Кейбір дәрігерлер мол ақша табу үшін ағзаға пайдасы жоқ өнімдерді насихаттаумен айналысып жүр

Кейбір дәрігерлер мол ақша табу үшін ағзаға пайдасы жоқ өнімдерді насихаттаумен айналысып жүр

Әсемгүл ИСА, Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының директоры, Халықаралық гомеопаттар лигасының мүшесі:

– Әсемгүл Оразбекқызы, күнделікті өмірде ұзақ жыл ем-дом қабылдап жүрсе де, созылмалы ауруынан бір айықпайтын адамдарды жиі кездестіреміз. Тәні ауырып, жаны қиналған адамға дәстүрлі медицина мамандарының еш көмек көрсете алмағанын естігенде, қатты налып жатамыз. Бірақ қазіргі денсаулық сақтау саласында ауруды емдеудің дәстүрлі саладан басқа да бірнеше әдістемелік жүйесі бар екені белгілі. Мәселен, елімізде өзіңіз дамытуға атсалысып жүрген альтернативті бағыт – гомеопатия бар. Медицинаның бұл түрін қазіргі қоғам қаншалықты қолдап отыр? Гомеопаттардың көмегіне деген қажеттілік деңгейі қандай?

– Қазақстанда қазір гомеопатияның дамуы орташа деңгейде деуге болады. Алайда қазақтың төл медицинасы өткен ғасырдағы төңкеріс жылдарына дейін осы гомеопатия әдісіне негізделіп келді. Кейін большевиктер қазақ еліне батыстың дәстүрлі медицинасын күштеп, мәжбүрлеп енгізді. Енді қазір сол батыс жұртшылығы өздерінің дәстүрлі емдеу әдістерімен емделгісі келмей, гомеопатияны қолдап отыр. Сауалнама жүргізілген кезде, бұл саланы Еуропа халқының 60 пайызының қалайтыны байқалған. Америкада бұл бай адамдардың медицинасы саналады, сондықтан америкалықтардың 80 пайызы гомеопатияны пайдалануға мемлекеттен қолдау сұрап отырған көрінеді. Біздің мемлекет осы әдісті қолдануға 1996 жылы рұқсат берді. Гомеопатияны медицинаның екінші саласы ретінде мойындайтын заң қабылданды. Бірақ оны әрі қарай дамытуға мемлекет тарапынан ешқандай көмек болған емес. Гомеопатия жеке медицинада ғана қолданылып келеді. Бұл емдеу тәсілі «уды у қайтарады» қағидасына негізделген. Мысалы, ежелде қазақтар жылан шаққан адамның жарасына сол жыланның уынан аздау қылып жасалған арнайы дәріні жағып, денедегі мол уды қайтаратын болған. Көрдіңіз бе, аз дозалы умен мол көлемдегі уды сыртқа шығарып, адамды ауруынан айықтыру әбден мүмкін. Басқа да көптеген мысал бар, яғни адам ненің әсерінен ауырса, оны сол нәрсемен емдеу – халықтық медицинада ежелден бар әдіс. Бұл – табиғи, таза ем, мұнда ешқандай антибиотик, гормон, химия деген жоқ. Мұнда ең қиыны, аурудың ағзасына қажетті дәрі-дәрмекті дәл табу, егер дәрі дұрыс табылса, онда оның әсері де тамаша болатыны сөзсіз. Бір айта кетерлігі, гомеопатия белгілі бір ауру түрлерін емдейді деп айту дұрыс емес. Гомеопатия жан мен тәнді бірдей емдейді. Мысалы, гомеопатқа келген ауру өзінің басы, бүйрегі мен тізесі ауыратынын айтса, дәрігер мұның бәрін бір ауру, бір реакция деп түсінеді де, соның үшеуіне себеп болған бір кілтипанды анықтайды, соған сәйкес ем тағайындайды. 2000 жыл бұрын ұлы ойшыл Платон «дәрігерлердің ең үлкен қателігі – олардың тәнді емдеп, жанды ұмыт қалдыруы» деген. Гомеопатия – осы олқылықтың орнын толтыруды көздейтін сала. Қан қысымы көтеріліп, емделуге келген 20 адам болса, біз солардың әрқайсысына әртүрлі ем қабылдаймыз. Өйткені олардың тәні мен жаны әрқилы.

– Дегенмен дәстүрлі медицина сан ғасырлар бойы талайды ауруынан айықтырып, халықтың саулығын қалыптастырып келе жатқан ғылым екенін жоққа шығаруға болмас. Сондықтан да дәстүрлі денсаулық сақтау саласының мамандары арасында болсын, басқа адамдар болсын, сіздердің жұмыстарыңызға күмәнмен қараушылар бар шығар?

– Иә, 90-жылдардың ортасында Мәскеуден білім алып келіп, жұмысқа кіріскен кезімізде, бізге күмән келтірушілер болды. Бізді «алаяқтар», «шарлатандар» деді. «Мына ауруды емдей алмайсыңдар, сондықтан аулақ жүріңіздер» деп, сын айтушылар да көп болды. Бірақ құдайға шүкір, арада біраз жыл өткенде, гомеопатияға көзқарас өзгеріп, дәстүрлі медицина мамандарының өзі осы салаға көбірек ден қойып жатыр. Тағы бір қуанарлық жайт, науқастарды учаскелік дәрігерлердің өзі қазір бізге бағыттайтын болды. Себебі гомеопатия әдісінің эффектісіне көпшіліктің көзі жете бастады. Қазіргі уақытта біз гомеопатияның дамуы жағынан ТМД көлемінде Ресейден кейінгі екінші орында келе жатырмыз. Бірақ елімізде гомеопат-дәрігерлердің қатары бар болғаны – 30 шақты. 16 млн халық үшін бұл өте аз. Бізде Дәрігерлердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында гомеопатияны оқыту курсы бар. Сондықтан менің ойымша, қазіргі мезгілде әр ауданда, құрығанда бір гомеопат-дәрігерден болуы қажет. Бүгінде гомеопатияның дамуына кедергі келтіріп отырған бір жағдай бар, ол – шетелдік антибиотик өндіруші компаниялардың бизнесі. Әлемнің ірі фармакологиялық кәсіпорындары бір дәріні жарнамалау үшін қыруар қаржысын аямайды. Сондықтан кейбір дәрігерлер мол ақша табу үшін ағзаға пайдасы жоқ химиялық өнімдерді насихаттаумен айналысуға мәжбүр болып жүр. Олар аурушаң балаларға антибиотиктерді қолдануға кеңес береді. Мұндай заттардың ағзадағы микробтарды өлтіретіні рас. Сонымен қатар, олардың ағза үшін қажетті бактерияларды да жойып жіберетінін естен шығармау қажет. Осындай жағдайлардың салдарынан балалардың емделуі өте қиын дисбактериоз сияқты ауруларға шалдығып жататынын естиміз. Жалпы, жасынан дәрі-дәрмек ішкен бала аурушаңдықтан арылмайды. Осы орайда тағы да табиғи медицинаның рөлі жоғары екенін айтқым келеді.

– Өзіңіздің тәжірибеңізде емделуі қиын аурудың бетін бері қаратқан кезіңіз көп болды ма? Есіңізде қалған осындай жайттарды айтып берсеңіз.

– Иә, есімде. Қайта құрудың аумалы-төкпелі кезі болатын. Ол – ешқандай атағым жоқ, ауыл аралап, қызмет көрсетіп жүрген уақытым. Қызметім арзан, қаралушылар көп болды. Бір күні алдыма бір баланы ата-анасы алып келді. Баланың түріне қарасам, сүйек пен терісі ғана қалған, іші өтіп жатыр. Сол кезде француз гомеопаты Жильбер Шареттің бір кітабынан оқығаным есіме түсті. Онда Африкадағы дұрыс тамақтанбағаннан іштері өтіп ауырып жатқан балаларды қалай емдеу керектігі туралы жазылған еді. Сондағы әдіс бойынша арнайы гомеопатиялық дәріні қолданып едім, көзін ашпай жатқан бала екі-үш күннен кейін басын көтеріп, тамақ ішіп, жазылып кетті. Тағы бірде қарын жарасына шалдықаннан, ішек-қарны жыртылып, дәретінен қаны тоқтамай жатқан баланы «гомеопатиялық күшәла» аталатын дәрімен емдеп жаздым. Гомеопатия, жалпы, иммунитетті жақсарту арқылы емдейді. Осы әдіспен жүрек, қан қысымы, өкпе, буын, өт жолы, тері, бас аурулары, ұйқысыздық пен бедеулік те жақсы емделеді. Өйткені гомеопатия әдісі ең әуелі аурудың себебін анықтауға мүмкіндік береді, ем қабылдаудың айтарлықтай нәтиже беретіні сондықтан. Мысалы, қазіргі уақытта миома, киста деген аурулар әрбір екінші әйелдің бойынан табылатын болып кетті. Көп жағдайда мұндай пациенттерге операция жасалып, ісік сылынып тасталады. Бірақ ағзада сол ісікке себеп болған кінәрат қалып қояды да, ол басқа жерден өсіп шығады. Жыныстық органдағы нәрсе тамақ безіне, одан әрі миға шауып кетуі мүмкін. Сондықтан 17 мен 40 жас аралығындағы бала көтере алмай жүрген әйелге ісікке қарсы операция жасау, қазақтың тамырына балта шабу деп білемін.

– Гомеопатия әдісімен емделуге келетіндердің дені теріде пайда болатын түрлі ауруларды жұқтырған пациенттер екен. Мұның себебі дәстүрлі медицинаның тері ауруларына қарсы емінің қауқарсыздығынан ба?

– Әдетте дәрігерлеріміз тері ауруымен ауыратын адамның жарақаттары мен дақтарына түрлі мазь жағуға кеңес береді. Ал мұндай аурулардың себебі – сыртқы фактор емес, адамның ішкі құрылысында. Бауыр, бүйрек сияқты ішкі органдар жұмысының нашарлауынан зат алмасу процесі бұзылып, іштегі шлактар уақытында сыртқа шықпай қалады. Сол зат алмасу, зәр шығару жүйелерінің қалдықтары жиналып келіп, тері ауруларына әкеліп соғады. Ал теріге түрлі дәрі-дәрмек жағу теріні қалпына келтіргенімен, әлгі сырқаттанған ішкі органдарға одан әрі зиянын тигізе бастайды. Сол себепті әлемнің танымал дерматологтарының өздері іш құрылысының бұзылуынан бүлінген теріге ешқандай мазь жақпау қажеттігін ескертеді. Менің өзім де тері ауруларына шалдыққандар мен неше жыл бойы сыздауықтан жазыла алмаған адамдарды осы әдіспен, яғни иммунитетін арттыру арқылы көп емдеп жазып келемін.

– Дәрігерсіз ғой, күнделікті байқап жүрген шығарсыз, соңғы кездері ел тұрғындарының ақ халаттыларға деген өкпе-назы көбейіп кеткен сияқты. Бұған не себеп деп ойлайсыз?

– Бұл жайт, дәрігерлердің еңбегінен емес, бұл осы саладағы жемқорлықтың әсері шығар деп ойлаймын. Мынаны ескеру керек, Америкада ең тәжірибесіз деген дәрігер 10 мың доллар еңбекақы алады екен. Ал біздің мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін дәрігерлеріміздің жалақысы өте аз. Олар өз еңбектеріне сай ақы алмай келеді. Сондықтан олардан көп жұмыс пен асқан мұқияттылықты талап етіп, жауапкершілікке тартып, айыптау да дұрыс емес сияқты. Дәрігерге сәйкесінше, көп айлық төленіп жатса, жарайды. Менің ойымша, қазір біздің медицина саласының мамандары сауатты. Дәрігерлеріміздің біліктілігіне сын айтуға болмайды. Бар мәселе – олар пайдаланып отырған еңбек құралының дұрыс еместігінде. Ауруды түрлі антибиотиктермен, химиялық өнімдермен емдеудің оң нәтиже бермеуі де – соның бір мысалы. Мен қазақстандықтардың денсаулығы жақсы болса екен, олар табиғи ем – гомеопатиямен емделсе екен деймін.

Тосын пікір
Бүгінде гомеопатияның дамуына кедергі келтіріп отырған бір жағдай бар, ол – шетелдік антибиотик өндіруші компаниялардың бизнесі. Әлемнің ірі фармакологиялық кәсіпорындары бір дәріні жарнамалау үшін қыруар қаржысын аямайды. Сондықтан кейбір дәрігерлер мол ақша табу үшін ағзаға пайдасы жоқ химиялық өнімдерді насихаттаумен айналысуға мәжбүр болып жүр. Олар аурушаң балаларға антибиотиктерді қолдануға кеңес береді. Мұндай заттардың ағзадағы микробтарды өлтіретіні рас. Сонымен қатар, олардың ағза үшін қажетті бактерияларды да жойып жіберетінін естен шығармау қажет. Осындай жағдайлардың салдарынан балалардың емделуі өте қиын дисбактериоз сияқты ауруларға шалдығып жататынын естиміз. Жалпы, жасынан дәрі-дәрмек ішкен бала аурушаңдықтан арылмайды. Осы орайда тағы да табиғи медицинаның рөлі жоғары екенін айтқым келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста