Бұл – қазақ халқының асқақ рухының нышаны, мемлекеттіктің қастерлі белгісі. Ескерткіш кешен ниетімізбен түстес ақ мәрмәрдан құйылған колонналардан тұрады. Олардың ортасында биіктігі – 91 метр болатын зәулім мұнара көкпен таласады, бұл Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылды меңзейді. Биік тұғырдың ұшар басына азаттық пен мәрттіктің нышаны – самұрық құс қондырылған. Қоладан құйылып, алтын жалатылған құс мүсінінің салмағы 2,5 тоннаны құрайды. Мемориалдық ансамбль бірнеше мүсіндер жиынтығынан, барельефтерден тұрады. «Тұңғыш Президент және халық» барельефінде сан қилы соқпақтан аман келе жатқан халықтың еркіндікке, гүлденген ел болуға деген ұмтылысы көрініс тапқан. Ата Заңға қол қойып жатқан Елбасының анты мен аманаты да сәтті бейнеленген. «Қаһарман», «Жасампаздық», «Болашақ» барельефтері де еліміздің өткені мен жаңа тарихынан сыр шертеді. Кешеннің авторлары — сәулетші Саматбек Бөкебай мен суретші Сембіғали Смағұлов. Астананың төріндегі зәулім мұнараның алды бүгінде мемлекетіміздің ең басты алаңына айналды.
«Қазақ елі» монументі
Последние статьи автора