Мен 2-3 күн болды жолдасымның бір қызбен сөйлесіп жүргенін білдім. Отау құрғанымызға енді 2 жыл болады. Бір ұлымыз бар 5 айдан асты. 6 жыл жүріп, бір-бірімізді ұнатып тұрмысқа шықтым. Оның алдында ешқашан жігітпен жүріп те сөйлесіп те көрмедім. Жасым 25-те. Ол қызға жаным, күнім деп бір-бірлеріне фотолар жіберген. Жүрегім қатты жараланды.
Күйеуім ол қызбен қашаннан бері сөйлесетінін білмеймін. Соткасын қасынан тастамайды. Енді ол қайталамаймын деп кешірім сұрады. Сөйлесіп жүрген қыздың өзіне жазып едім мені бірден блокқа салды. Бұл қалай болғаны, не істесем болады? Ешкімге айта да алмадым. Ата-анама да айтпадым, өзім екі ағамның ортасында ерке өскен қыз едім, қатты соққы болды маған.
Аноним