Кезектен тыс Президент сайлауына үш кандидат өзін-өзі ұсынды

Кезектен тыс Президент сайлауына үш кандидат өзін-өзі ұсынды

3 сәуірде өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыныла бастады. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтеріне қарағанда, кеше үш кандидат сайлауға түсу ниетін білдіріп, ОСК-ға өтініш жасаған. Атап айтқанда, Сәлім Сағындықұлы Өтен, Уәлихан Әбішұлы Қайсаров пен Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков өзін-өзі ұсыну жолымен тіркеліпті. Олардың ішінде С.Өтен мен У.Қайсаров 2005 жылғы сайлауға да өз кандидатураларын ұсынған болатын. Естеріңізге сала кетейік, президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы республикалық қоғамдық бірлестіктердегі секілді өзін-өзін ұсыну жолымен де жүзеге асады.
Сондай-ақ кеше Орталық сайлау ко­мис­сиясының отырысында сайлау науқа­нын ұйымдастыруға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Жиынның негізгі бө­лігінде ресми қаулылар қабылданған соң, ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов алдағы науқанға қатысты шараларға түсінік бере келе, кандидаттарды ұсыну жолына, оларға қойылатын талаптарға да тоқталып өтті. Оның айтуынша, президенттікке кан­ди­даттардың Ата Заң мен қолданыстағы заң ­талаптарына сәйкестігі олар құжаттарды тапсырған кезден бастап бес күн ішінде Орталық сайлау комиссиясы арқылы белгіленеді. Бұл ретте президенттікке канди­дат­тың соңғы 15 жылда Қазақстанда тұру фактісін Әділет және ішкі істер министр­ліктерінің деректеріне сүйене отырып, ОСК анықтайтын болады. Бұдан бөлек канди­даттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі де ОСК қаулысымен бекі­тіледі. «Мемлекеттік тілді еркін меңгеру дегеніміз  қазақ тілінде дұрыс оқу, сауатты жазу, өз ойын еш қиналмастан, айқын жеткізу және жұртшылық алдында түсінікті сөйлей білу болып табылады», – деді кан­дидаттарға қойылатын осы конститу­циялық талапқа ресми түсінік берген ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұлов.
Лингвистикалық комиссияның жаңа құрамы бекітілді
Кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін тексеретін комиссия құра­мы тіл мен әдебиет саласының елімізге та­­нымал мамандарынан құралды. Атап айтқанда, Еуразия ұлттық университетінің түркітану кафедрасының меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков, Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің проректоры Диқан Қамзабек­ұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Сейіт Қасқабасов, ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Бай­тұр­сынұлы атындағы Тіл білімі институты­ның директоры Шерубай Құрманбайұлы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік универ­ситетінің қазіргі қазақ Тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Фау­зия Оразбаевалар бекітілді. Заңға сәй­кес, кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңге­руін анықтау азамат қажетті құжат­тарды ОСК-ға тапсырған сәттен бастап бес күн ішінде жүргізіледі. Кандидаттар комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырманы орындайды, үш беттен аспайтын мәтінді оқып, көпшілік алдында 15 минуттан кем болмайтындай сөз сөйлеуі бойынша да сынақ­тан өтеді. «Соңғы уақытта республика аза­маттарының мемлекеттік тілді білу дең­гейіне қойылатын талаптар жоғары­лады. Сондықтан да Мемлекет басшысы ла­уазымына кандидат үшін бұл өте ма­ңызды. Кан­дидаттардың алдында айтар­лық­тай қиын да жауапты емтихан бар. Елбасы ағымдағы Жолдауында жақын жылдары халықтың 80 пайызға жуығы мемлекеттік тілді мең­геруі тиіс деген мақсат қойып отыр. Олай болса, сайланған Президент халқының басым көпшілігі қазақ тілін білетін мемлекетті басқаратын болады», – деді ОСК төр­ағасы.
Лингвистикалық комиссияның жұмысы ашық әрі жариялы түрде болады. БАҚ мемлекеттік тілді еркін меңгеруді айқындау рәсімінің бастапқы сәтін және лингвис­ти­калық комиссияның кандидаттардың әр­қай­сысы туралы шешім қабылдау үдерісін байқауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ ке­ше осы лингвистикалық комиссияның ал­ғашқы отырысы өтіп, онда комиссия төр­а­ғасы болып М.Жолдасбеков сайланды.
Президенттікке кандидат 91 мың қол жинауы керек
Кандидаттар Ата Заң һәм ұлттық заң­намадағы талапқа сай деп табылса, оларға Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын береді. Бұл ретте президенттікке канди­датқа расталған 91 мың қол жинау қажет болады. «Қолдап қол жинауды кандидат­тардың сенім білдірген өкілдері жүргізеді. Қол жинайтын топтар мен олардың адамдар саны шектеусіз болады», – деді Қ.Тұр­ғанқұлов. Кандидатты қолдап қол қойылған парақтар аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылса, олар паспорт қызметкер­лерін қатыстыра отырып, әлгі қойылған қолдардың растығын 10 күн ішінде тексереді екен. Сосын тиісті хаттама жасап, оны ОСК-ға жібереді.
Сондай-ақ кешегі ОСК отырысында пре­зиденттікке кандидаттардың сайлау қор­ларының арнайы уақытша шоттарын ашу тәртібі де бекітілді. Ол бойынша, кан­ди­­даттардың уақытша шоттары «Қазақстан халық банкі» АҚ ашылатын болады. Елі­міздің барлық өңірлерінде филиалдары бар аталмыш банктің қызметі бұған дейінгі сайлауларда да пайдаланылған болатын. Бұдан бөлек ОСК ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауындағы шетелдік, халық­ара­лық ұйымдар байқаушылары БАҚ өкілдері қызметінің кейбір мәселелерін де талқылап, арнайы қаулы қабылдады. Оған сәйкес, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 7 ақпаннан бастап 28 наурызға дейін жүргізіледі. Ал оларға куәлікті ҚР Сыртқы істер министрлігі береді. «2005 жылы өткен ҚР Президентінің кезекті сайлауына ОСК 1634 байқаушыны аккредиттеген бо­ла­тын. Олардың ішінде 407-сі шетелдік БАҚ өкілдері еді», – дейді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста