«АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінің құрылысы Елбасының тапсырмасымен 2007 жылдың сәуір айының 2-сінде басталып, екі ай ішінде салынып бітті. Ал мамырдың 31-і – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Мемлекет басшысы келіп, осынау тарихи ескерткіштің ашылу рәсіміндегі лентасын қиды.
Мұражай кешені «Аза тұту аркасы» немесе «Қасірет қақпасы» деп аталатын, биіктігі 18 метрлік еңселі композициялық нысаннан басталады. Авторы – суретші-сәулетші Сәкен Нарынов.
«Қасірет қақпасының» сол қапталында «Сталиннің вагоны» мен тікен сыммен қоршалған лагерь көрінісі бейнеленген (бұл нысандар кейінірек, 2009 жылы қойылған).
Одан әрі сақ дәуірінің қорғанына ұқсайтын, қоңыр түсті еңселі нысан – мұражайдың ғимараты. Мұражайға барар жолда оң жақта қоладан құйылған «Күрес және үміт» композициясы, сол жақта «Түңілу мен әлсіздік» композициясы берілген. Бұл композициялардың авторы – белгілі мүсінші Жеңіс Молдабаев. Ал мемориалды мұражай кешенінің сәулетшісі – профессор Сәкен Нарынов.
Қасіретті АЛЖИР
Последние статьи автора