Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында өзінің бірегей сәулет және акустикалық сипаттары бойынша үш мың бес жүз (3500) орынға арналған «Қазақстан» Орталық концерт залы орналасқан. Оның көлемі отыз сегіз мың алты жүз шаршы метрді (38.600 ш.м.) алып жатыр. Идеяның авторы маэстро Манфреди Николетти болып табылады. Қазіргі күні «Қазақстан» Орталық концерт залына австралиялық Сидней опера театрының атағы берілген. Ғимараттың бір артықшылығы, көрермен залы музыкалық аспап үлгісінде жасалған және ол кез келген концерттік шоуға «бейімделе алады». Жалпы, бүгінгі таңда мұндай бірегей жоба ТМД-ның бірде-бір елінде жоқ. Бұл концерт залы Қазақстан Республикасының мәдениет орталықтарының және сәулет ғимараттарының ең маңыздыларының бірі болып табылады.
«Қазақстан» Орталық концерт залы
Последние статьи автора