Бұл – еліміздің халықаралық қауымдастықтағы орнын айқындайтын зор құндылықтың бірі. Қазақстанның басты стадионы 2009 жылдың 3 шілдесінде ашылды. 30 000 көрермен еркін сыятын спорт кешені – әлемдегі 10 000 шаршы метр жылжымалы шатыры бар алты ірі нысанның бірі. Барлығы 232 435 шаршы метр аумақты алып жатқан нысанның футбол алаңы Арқаның қатал климатына қарамастан, мәңгі жасыл, әрі түрлі шаралар өткізуге әбден қолайлы. Стадион ашылған күні мұнда «Локомотив» клубы мен Қазақстан жастар құрамасы арасында футбол кездесуі өтті. Матчқа италиялық арбитр Пьер-Луиджи Коллина төрелік етті. Ойынның алғашқы добын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы тепті. Бұл кездесуде Каха Каладзе, Андрей Шевченко, Хасан Шаш, Хакан Шүкір сияқты белгілі футбол жұлдыздары өнер көрсетті. 2009 жылдың 14 қазанында мұнда 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында ұлттық құраманың алғашқы ресми кездесуі өтті. «Астана Аренада» VII қысқы Азия ойындары салтанатты жағдайда ашылды.
«Астана Арена» стадионы
Последние статьи автора