Үш жүзге бөліну қазаққа қашан да қасірет әкелері сөзсіз

Үш жүзге бөліну қазаққа қашан да қасірет әкелері сөзсіз

Совет-Хан Ғаббасов, медицина және педагогика ғылымының докторы, профессор

– Совет-Хан аға, сіздің бала тәрбиесінің жаңа ғылыми негіз­дерін жасап, екі сатылы жаңа методология ұсынып жүргеніңізді білеміз. Бала тәрбиесіндегі осы жаңа жүйеге толы­ғырақ тоқтал­саңыз.
– Біз ең алдымен халықтық этно­педагогиканы, ұлттық тәрбиені жолға қоюымыз керек. Ол үшін мен мынадай екі сатылы жаңа методология ұсынамын. Ана құрсағында жатқан баланы жан иесі дейміз де, туғанға дейін ол биологиялық индивид болады, бұл – бірінші сатысы. Қоғамдық тұлғаға айналу үшін сана­ның жетілуі – екінші сатысы. Бірінші био­логиялық индивид кезеңіндегі жүрек тәрбиесі деген жүйе біз осы уақытқа дейін оқып келген еуроцентристік педагогикада жоқ. Ол тек біздің ұлттық педагогикада ғана болған. Қазақтың ертеде айтқан бір ауыз сөзін бүгінде кітап етіп жазып, ғылыми атақ алып жүр. Жай ғана мысал, «он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйдырған» дейді. Бұл ананың құрсағына түскен бір дән – клетка. Ол он сегіз мың ғаламның барлық сатысын басып өтеді. Соны қазақ ерте заманнан-ақ білген.
– Сіз еңбектеріңізде жүрек тәрбие­сінің он екі арнасы туралы және олар­дың жабылу алдында екенін айтып жүрсіз. Бұл қандай арналар?
– Осы жүрек тәрбиесінің тәсілімен тәннің он екі мүшесі (жүрек, бауыр, бүйрек, ми т.с.с.). сияқты жанның санаға бағынбайтын он екі арнасы бар екендігі анықталып отыр. Олар – түйсік, ұят, сүю, мінез, табиғи қабілет, зерде, жігер және ішкі бес сезім. Бүгінде бұл арналар толығымен жабылу алдында. Бірінші, түйсік арнасының жабылу алдында тұрғанын айтайын. Мысалы, зілзала болатынын ит пен мысық, жыбырлаған тарақан үш күн бұрын біліп, эпицентрден қашып кетеді. Ал біз дәл сол уақытта үйдегі заттар шайқалып, бүкіл дүние солқылдағанда ғана білеміз. Бұл – түйсігіміздің әлсірегені. Екінші – ұят арнасы. Ол да жабылу алдында. Мысалы, бұрындары төрт-бес жастағы бала жайсыз нәрсе жасап қойса, ұялып, қызарып кететін. Ал бүгінде ондай баланы таппайсыз. Міне, бұл – ұят арнасының жабылғандығы. Үшінші – сүю арнасы. Қазір Төлеген мен Қыз Жібектің, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың арасындағы махаббатты кездестіре алмайсыз. Жігіт пен қыздың арасындағы сүйіспеншілікті былай қойғанда, ата-ана баланы, бала ата-ананы сүюден қалып барады. Сәбиінен безініп, балалар үйіне тапсыру, ата-анасынан безініп, қарттар үйіне тапсыру күнделікті өмірдегі, қатардағы үрдіске айналып барады. Бұл – сүю арнасының жабылуы. Төртінші – зерде. Қазіргі тілмен айтқанда, зерде – бұл диктофон. Қазақта ауыз әдебиетінің жақсы дамығаны – зерденің мықтылығы. Ертеде жыршылардың, жыраулардың түнді таңға ұластырып айтқан жыр-дастандарын құймақұлақ шәкірттері ертеңінде бір сөзін қалдырмай жатқа айтқан. Ал қазіргі балалар бүгін айтқаныңды ертең қайтара айтып бере алмайды. Бұл – зерденің жабылуы. Бесінші  – мінез. Бұрынғы уақытта «ой, қандай мінезді азамат» деп сүйсініп, мадақтап отыратын. Бүгін ондай мақтауға лайық адамды күндіз қолға шам алып іздеп табу мүмкін болмай қалды. Оның есесіне мінезсіздер қатары өсіп барады. Ақылына қарап емес, ақшасына қарап құрметтейтін болдық. Құлқынның құлына айналғандар көбейді. Жағымпазданып, үлкен басымен жасы кіші қалталының алдында құрдай жорғалайтындар қатары толығуда. Мі­нездің жоғалуы – міне, осы. Алтыншы – табиғи қабілет. Кейде: «Осы бұрынғы билер, жыраулар, ақындар, әншілер мен күйшілер қайда?» – деп сұрап жатады. Осы сұрақтың өзі табиғи қабілеттің құрып бара жатқанын аңғартады. Ұзаққа бармай-ақ, кешегі Біржан сал мен Жаяу Мұсалар, Құрманғазы мен Дәулеткерейлер нота білмей-ақ, қаншама теңдесі жоқ ән мен күй шығарды. Ал бүгін он-он бес жыл оқып, консерватория бітіргендер дәл сондай ән мен күй жаза алып отыр ма? Жоқ. Өйткені табиғи қабілет жоқ. Жетінші – жігер. Бүгінгі таңда біз жігерсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Олай дейтінім, арақ пен темекінің зиянын біле тұра, тиынын артық көріп, кез келген дүкенде ашық сатылуына жол беріп отырмыз. Темекі шегудің салдарынан талай адамның қыршын кетіп жатқаны, арақтың кесірінен талай отбасы бұзылып, талай бала жетім қалып, талай әйел жесір қалып жатқандығы ешкімді де елең еткізбейді. Жігерсіздіктің кеселінен тепсе темір үзетін қазақтың жап-жас жігіттері маскүнемдікке, нашақорлыққа бой алдырып, отбасынан айырылып, үйсіз-күйсіз қоқыс аралап күн кешіп жүр. Міне, бұл – жігерсіздіктің салдары.
– Ішкі бес сезім дегеніңіз?..
– Енді ішкі бес сезімге келер болсақ, мысалы, ықылым замандағы көріпкелдер бүгін болып жатқан оқиғаларды айтып кеткен. Болжаушылар табиғат құбы­лыстарын болжап, ауа райын дәл айтып отырған. Емшілер ішкі сезімнің құдіретімен бірі тамыр ұстап, диагноз қойса, екіншісі емдеп, адам өміріне араша болған. (Ал бүгінде жеті жыл оқыған дәрігерлердің қарық қылып жатқаны шамалы). Ішкі сезімнің күштілігі сонша, сынықшылар саусақпен сезіп, рентгеннің көмегінсіз-ақ сынған сүйектерді теріп, орнына келтірген. Ал қазіргі парапсихолог, «экстрасенспін» дегендердің адамдарды алдап, ақшасын алғаннан басқа білері жоқ.
– Аға, жанның он екі арнасының жабылу алдында тұрғанын жілікше шағып, дәлелмен айтып жет­кіздіңіз. Ал осы он екі арнаны ашу үшін не істеу керек?
– Мен осы жанның он екі арнасының бәрін ашатын технология жасадым. Қазіргі уақытта осы технологиямен тәрбие алып, оқып жүрген менің қолымда жүзден астам бала бар. Олардың алғашқылары осыдан үш жыл бұрын он төрт жасында мектеп бітірді. Жанның он екі арнасын ашу үшін ақыл тәрбиесін қолға алу керек. Ақыл тәрбиесі деген – бұл сананы жетілдіру.
– Сананы жетілдіру үшін не істеуіміз керек?
– Сананы жетілдіруде халықтық педагогиканың жеті түрлі негізі бар. Бірінші негізі – отбасы құруға дайындық, ұрық тәрбиесі. Кәмелет жасқа келген жігіт пен қыз отбасы құруға іштей дайын болуы керек. Бойдағы жаман қылықтардан (темекі тарту, арақ ішуді доғару, бойды таза ұстау т.б.) арылуы тиіс. Бұл – табиғи заңдылық. Тіпті бұл заңдылықты жан-жануарлар да ұстанады. Ұрық жалғастыру кезінде жануарлар бір ай жарап, бой түзеп, сайысқа түсіп, қайсысы күшті болса, сол ұрпақ жалғастыру құқығына ие болады. Құстар жылы жаққа бір айда ұш­ып келеді. Бойындағы арам терін шығарып, ар­тық майын жоғал­тып, ұрпақ жалғас­тыруға кіріседі. Ал адам баласының ұр­ық тазалығын сақ­тамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады. Балалардың ақыл-есі кем болып, неше түрлі пато­логиямен туылуы – ұрық тазалығының сақталмауынан. Екінші негізі – ана құрсағындағы тоғыз ай. Жанның он екі арнасын тек ана құрсағындағы тәрбиемен ғана аша аласыз. Ана құрсағындағы бала төрт айында тәрбие күте бастайды. Бала бойына біткеннен бастап ана бойын, жүріс-тұрысын түзеп, мінезін қалып­тастырып, жаман қылықтардан арылып, денсаулығын қадағалауы тиіс. Өйткені ананың бойындағы мінез-құлқы, ден­саулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға беріледі. Қазіргі таңда ана құрсағындағы тәрбиенің сақталмауынан жанның он екі арнасы жабылу алдында. Үшінші негізі – нәресте кезеңі. Ана сүті – табиғи нәр. Нәрестесін омыраумен емізетін аналардың сол сәтте алатын ләззаты – теңдессіз ләззат. Ана сүтінің орнын ештеңе де баса алмайды. Біріншіден, ол – қорек, екіншіден – ана мен бала арасындағы табиғи байланыс. Көптеген жас аналар әртүрлі сылтаумен нәрестелерін жасанды сүтпен қоректендіреді. Ал бұл ана мен бала арасындағы сүйіспеншіліктің жаңа сипат алуына (мейірімсіздік) себеп болып отыр. Төртінші негізі – балбөбек кезеңі. Бұл кезеңде үш түрлі салт-дәстүр тәлімін бала психикасына лайықтап пайдалануды ұсынамын:
1) балбөбек кезеңінде сәбиге ең терең де түсінікті әсер ететін әуен екенін ескеріп, оған халық әндерін, күйлерін тыңдату;
2) ұлттық ою-өрнектер мен халық суретшілерінің классикалық туынды­ларын баяу ғана ойнаған ұлттық әуен­нің сүйе­мелдеуімен парақтай ашып көрсету;
3) термешілер мен жырауларды, ай­тыс, ертегі тыңдату.
Бесінші негізі – балабақша жасын­дағы кезең. Бұл жаста бала айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен естігендерін зердесіне жазып ала қояды. Қоршаған ортаны танып-білгісі келіп, «анау не, мынау не» деп сұраумен болады. Осы жаста бала санасына нені сіңірсек, ертең соның жемісін көреміз. Ал біз бүгін балабақшадағы балаға үш тіл үйретпекшіміз. Ал үш тілді санасына сіңірген бала кім болмақ? Ол бала не қазақ, не орыс, не ағылшын болмайды. Ол дүбәра болады. Алтыншы негізі – бастауыш мектеп кезеңі. Жеті жасқа толған балалар бұрынғыдай емес, ұлдары – қыздарға, қыздары ұлдарға мүлдем басқа көзқарастармен қатынас жасауға ұмтылады. Осы кезеңнен бастап жыныс бездері мен жұлын-жүйке сөлдерінің өзара үндесе жұмыс істеуінің әсерінен жасөспірімдердің тік мінез-құлықтары мен адамдық темпераменттері ғана қалып­тасып қоймай, әр тұлғаның өз ерек­шеліктерін жетілдірудің ең күрделі саты­лары басталады. Балаға бұл жасында бала деп емес, «тұлға» деп қарауымыз керек. Жетінші негізі – орта білім мен кәмелеттік кезеңнің тәрбиесі. Адам ғұмырының бұл кезеңінде ақыл тәрбиесі мен жүрек тәрбиесіне гормоналдық жүйе қосылып, осы үш жақты үндестіктің жетілуімен бір бағытта қызмет істеуінің сипаттары күшейе береді. Бұлар тән құрылысындағы жетілу сипаттары болса, жан дүниесіндегі жетілуі де білім-ғылым, мәдениет, еңбектің ықпалымен аса терең психологиялық жетістіктерге ұмтылады. Бұл кезеңде балаға дұрыс бағыт беруіміз керек.
– Бүгінде халықтық педагогика­дағы, ұлттық тәрбиедегі ата мен әженің рөлі қандай болып отыр? Жалпы, немересін ата мен әженің тәрбиесіне берген дұрыс па? Кейде: «Шал мен кемпірдің тәрбиесінде бол­ғаннан тәрбиесі нашар болды», – деп кейіп жатады.
– Ауылда болсын, қалада болсын немересіне ертек айтып, қазақ әндері мен күйлерін, өсиет жырлар тыңдатып, немересін еңбекке баулып, ұлттық салт-дәстүрді үйрететін ата мен әжені табу қиын. Кейде көшеге шығып серуендеп қайтам. Кейіп қайтам. Өйткені немересін қолынан жетектеген ата немесе әженің немересімен орыс тілінде сөйлесіп кетіп бара жатқанын көріп, жүрегім ауырады. Қазіргі аталар мен әжелерде өнеге де, өсиет те қалмай барады. Бала тәрбиесінің нашар болуы – шал мен кемпірдің тәр­биесінде болуында емес, қандай шал мен кемпірдің тәрбиесінде болуында. «Ата-әжесіне бердік» деп әке-шешесінің бала тәрбиесінен қалыс қалуына бол­майды. Ілгеріде қазақтар баланы ауыл болып тәрбиелеген. «Қызға қырық үйден тыю» деген – соның айғағы.
– Ал әке мен ананың ұлттық тәр­биедегі рөлі туралы не айта­сыз?
– Әкенің бүгінгі таңдағы ұлттық бала тәрбиесіндегі алар орны жоқ деуге болады. Өйткені тартқаны – темекі, ішкені – арақ, ұлттық салт-дәстүрден мақұрым әке балаға қандай тәрбие бере алады? Ал аналарға келсек, бесіктің құдіретін ұқпайтын, бесік жырының мәнін білмейтін, омырауымен баласын қоректендірмейтін анадан не күтесіз? Ең сорақысы, «аттан қалма, байталым» деп ерлермен жарыса темекі тартып, арақ ішетін ана өз қылығы қасірет екенін ұқпаса, оған не шара? Мұндай аналардан қандай тәрбие күтуге болады? Қазіргі жас аналардың жүріс-тұрысы, киім киюі ұлттық салт-дәстүрімізге сай келмейді. Өз бойында жоқ қасиетті балаға қайдан берсін?!
– Совет-Хан аға, ұлттық тәр­биеміздің осындай күй кешуіне қазақтың еліктегіш мінезі себепші ме, әлде сыртқы саясаттың әсері болды ма?
– Жұбан ағамыз айтқандай, бұл «мың өліп, мың тірілген қазақ» қой. Бұл қазақтың көрмегені, бастан кешпегені жоқ. Ұшы-қиыры жоқ жеріне, сансыз малына көз алартпаған көршілес ел болмады. Сол кездердегі жігері мықты батырлардың білек күшімен жерімізді, ұлтымызды сақтап қалдық. Бірақ 1733 жылы Ресейге өз еркімізбен қосылған­нан бастап еліміз аумағына қарашекпен­ді­лер келе бастады. Олармен бірге импе­риалистік орыстандыру саясаты да кел­­ді. Кез келген басқыншылық саясат сияқ­ты, Ресейдің саясаты да қазақтың тари­хын, дінін, салт-дәстүрін, тілін құртуға бағытталды. Тарихты бұрмалап, жер атауларын орыстандырды. Дінге қар­сы атеистік саясат жүргізді. Салт-дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп халықтың сана­сынан шығарды. Орыс әліпбиін енгізіп, орыс мектептерін ашып, тілімізді шұбар­ландырды. Алаш арыс­тарын «халық жауы» деп, тарих парақтарынан өшірді. Содан келіп орыстың ұлыларын ұлықтадық. Өзіміздің қасиетті, ұлы баба­ларымызды ұмыттық. Македонскийді бәрі­міз біле­міз, ал қолбасшылығы, ерлігі одан он есе артық Мөде ханды білмейміз.
Әрине, бұл саясаттың етек жаюына қолшоқпар болған, жігерсіз, жағымпаз қауым да пайда болды. Орыс қыздарына үйленді. Балаларын орыс мектептерінде оқытты. Сол жігерсіз қауымның ұрпақтары бүгінге жетіп, тілін, туған халқының салт-дәстүрін, ұлтын менсінбей, «қазақ емес, «қазақстандық» деген ұлт болайық» деп өздері шатасқандарымен қоймай, елді де шатастырып жүр. Бұлар – нағыз тексіздер.
– Совет-Хан аға, қазақ осы «тегіне қара», «тексіз жерден қыз алма» деп жатады. Сіздің ойыңыз­ша, тектілік деген не? «Текті» деп кімді айтамыз?
– Қазақ халқы – текті халық. Біздің қанымыз таза. Өйткені біздің халық – жеті атаға дейін қыз алыспай, ұрық тазалығын сақтаған халық. Тектілікті ұғыну үшін ұрық тазалығын түсіну керек. Ұрық тазалығын түсіну – адамдықтың мәйегін кірлетпеу ғана емес, сонымен қоса оның тегіндегі бекзаттығын және тұқым қуалаумен қалыптасатын күллі туа пайда болатын қасиеттерді сақтау. Тек дегеніміз – өмір кілтін сақтаушы құдірет. Ал ол құдірет те ұрықтың ішінде орналасатынын білгеннен кейін ұрық тазалығының мәні теңдессіз екендігіне кім дау айта алады?!
Бүгінде ұрық тазалығы сақталмауының салдарынан тектілік жойылып барады. Жанның он екі арнасының жабылуынан ұрығы, рухы таза адамды емес, қалтасында ақшасы, қолында билігі бар адамдарды текті деп шатасып жүрміз.
– Сөз соңында алып-қосарыңыз бар ма?
– Айтатын әңгіме әлі көп. Бірақ екі ауыз сөзбен қорыта айтарым: еуроцентристік педагогикадан, психологиядан арылып, ұлттық этнопедагогиканы, ұлттық тәрбие­ні қолға алмайынша, көсегеміз көгер­мейді. Әл-Фараби бабамыз: «Егер де адам баласына тәрбие бермей, білім мен ғылым берсең, ол жүрген жеріне апат әкеледі», – дейді. Міне, тәрбиенің маңыздылығын осы бір ауыз сөзден ұғуға болатын шығар.

Датым...
– Үш жүзге бөліну қазаққа қашанда қасірет әкелері сөзсіз. Күншілдер бізді «ана жүзсің, мына жүзсің» деп мадақтаған болып, бір-бірімізге айдап салып отырғанын біз әлі ұқпай келеміз.
Егер қазақ халқын гауһар тасқа теңесек, «жүз» деген – гауһар тасқа түскен құрт. Түптің-түбінде бұл гауһар тасты жарып шығып, быт-шыт қылады. Ал рулықты сақтау – генофонды сақтау.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста