Мәдениеттің өскені ел-жұрттың, әлеуметтің жаңа рухының өскені деп бағалаймын

Мәдениеттің өскені ел-жұрттың, әлеуметтің жаңа рухының өскені деп бағалаймын

Надежда ЛУШНИКОВА, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражай директоры, ақын:

«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы

«Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы
Авторы: Едiл Анықбай
Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сәрсенбі күні сағат 14:05-15:00

– Надежда апай, әңгімені халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтан бастасақ...
 – Мен Үмбетәлі ауылына келін болып түскен адаммын. Келін болып түскенімде Үмбекең бетімді ашты. Ал Үмбекеңнің ал­ғаш есімін 1964 жылы Шымкентте өткен өлкелік айтыста естідім. Әбділда Тәжібаев ол кезде – айтыс төрағасы. Сонда ақын Ес­дәу­лет Қан­деков қалтасынан төрт бүктел­ген қағазды алды да, маған ұсынып: «Мы­наны Үмбетәлі ақын беріп жіберді. Өзі келе алмады», – деді. Ол қағаздың ішінде Үмбекеңнің «Ақындарға арнауы» жазылған екен. Арнау жақсылап тұрып орындалды. Кейін келін болып түскен уақытта, жарты жылдан кейін айтысты көтере бастадық қой. Мына Үлкенсаз жайлауында шо­пан­дардың орта­сында үлкен айтыс өткізілді. Сол жерде Жәнібек Карбозин­мен айтыстым. Үмбекең мен түскен үйге күйеу болып келеді екен. Күйеулігі жақын, еркелеп отырады екен ел-жұртына. Содан айтыс болды, онда ірі халық ақыны Әсемхан Қосба­саров екеуміз жеңіске жеттік. Сол кезде Алмабай деген атам болды, соның бау-бақшасында Үмбе­кең бір ай өлең айтты. Қаражорға десе, Қаражорға екен, бір сөзін қайта­ламай, бір ай бойы өлең айтты. Не деген зор дауыс! Өзі – кішкентай ғана қаршы­ғадай кісі, іші толған – жыр. Ондай кісілер­ді көргенім сол еді. Сол кісілерден естіге­нім­ді, көргенімді өз жадыма түйдім. Тіпті Алмекең үйіне шақырған уақытта, екі кемпірі бар, үлкен апа, кіші апа дейміз, олар тамақ дайындап жатқан­да шежіре жазғызып қоятын: «ана ауыл­да мынадай адам бар, кетіп бара жатқан жолда Бес батыр мен Сәуе­гей Өте­міс жатыр, біліп қой, сол жерлер­ді мал аяғы баспасын, жа­ны­на ештеңе екпе­сін» деп. Кейін  қоршауын жасаттық. Бір кездері Шолақ­қарғалыдан кіші Жібек жолы өткенін де айтқан еді. Көп нәрсе айтып кетті. Үмбекеңмен дос болдық. Сол кісіден жазып алған төрт-бес әнді әлі пайдаланамыз. Үмбекең Жамбыл-Жәкемнің жанында 42 жыл жүрген. Бүгінгі Үмбетәлі ауылынан Үмбе­кеңе лайық мұражай аштық, оны қолдан сал­дық. Ішіндегі орысша-қазақша шығар­ма­ла­рым – бәрі көкірегімнен шықты. Мен оны қолыма алғанда 32-ақ заты бар екен. Со­дан көп нәрсені жасадық. Өзбекәлі Жәнібеков басында бол­ды. «Шап» десе, шабамыз, «тап» десе, та­ба­­мыз. Халықтың қазынасы әлі де мол екен. Тіпті 1916 жыл­ғы жағдайды ізде­ген­де, бір үйден кәдімгі сек­сеуілдің бе­зі­нен жасалған шоқпарды әкел­ді. Тағы да бір үйден, «мынау – 1916 жылдың дү­ниесі» дейді, теріден жасалған кішігірім дауылпаз, орысша «барабан» дейміз ғой, соны әкел­ді. Сондайды ұстап алып, ұрып өтеді екен. Ол «тыныштал, батыр сөйлейді» де­ген­ді білдіреді екен. Оны да алдық мұражайға. Жәкең қайтыс болған уақытта қырғыз ақындары келіп, Жәкең­нің мола­сын ашың­дар, өлгені шын бол­са, қырғыздарды шақырмауы мүмкін емес дейді. Ол кезде өкімет басшысы – Жұмабай Шаяхметов. Жәкеңді жер қойнына салуды басқарып М.Әуезов жүр. Ол кісі жас, қап-қара бұй­ра шашты, мүсін­ді. Содан екі елдің орта­сы қалай болар екен деген де ой бол­ған-ды. Сонда Үмбе­т­әлі таңнан кешке де­йін жоқтау жырын айтқан екен. Содан, әй­теуір, ел-жұрт көз жасын сүртіп, риза бо­лып, Жәкеңді жер бесігіне жіберді. Осын­­дай оқиғалардың куәсі бола ала­тын заттар мұражайда бар. Мәселен, Қырбай сал сияқты, 1936 жылы қуғын көріп, қамалып, қиналған Сағым­бек, Қанатберген аға бар,  бұлар – біздің ауылдан. Не болмаса Орын­бай Жәдіков сияқты соғысқа барып, өлеңін айтып, әнін де шығарған адамдар­дың өмір деректерін, реті келсе, артына қалдырған мұрасын жинадық.
1982 жылы Мәскеуде өнер мен әде­биеттің онкүндігіне бардым. Оның алдын­да бір қызық болды: түсіме Жәкең кірді. Бейітінде ақ боз киім, бөркімен отыр екен. «Надежда, мына домбыраны күйге келті­ріп берші», – деді. Сосын домбырасын ал­­­сам, бір шанақ, екі басы бар екен, бұ­рай­­­тын құлағы – біреу, пер­нелері күміс екен. Сосын «ойпырым-ай, мына домбы­ра­ны қа­лай тарт­қан» деп, ақырын ғана күйге келті­ріп, қолына бергенде, қасына кішкен­тай қыз жүгіріп келіп, етегінен тартады, сол кезде ана кісі «Құ­лақ» күйін шерте бастады. «Маған батаң­­ды берші» деп жақтырмай қарасам, ол кісі: «Надежда, мен саған жо­лым­ды бе­ріп едім ғой, сен бата ғана сұрап тұрсың», – дейді. Тура сол кезде оянып кеттім. «Бісміллә» деп тұрдым да, жеті шелпек пісі­ріп, тараттым. Сағат 11.00-де жедел­хат келді өнер мен әде­биет­тің онкүн­ді­гіне барасың деген. Содан Мәскеуге бардық. Фадеевский залында үлкен кез­де­су өтті. Сонда «бір ғана орысша аударма өлең­­ оқисыңдар» деді. Мен дом­бы­­рамды көтеріп барғанмын. Бес-алты орыс­ша өлеңіміз бар. Күнде-күнде орыс­ша­дан ау­дарған бес-алты өлеңді оқып-оқып, ша­р­­­шадық. Содан домбы­рам­ды ұйғыр жазу­шы­сы Фихмет Абдул­лин көріп: «Надежда, нам только домб­ры не хвата­ла», – деді. Сосын ақырын ғана күйсан­дықтың артына тығып қойдым да, шығарда бір-ақ алып шық­тым.
Айнала отырғандар – төркіндерім,
Қызыл гүл – қызғалдақтай көркінде­мін.
Негізге кісі тартпай қоймайды екен,
Қарашы, ей, тұтануын өр кеуденің!
Қарашы, ей, түйдек-түйдек сөз келгенін,
Қарашы, ей, Надежданың өзгергенін!
Жамбылдың ауылынан келіп тұрмын,
Өлеңнің мініп алып боз інгенін, – деп жыр төгіп жібердім. Сенсеңіз, жұрт менің өлеңімнен кейін орындарынан тұрып, қол соқты. Бұл қазақ сөзінің үл­кен құдіреті ғой. Содан қолтаңба беру басталды. Үш адам есімде қалыпты. Біреуі – Берлин деген қыз. «Екеуміз соғыс кезінде бірге туған екенбіз» деп жазып бердім. Содан кейін бір шал келді, үлкен кісі екен. «Бүгін неме­ре қызым егіз ұл туды. Маған мына кітапқа жазып бер», – деді. «Орысша жаза ал­маймын, қазақ­ша ғана жазамын», – де­дім. Ол кісі: «Дочка, я в этом зале слушал Жамбула», – деді. Содан екі ауыз сөз жа­зып беріп едім, қуанып, ол кісі кетті. Бір кезде әдеміше бір кісі келді. «Амансың ба, қа­рын­дас?» – деп қазақша амандасты. «Менің балала­рымның аузына түкіріп бересің бе?» – деді.
Сосын ары-бері қа­рай­мын. «Бала­ла­рыңыз қайда?» – деп едім.

Кейінгі жігіттерге, қайныларыма, ел басқарған азаматтарға бағыштаған сөзім бар еді. Меніңше, бұл ойымдағы дұрыс айтқаным деп бағалаймын:
Еміп бір жүрген еңбегім,
Қарашаң бар, төрең бар.
Әділдік бар, әділет,
Отаның бар, өрең бар.
Қазақ дейтін қауымда
Сенім – бір де, талап – бір.
Алалық жоқ, ақ мейір
Елбасына тарап тұр.
 Өткенге бола өкінбе,
Ертеңге бола қам жаса.
Шалқая бермей, сіз, біз де,
Тумасқа зар күн қам жаса.
Сын сағатта қалған жоқ
Тәңіріміз илікпей.
Төгіле қоймас ұйытқымыз,
Дүрдара ыстық килікпей.
Аяз бидей әкімді
Ел қақпайлап, шеттетпес.
Ықпалды кісі сөзге ермес,
Билігі оның шеттелмес.
Майталман жігіт ұлтжанды,
Аяғынан шалынбас.
Емін-еркін тізгін бер,
Армансыз жансын жалын жас.
Башпайдан қағып тектіні,
Кері тарта, болма бақ құмар.
Шынайы асыл арыссыз,
Тартылып нәсіп, тақ құлар.
Татулық пен тұтастық –
Асқақтықтың өлшемі.
Екі туып, бір қалса,
Оралар бағы өшкені.
Ағасын төрге оздырған
Ініні білгір кісі де,
Аласармас сыйласса,
Ұлы жүз, орта, кіші де.
Ай мен күні оң туар,
Үшеуі тапса жарасым.
Атадан мұра кішіге,
Ағалық енші жанашыр.
Жақсының аты сан ғасыр
Жүрегін жұрттың тербесе.
Жігітті жігіт, жарасар,
Батырым  десе, ер десе.
Тағдырдың жазған талайы,
Арбадағы бөтен ел
Безбенге түскен қазақтың
Еңсесін демеп көтерген.
Ұраны – Алаш, жақсысыз,
Жер бетіне көшер ме ек.
Ұрпағы өсіп, көгерсін,
Жаңбырдай жауған нөсерлеп.
Бесік кеуде жігіттер
Қойған ба тартпай  бабаға!
Ар-намыстан жаралған,
Тіл, діні түспес саудаға!

«Міне тұр», – дей­ді. Қа­ра­сам, соқтал­дай-соқталдай екі жігіт тұр. «Әй, аға, жұ­ға қояр ма екен осыларға», – деп күл­дім. «Біреуі – Станислав, біреуі – Бек­тұр. Саған жезде бо­ламын, соғыстан кейін осы жерде қал­ған адам­мын. Мынау  – Валентина деген жол­да­сым», – деді. Содан кейін: «Әкемнің ама­­­наттайтын жаз­балары бар еді қолымда. Соны мұражайға апарып, та­быс қыл», – деді. Арабша жа­зыл­ған дәптер берді. «Жарайды, аға!» – деп, дәптерді ал­дым. «Аты-жөнім – Жапатай Сейдахмет Бозынбекұ­лы», – деді. Содан екі жыл­дан кейін мұражай ашатын болдық, мұрағатты қараймын, енді ана кісіге телефон шалып хабарлассам, қайтыс болған екен. Сөйтсек, ол кісі Қырбай сал­дың ұлы екен. ҰҚК-да істей­тін кезі. Мұнда келсе, әкесінің мой­нынан жүк алынған жоқ, сол се­бепті ана жақта қалған екен. Тағдыр ­ғой! Сөйтіп, арабша жазылған шы­ғар­маларын қазақшаладық. Мына жақта­ғы туған-туысынан Сырбайдың баласы Шепен деген жалғыз бауыры бар екен. Оны тауып алып, суреттерін алдық. Бота­ның жүнінен тоқылған Қырбай сал­дың шапаны әлі күнге дейін мұражайда тұр. Ол – сері кісі. Ақ боз атқа мінсе, ақ жабу, ақ шапан киеді екен. Әсіресе  ақындарды жақсы көрген. Үмбетәлі сол кісілердің то­бын­да жүрген. Ол кісі Үмбекеңе күміс­­­тен жасалған бойтұма­рын да берген екен. Бір жағында – күн, бір жағында ай бар. Ішіне қалампырды салып қояды екен. Оны суы­рып алсаң, кәдімгі тіс шұқығыш, тамақ іш­кен­нен кейін, шайып жі­бе­­ріп, ор­ны­на сала­ды екен. Сөйтіп, ол кісінің баласын іздеп та­уып, таны­сып, «Ұр­пақ­тарға ама­нат» деген кітабын шығардық. Сосын ел-жұрты тойын жасап берді, Қырбай салдың ұрпақта­ры 150 үйден аспайды екен. Сон­дай мәре-сәре бір заман өтті.
– Мұражайда Үмбетәлі ақын­мен араласқан, қатысы бар адам­дар­дың заттары бар екен ғой...
– Талай дүние бар енді, айтып тауыса алмаймын. Осындай ке­ре­мет адам­дардың өнері, өмірі, өлеңдері кітап болып басы­лып, ел-жұр­тына рухани нұр болып шашы­лып, солай тіршілік жасап жа­тыр­мыз. Жеті­судың ақындығы бір жерде тұруы керек қой. Ал Үмбетәлі ақынның жүрген жері думан ғой. Жаңағы дауылпазды дудума деп атай­ды екен. Се­бебі баяғыда соғысқа ат­тан­ған­да да семсер, найзағай ұс­та­ған­дардың соңынан  дудума ұста­ған­дар шығады, сонда бір адам 100 адам­дай болып елес береді екен. Сол дуду­ма­ның біреуі мұражайда сақтаулы тұр.
– Ақындық қасиеті бар балалармен жұмыс істейсіз бе?
– Неге істемеске?! Балалармен жұ­мыс істегені­міздің арқасы: Үмбетәлі мұражайын аш­қан­да жыр мектебін, ақын­дық мек­те­бін аштық. Сабақтан тыс дема­лыстарда 217 баладан 30 баланы іріктеп алдық. Оларды шақырып алып, домбыра ұстауға, ақын­дық­қа, жаттауға бейімі бар – осылардың ішінен ақындыққа жараған төрт баланы алдық, қалғаны тер­меші, аталарының сөзін жаттай алатын, отырған жерін той-думанға айналдыратын өнерлі балалар болды. Жәкең, Жамбыл атамды ай­тамын, бүкіл дү­ние­­жүзіне танылар ма еді?! Ал енді Жәкеңнің нұрлы жолын Нұрекең жалғастырып кетті, әлемді аралап. Дүние­жү­зіне қанатын кең жайып, бүркіттей қа­зақ атын әлемге паш етті. Не деген жақсы­лық! Астананы көрдік, керемет жайнап, көркейіп келеді. Қазақтың бір жігіті дәл сондай іс атқарса, мына дүние жұмаққа айналар еді. Ол жұмаққа айна­лып келе жатыр қазір... Айнаға қарап сәнденбейтін әйел жоқ. Ол да болса жаңағы тұрмысы­мыз­дың бір өзгеріп, жа­ңар­ға­нын көрсе­теді. Бұл да бір мәдение­тіміздің өскені деп бағалаймын. Міне, мен 70-ке келдім, соның өзінде артқа тастаған үлкен жүгіміз бар. Енді, міне, сөзімізді тастап отырмыз, алтыны болса, теріп ала­тын ұрпақ қане?! 2011 жылды Жам­был атаның жылы деп атап, ақындар антоло­гия­сын шығардық. Жәкең­нің он шақты өлеңі еніп, Мұратәлі деген ата­мыз­дың да күй­лері нотаға түсірілді. Арғы-бергі сазгерлер­дің кітабы шықты нотасы­мен. Енді биік заман емес пе?!
– Надежда апай, бір кездері облысқа депутат болдыңыз. Ақын­дығыңызбен қоса, ел-жұрт­тың тұрмыс-тіршілігіне араласты­ңыз. Жамбыл ауданы халқының жағдайына, оның мәдени-рухани өміріне не айтасыз?
– Мәдениеттің өсуі өндірістік ауыл шаруашылығын биікке көтерді. Бір әтте­ген-айы: баяғыда қыс мезгі­лінде «ана қой не болды, мына қой не болды, туыт басталды» деп аласүргін болып жататын Жамбыл ауданы миллион қойды қыстата­тын. Сол мил­лион қой­дың дәуірі кішкене саябыр­сып қалды. Ал қазақтың мынадай кең даласының үлкен байлығы – төрт түлік малы. Сол кезде Қо­наев ақса­қал: «50 млн қойдың дәуірі болса, шіркін, соған жетсе қазақ», – деген. Баяғыда үйге бір кісі келсе, бір малды со­йып жіберіп, жылы-жұмсақ, кәделі жілігін алдына қой­ма­сақ, шаңырағымыз орта­сына түскен­дей бола­тын. Ал қазіргі уақытта барымен ба­зар болып, қонақты аттандырып жіберсек те, үндемейді. Бі­рақ, шүкір, дастар­қанымыз түрленіп тұр ғой. Жерді бөліп-бөліп тастадық. Ай­дай алма­ған қанша гек­тар жер тоз-тозға айналмаса екен деймін. Себебі бізде Үмбетәлі ауылы 40 мың қой айдаған ауыл еді. Сол 40 мың қойдан қазір шаруашылықта ештеңе қалған жоқ. Жаңағы егіндік жер бар. Кезінде ол ауыл­дар тары еккен. Ал тары – күннің көзін сүйе­тін дақыл. Со­ның өзі қандай еді! Ме­нің­ше, Құдайға шүкір  деймін, соның бәрін ора­йы­на кел­тірер, білімдар, жақсы жеткін­шек­теріміз өсіп келе жатыр. Қо­наев атамыз бекерден-бекер 50 млн қойды айтқан жоқ. Өзі атам заман­нан бергі әңгімелерді тыңдасаңыз, бар байлық – қа­зақтың ма­лын­­да, кең даласын­да, кө­шіп-қонуында, жай­лауын­да. Соның бә­рі орны­на келетін шығар деп ойлаймын, жарығым. Мәде­ниеттің өскені ел-жұр­т­­тың, әлеу­мет­тің жаңа рухы­ның өскені деп бағалай­мын. Мысалы, қазір барыңызшы Сүйекең­нің басына. Нау­рыз­бай, Қарасай батырларға ескерт­кіш қойылған. Ол нені білдіреді? Ол кейінгі ұрпақтың бабаларына деген тағзы­мын білдіреді. Ал алғысы бар кеуде, рухы бар кеуде  неге төмен бола­ды?! Ол тек биік­ке самғай береді.
Бауыржан батыр айтатын: «Етке сал­ма қамырды, Иі әбден қанбаса. Тойды­рып тек­­ке қайтесің, Ісіңді көріп нанбаса», – деп. Қа­мыр демалмай, жайылмайды. Не нәр­се­ні бастасаң да, кейінгі ұрпақ қай сала­ны алса да, иі қанған қамырдай бол­са, біздің төрт құбыламыз түгел бо­ла­ды. Сондықтан кейін асығыс бір нәр­сені істеп аламыз да, арты­нан оны ор­ны­на сала алмай жатамыз. Иі әбден қанбай, қамыр­ды етке салмау керек дегеніміз секілді, әр істі ойланып, келісіп пішіп, нәти­же шықпа­ғына көз жеткізгеннен кейін бас­тау керек деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста