Серіктесімен жыныстық қатынастың болмай жүргенін айтқан желі қолданушысы көпшіліктен кеңес сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Оқырманның айтуынша, ол соңғы рет төсек қатынасына үш ай бұрын түскен.
"Менің жасым 22-де. Жігітіммен кездесіп жүргенімізге бір жарым жыл болды: қарым-қатынасымыз тұрақты, тіпті ата-анасымен таныстырды.
Өзім туралы айтатын болсам, мен көрікті, өз-өзіне күтім жасай білетін қарапайым қызбын. Жігітім де солай өз-өзіне қарайды, спортпен айналысады, ішпейді, шекпейді. Қысқасы ешқандай ерекшелігі жоқ.
Бірақ, соңғы күндері төсек қатынасының азайып кеткендігін байқадым. Соңғы рет үш ай бұрын болдық.
Мен еркектер төсек қатынасымен тұрақты түрде айналысуды қалайды деп ойлаушы едім. Біздің бөлек тұратынымызды ескергенде, тым болмаса айына бірнеше рет. Бірақ менің көзіме шөп салып жүрмегеніне сенімдімін. Себебі мен барлық уақытта оның қайда және не істеп жүргенін білемін. Ал бос уақытының барлығын менімен өткізеді.
Жеке қалған күндеріміз болды: сүйістік, құшақтастық. Бірақ одан әрі кетпедік. Мен шыдамай сол сәтте одан сұрадым, ол: «өзіммен бірге мүшеқап жоқ», - деп жауап берді. Бұл не деген сұмдық. Онда барып алып кел!
Содан соң кінәні өзімнен іздеуді бастадым. Дегенмен, мен төсекте өте белсендімін. Не істесем болады? Кімнің басынан тағы осындай жағдайлар өтті?
Бір жағынан басқа тәсілдерді байқап көруге де тырыстым. Бәлкім темперамент жағынан сәйкес емес шығармыз?", - деп мұңын шақты бойжеткен.