктің, Жоғары аудиторлық палатаның басшылары қатысты.

 

Президентке әлемдік экономикадағы трендтер, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжамдар, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлері туралы мәлімет берілді. 

 

Мемлекет басшысы:

 

*  теңгерімді макроэкономикалық саясат жүргізу, мемлекеттің әлеуметтік салада қабылдаған барлық міндеттемелерін сақтау маңызды екеніне назар аударды;

 

*  жоспарланған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға, экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға, жалпымемлекеттік шығындарға, соның ішінде қорғаныс және құқық қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шығындарды толыққанды қаржыландыру қажет екенін атап өтті.

 

Кеңес қорытындысы бойынша Үкіметке бюджет процесіне бақылауды күшейту, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың қаржы жұмсау тәртібін жетілдіру жөнінде тапсырма берілді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста