Ұлт мүддесі үшін жасалатын дүниелердің бәрін мемлекет толықтай қаржыландыруы тиіс

Ұлт мүддесі үшін жасалатын дүниелердің бәрін мемлекет толықтай қаржыландыруы тиіс

Болатхан МАХАТОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚР АШҒ академиясының корреспондент-мүшесі:

– Болатхан мырза, сіз ауыл шар­уа­шылы­ғы саласының ғалы­мысыз. Біз­дің тағы бір білетініміз: сіз бір кездері Физиология институтын бас­қардыңыз. Сондай-ақ адам ге­не­тикасы және фи­зио­логиясы төңі­регінде ізденіс­теріңіз бар екенінен хабардармыз. Сон­дық­тан бүгінгі әң­гі­мені адам генетикасы және фи­зиоло­гия­сы төңірегінде өрбіт­сек. Ал­ғашқы сұрақ: соңғы кездері әлем ға­лым­дары арасында талас ту­ды­рып жүр­ген ген­дік модифи­ка­ция­лан­ған өнімдер жай­лы не айтасыз?
– Бұл – ғылыми тұрғыдан әлі толық зерт­теліп, нақты тұжырымдалмаған мәсе­ле. Гендік тұрғыдан оның тереңіне үңіліп, болашақ ұрпаққа әсері қандай болатыны әлі зерттеліп, зерделенген жоқ. Сондықтан бұл сұраққа «иә» не «жоқ» деп үзілді-ке­сілді, біржақты жа­уап беруге болмайды. Ал бұл мә­селеге қатысты өз ойымды айтар бол­сам, ме­ніңше, қазір бұл мәселе төңі­регінде пай­далы, зиянды деп айтылып жүрген әңгімелердің ғылыми негізінен гөрі қар­жылық негізі басымырақ деп ой­лаймын. Қазіргі таңда осындай өнім шыға­рып, пайдаға кенеліп жатқандар, әрине, пайдалы дейді. Ал екінші жақ зиянды дейді. Бірақ екі жақтың да сөз­дері әзірге ғылыммен дәлелденген жоқ. Мұның бәрі  – қазірше болжам ғана.
Мен осы мәселеге қатысты өз ойым­ды ғы­лыми көзқараспен таратып, жеткізіп кө­ре­йін. Жалпы, адам табиға­тын­да тағамдық тіз­бек (пищевая це­поч­ка) деген ұғым бар. Яғни ішкен-же­ген тамағымыз сол тізбек ар­қылы өтіп, қорытылып, ағзаға қуат бо­лып сіңеді. Бұл тізбектің басында адамзат тұр. Та­би­ғаттың кез келген нәрсенің тепе-тең­дігін сақтап тұратын қарсы жағы бар. Мы­салы, гендік модификацияланған өнім тағамдық тізбектің бір жеріне барып енді делік. Яғни тағамдық тіз­бектің сол тұсында өзгеріс болады. Енді адам ағзасы сол өзге­ріске бейімделуі немесе оған қарсы тұруы керек. Демек, адам ағзасында сырттан қо­сыл­ған бөгде организмге қарсы күресетін та­би­ғи өзгеріс болады. Дәл сондай құбы­лыс гендік модификация­ланған өнім­дерді пайдаланғанда да орын алады. Мұның зиянды жағы неде? Бұл сұрақ­тың жауабын мысалмен айтайын. Адам­зат ауруға қарсы тұру үшін, соған қарсы дәрі-дәрмек ойлап табады. Ау­ру­ға қарсы дәрі-дәрмекті (вак­цина) ағ­заға жібереді де, сол арқылы ауы­ру­дың алдын алады немесе емдейді. Ал сол дәрі ағзаға барғанда табиғат соған қар­сы микроорга­низ­мнің өзге, жетіл­ген формасын жасай­ды. Енді бүгінгі қолда­ныс­тағы дәрілеріміз­дің жаңа пайда болған микроорганизм­дер­ге кү­ші жетпей қалады да, біз енді жаңа дәрі жасауға мәжбүр бо­ла­мыз. Ал табиғат оған тағы қарсы тұрады. Осылай про­цесс жалғаса береді. Біз өзіміз жасай­тын дәрі-дәрмекке жауап беруіміз мүм­кін, ал табиғаттың оған қарсы не жа­сай­тынын білмейміз. Біз оны игере де ал­маймыз. Мұның ең қауіпті тұсы – осы. Сө­зім дәлелді болу үшін бір қара­пайым мы­сал келтірейін. Орта буын қауым пеницил­линді жақсы біледі. Пе­ни­циллин – бұл ан­тибиотик. Антибио­тик, яғни тіршілікке қар­сы. Қазір қол­да­ныста жоқ. Неге? Өйт­ке­ні адам ағза­сында пенициллинге қарсы тұра­тын микроорганизмдердің күрделен­ген жаңа формалары пайда болды да, оған пенициллиннің күші жетпей қалды. Содан соң ғалымдар пеницил­линнен күш­тірек дәріні ойлап табуға мәжбүр болды. Көріп отырғанымыздай, адам баласы қан­дай да бір бөгде ор­ганизмді ойлап тауып, ағзаға енгізер бол­са, табиғат міндетті түр­де оған қар­сы тұрады. Ал табиғаттың қан­дай ше­шім шығаратынын ешкім болжай ал­майды.
– Өзіңіз де білесіз, қазақ ежел­ден доңыз етін «харам» деп жеуге тыйым салған. Кейбір тұжырым­дар «доңыз етін жеген адамның мінез-құлқы до­ңыз­ға ұқсап кете­ді» де­ген­ге саяды. Жал­пы, жеген тағам адам генінің өзге­руіне не­ме­се мі­нез-құлықтың қалып­та­суына қан­дай да бір әсерін тигізуі мүмкін бе?
– Мен осы жерде қазақтың не айтса да қалыс айтпайтынын, даналығын тілге тиек еткім келіп отыр. «Ас – адам­ның арқауы» дей­міз. Арқау, яғни дің­гек, күш-қуат. Та­мақ – ол химиялық, органикалық, бейор­га­ни­калық заттар­дың жиынтығы. Ол зат­тар ішке барған соң организмдегі қышқыл­дардың әсе­рінен ыдырап, микроорга­низм­дер ол заттарды ағзаға сіңіреді. Адам­ға күш-қуат береді. Қазақ неге доңыз етін жеу­ге тыйым салды? Өйткені доңыз еті сі­ңім­ділік жағынан ең ауыр болып табы­лады. Себебі доңыз майында қаныққан ам­мин қышқылдары көп. Ал қаныққан майлардың қорытылуы ауыр. Бүгінгі за­ман­да ол ғы­лым­мен дәлелденген. Яғни ас­қазан қорыт­паса, адам ауыруға шал­ды­ғады. Осыны да­на қазақ ежел­ден-ақ біл­ген. Енді «доңыз етін жеген адамның мі­нез-құлқы доңызға ұқсап кетеді» деген сөз­ге келсек, ол кезде ғылым да­мы­маған, ал адамдарға оның зия­нын түсіндіру қиын болды. Сондықтан до­ңыз етін пайдалануға тыйым салу үшін «доңызға ұқсап кетесің» деген сөзді ұтымды пайдаланған сияқты. Негізі, шошқа не бол­са соны жей береді. Сон­дықтан ол әр­түр­лі ауруға шалдыққыш және ауру тасымал­даушы болған. Осы­ны білген атам қазақ доңыз етін жеуге тыйым сал­ған. Әрине, бір кезеңде до­ңыз майын тех­нологиялық өңдеуден өткізіп, шұжыққа пайдаланып келді. Өйткені доңыз майын­сыз шұжық жа­сауға болмайды деген пікір болды. Ал қазір доңыз майынсыз-ақ шұ­жық жасауға болатынын білдік. Бүгінде түйе өркешінің пайдасын ғылыми тұрғы­дан зерттеп, оны шұжық жасауда доңыз ма­йының орнына пайдалану қолға алын­ды. Қазір халал шұ­жыққа түйе майы қол­да­нылып жатыр. Ме­ніңше, бұл – өте дұрыс, ұтымды шешім.
Біле-білсеңіз, бұрын көп халық жыл­қы етін жемейтін. Қазір бүкіл әлем оның пай­дасы мол екенін мойындап, етін, қымызын пайдаланып жатыр.
Мен ғалымдардың бүгінгі таңда қа­зіргі дамыған технологияның көме­гі­мен зерт­теп, ашқан жаңалықтарын ықы­лым заман­да-ақ біліп, бірауыз сөз­бен айтып кеткен қазақ даналығына қайран қаламын.
Жалпы, жеген тағамның адам ағза­сы­на, генетикасына, физиологиясына ті­ке­лей болмаса да, жанама әсері бар екенін ұмытпаған абзал.
– «Әкеге тартпай ұл тумас...» деп жа­тамыз. Десек те, бір отбасында туып-өскен, тегі бір балалар әртүрлі бо­лып өседі, сонда мұның сыры неде?
– Негізі, адам баласы әкесіне, ата­сына, нағашысына, бір сөзбен айтқан­да, тегіне тартып туады. Бірақ тіршілікте екі ұғым: жақсы мен жаман қатар, те­пе-тең жүреді. Әңгіме сол екі ұғымның қайсысының да­муына көп мүмкіншілік жасалады, сол ба­сым­дыққа ие бола­ды. Мәселен, үйіңізде бес бала өсті де­йік. Олардың қабілеттілігі тегіне қарай бірдей болуы мүмкін. Ал сол қабілет алған тәрбиеге, ортаға қарай әр­түрлі болып дамиды. Мысалы, бұлақтың кө­зін қанша ашсаңыз, су сонша көп аға­ды. Баланың өсіп, қалыптасуы да сол сияқ­ты. Бірінші баланың тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, толық тәрбие бе­ре­сіз. Ал екінші ба­лаға келгенде сол уа­қыт екіге бөлінеді. Со­лай-солай, бесінші балада тәрбиелік уа­қыт беске бөлінеді. Міне, енді ол бала от­басында ала алмаған тәрбиенің орнын өз орта­сынан алып, толтырады. Ал бала қан­дай ортаға түсті, ол жерден қандай тәр­бие алды, мәселе – осында. Сон­дық­тан тегі бір болғанымен, әр балада әртүрлі мінез қа­лып­тасуы осыдан деп ойлаймын.
– Біздің халықта қаны бұзық де­ген сөз бар. Ол сөз аса қатыгездік жа­са­ған адамдарға қаратып ай­тыл­ған. Бұрын ондайлар қазақ ара­сында өте сирек болған. Өйткені қазақ – жеті ата­ға дейін қыз алыс­пайтын, қаны таза бірден-бір ха­лық. Алайда «Жақсыдан жаман туса да тартпай қоймас негізге», – дейміз. Яғни бала негізіне тартып туа­ды деген сөз. Олай болса, қаны таза қа­зақ жастарына қатыгездік қайдан келді? Олардың гені өзгеріп бара ма?
– Өте бір жақсы сұрақ қойдыңыз. Мен бұдан екі жылдай бұрын да бас­пасөз құра­лына берген бір сұхбатымда «қазақ әлем­дік биология ғылымына қандай кере­ме­ті­мен ене алады, қандай бренд қалып­тас­ты­ра алады?» деген сауал төңірегінде ой та­рат­қан едім. Сонда «қазақ қан тазалы­ғы­мен әлемді мойындата алады» деп айт­қан­мын. Расымен де, қазақ – жеті атаға де­йін қыз алыспайтын, жер бетіндегі қаны таза бір­ден-бір халық. Осы тұста неге жеті ата, не­ге алтау немесе сегіз емес деген са­уал­дың туындауы орынды. Оның жауабы бү­гін­де ғылыми түрде дәлелденді. Өйткені жеті атадан кейін қанның ұқсастығы мүл­дем жойылады (яғни ДНК сай келмейді). Ал мұны қазақ қайдан білді? Осы тұста қа­зақ­тың тағы да даналығын айтпасқа бол­мас. Таби­ғатпен етене жасасып келген қа­зақ қан тазалығы болмаған жерде имму­ни­тет әл­сіреп, адам организмінің ауруға қар­сы тұра алмайтынын ежелден білген. Ол қазір ғы­лыммен дәлелденіп отыр. Ал қазақ халқы оны табиғи ортада жан-жан­уар­лардың тір­шілігін бақылау ар­қылы анықтаған.
Жеті атаға дейін қыз алыспаудың қазақ үшін тағы бір пайдасы – осындай ұлан-асыр жерге иелік ете отырып, тілді сақтап қалуында. Жақын отырған рулас ауылдар жеті ата арасында қыз алыспауды сақтап, қашық жатқан ауыл­дармен қыз беріп, қыз алысты. Бір­тұтас тілді, біртұтас ұлтты сақ­тап қалу­да мұның қазақ үшін пайдасы орасан болды.
Ал енді бүгінгі жастардың қатыгез­дігіне келер болсақ, менің ойымша, мұның гене­ти­калық себептерінен гөрі әлеуметтік-пси­хологиялық себептері басым. Бүгінгі жас­тар дегеніміз кімдер? Олар 80-жыл­дардың соңы мен 90-­жыл­дарда туған жасөспірім­дер. Яғни өтпелі ке­зеңде өмірге келген ба­ла­лар. Ал ол ке­зеңнің қандай қиын бол­ғаны бәрімізге аян. Сол кезеңде күн көру, тамақ табу бас­ты мәселеге ай­налды. Аналар базар ма­ңын жа­ға­лап, ерлер жұмыс іздеп отба­сы­нан жы­раққа кетуге мәжбүр болды. Бала тәр­биесі мүлде ұмыт қалды. Шетелдерден жастардың санасын улап, қатыгездікке тәр­биелейтін дүниелер еш кедергісіз еліміз аумағына лек-легімен ағылып кірді. Отбасында берілмей бос қалған тәрбиенің орны осылармен то­лықты. Жаһандану де­ген жалмауыз есігі­мізден кіріп, төрімізден орын алды. Осы­ның салдарынан қатыгез жастар қатары көбейді.
Құдайға шүкір, бүгінде етек-жеңі­мізді жинадық. Сондықтан енді ұлттық тәрбиеге баса назар аударуымыз қа­жет. Қазіргі кез­де «ұлттық дүниені көп­шілік оқымайды, көп­шілік көрмейді» деген ой қалыптасқан. Ол – дұрыс емес. «Теледидардағы ұлттық бағ­дар­ла­ма­лар қаржылық тұрғыдан өзін-өзі ақта­майды, ондай бағдарламаларға жар­на­ма берушілер табылмайды» дегенді естіп жатамыз. Менің ойымша, ұлт мүд­десі үшін жасалатын дүниелер­дің бәрін мем­лекет толықтай қаржы­лан­дыруы тиіс. Олар­ды жарнамаға тә­уелді етіп, жалтақ­та­ту­дың қажеті жоқ. Егер ұлттық тәрбиені жол­ға қояр бол­сақ, онда жас­тар арасында қа­ты­гез­діктің күрт азая­тынына кәміл се­немін.
Қазір жастардың тәрбиесін бұзатын жаһандану процесі жүріп жатыр. Ол – баз бір елдердің әлемге үстемдік ор­на­туға талпы­ны­сынан туған дүние. Жа­һан­дану – біртек­тілікке бастар жол. Егер біз жаһан­данудың жетегінде кет­сек, ол жақсылыққа апар­ма­сы анық. Адамзат Вавилон тари­хынан са­бақ алуы тиіс. Біртілділік, біртек­тестік про­греске апармайды. Сондықтан да Алла та­ғала біртектілікті жойды. Көптек­тілік пай­да болды. Адамзат соның арқа­сында да­мып келеді.
Мен жастармен тығыз жұмыс істей­мін. Менің байқағаным: қазіргі жас­та­рымыз жаман емес. Мен олар­дың тал­пы­ныс­та­ры­на риза боламын. Олар жа­ңашыл­дық­қа ұм­тылып тұра­ды. Тек біз оларға дұрыс бағыт беріп, ұлттық тәрбиемен сусын­да­туымыз керек.
– Қызтеке деген ұғымның бая­ғы­дан бар екенін өзіңіз де жақсы білесіз. Бұл – тіршілікте бірен-саран кездесетін табиғи ауытқушылық құ­былыс. Алай­да соңғы кездері мұн­дайлардың қата­ры көбейіп, тіпті біржыныстылар от­ба­сы құра бас­тады. Сондай-ақ бұрын ес­тіп-көр­меген педофил деген шық­ты. Жал­пы, мұндай құбылыстарды био­лог маман ретінде немен тү­сін­дірер еді­ңіз?
– Мен таяуда бір малайзиялық үл­кен ғалыммен сөйлестім. Ол елде де осындай құбылыс етек алып кеткен екен. Ол өз ел­ін­дегі осындай құбылыс­тың қанат жайып бара жатқанын жер­гі­лікті халықтың күн­де­лікті жейтін таға­мымен байланыстырады. Оның айту­ынша, Малайзия халқы сырттан әке­ле­тін тауық етін өте көп пайдаланатын кө­рі­неді. Ал ол тауықтар қолдан азық­тан­ды­рылады. Оларға жем ретінде өл­ген құс­тардың етін, сүйегін кептіріп, ұн­тақтап бе­реді екен. Байыптап қара­саңыз, бұл – кан­ни­бализмнің бір көрі­нісі. Маманның ай­туынша, осындай жем жеген тауықтардың генінде өзге­ріс болып, ол қандай да бір дәре­жеде адамның болмысына әсер етеді.
Ал біздегі жағдай қалай? Қызтеке де­ген – адамның табиғи болмысында жүз мың­нан біреуде кездесетін, хро­мо­сомалық ауыт­қушылықтан пайда бола­тын ауру. Ал соң­ғы кезде мұның кең етек жайып бара жатуының астарында әлеуметтік себептер жатыр. Адамзат болмысында ер адам – асы­раушы, әйел – отбасын күтуші. Ауыр жұ­мыс іс­теу еркекке тән. Соның арқасында ер адам бойында еркектік гормондардың бел­сенділігі артады. Өкінішке қарай, бү­гін­гі таңда ерлердің жұмыссыз қалуы, бір ор­ын­да отырып, ой жүйесімен атқа­ры­ла­тын жұ­мыстарды істеуі ер-азамат­тардың бо­йын­дағы еркектік гормон­дардың бел­сен­ділігінің әлсіреуіне әке­ліп соқтырып жатыр.
Осындай жағдайды зерттеп жүрген әлем ғалымдары Африка елдерінде мұн­дай мәселенің жоқ екенін айтады. Өйткені ол елдердің халқы табиғи та­ғам­мен қо­рек­тенеді. Әліге дейін ерлер қолына кет­пен алып, жер жыртып, қару ұстап, аң аулай­ды. Онда ерлер мен әй­ел­дер табиғат таңып берген өз мін­дет­терін атқарып, өз орындарында отыр.
Ал қазір біздің елде әйелдердің бел­сен­ділігі артып бара жатқаны бай­қалады. Қай салада болмасын, әйел­дердің үлес салмағы басым болып ба­ра­ды. Бұрын мал шаруашылығы ин­сти­тутының бір тобында екі-үш қыз оқы­са, қазір керісінше, үш-төрт қана ұл бала бар. Барлық оқу орындарында да жағдай осыған ұқсас.
Қазір біз гендерлік саясат деп қыз­дар­дың иығына артылған жүкті көбей­тіп жа­тыр­мыз. Мен әйел адамдардың жұмыс іс­те­геніне қарсы емеспін. Бірақ табиғат ер мен әйелдің өмірдегі орнын анықтап қой­ған. Ең алдымен, адам та­биғат артқан сол міндетті атқаруы ке­рек. Не десек те, таби­ғатты алдай ал­май­мыз. Жаратылыстың заң­дарына қар­сы шығып, бұзуға бол­май­ды. Таби­ғат заңын ескермей бұзар бол­сақ, оның соңы немен бітері белгісіз.
– Соңғы жылдары жап-жас жігіт-қыздардың беліне жарылғыш зат бай­лап, өзін-өзі жарып жіберіп, өмірден озып жатқанының куәсі болып жүрміз. Сондай-ақ кей азамат­тарымыз сек­таға кіріп, бар дүние-мүлкін соларға тарту етіп жатқан жағдайлар кездесіп жата­ды. Олар мұндай әрекетке наным үшін бара ма, жоқ, әлде оның физио­ло­гиялық себептері бар ма?
– Адамды зомбиге айналдырудың пси­хологиялық және физиологиялық жол­дары бар. Дәрі-дәрмек, физика­лық толқындар арқылы адамды ерік-күшінен айыруға болады. Мәселен, сектаға кірген адам неге бар мал-мүлкін соларға бере салады? Себебі сектаға кірген кезде мін­дет­ті түрде қасиетті су ішкізеді. Ал ол суға адамды ерік-жігерінен айыратын дәрі қо­сады. Суды ішкеннен кейін-ақ адам солар не айтса да мүлтіксіз орындай береді.

Алашқа айтар датым...
Қазір бедеулік жасарып, жастар арасында көбейіп барады. Оның себебін кей мамандар қоршаған ортамен, тұтынып жатқан тамағы­мызбен байланыстырады. Олардың да үлесі бар шығар. Бірақ, менің ойымша, оның ең басты себебі ұлттық тәрбиенің әлсіреуінде жатыр. Мұны негізсіз айтып отырған жоқпын. Қазіргі қоғамды жоғарғы өркениет деген жалған ұғым жайлап, нағыз мәдениетсіздік тамыр жайып келеді. Қазір газет бетінен, теледидардан жалаңаш дене көрсек, денеміз шімірікпей, жайбарақат қарап отыра береміз. Қазір мұндай көрініске етіміз өліп кетті. Селт етпейміз. Еш қымсынбастан көше ортасында қыз бен жігіт аймаласып, сүйісіп тұра береді. Адамның иығында, ернінде қоздыратын тактилдік нүктелер бар. Мұндай сәтте еркектік гормондар ұрық бөліп, ол қалташаға жиналады. Ал ол ұрық шықпаған соң іште өледі. Өлген соң ол белоктар токсинге айналады. Токсинге айналған соң, ол қасындағы сау ұрықты да улайды. Оның салдары бедеулікке апарады. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін ұлттық тәрбиені мықтап қолға алуымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста