Жағдайы жоқ болса, көп бала туып несі бар?

Жағдайы жоқ болса, көп бала туып несі бар?

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп көп бала туа беретін әйелдерді түсінбеймін. Баланы туып-туып алып, содан кейін әркімнен бір қол жайып көмек сұрап жүргендері. Егер жағдайы келмесе, жұмысы жоқ, тұрақты жалақысы болмаса, несіне шұбыртып көп бала туады кейбір әйелдер? «Көрпеге қарай көсілу» керек емес пе?» дейді «Алаш айнасына» хат жолдаған Гаухар Өтегенова. Гаухардың айтуынша, көп бала туу ананың денсаулығына да зиян. Сіз бұған не дейсіз, ойлы оқырман? Аталмыш мақала редакция көзқарасын білдірмейтінін ескерте кетеміз.
«Менің бір ұл, бір қызым бар. Екеуі де студент. Қызым Қазақ-Америка университетінде оқиды. Ұлым Астанадағы Назарбаев университетінде білім алуда. Осы екеуін оқытамыз деп күйеуім екеуміз тынбай еңбек етіп келеміз. Меніңше, ата-ананың парызы – тек баланы дүниеге әкелу емес, оларды өсіріп, жеткізу, оқытып, тоқыту, жақсы тәрбие беріп, аяғынан тік тұрғызу.
Өзім Қызылорда қаласында туып-өстіп. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы ҚазМУ-ге түстім. 22 жасымда Алматының жігітіне тұрмысқа шығып, міне 30 жылдан бері осы қалада тұрып келемін. Жолдасым екеуміз университет бітіргеннен кейін отбасын құрдық. Жұмысқа тұрып, біраз жағдайымыз түзеле бастағанда бала туралы ойлана бастадық. Сөйтіп тұңғышымызды 25 жасымда дүниеге әкелдім. Екінші баламды 4 жылдан кейін тудым. Екі баламды да балабақшаға беріп, өзіміз жұмыс істедік, баспаналы болдық. Балаларды ауылға, ата-әжелеріне де жібермей өзіміз қарадық. Анда-санда жазғы демалыстарда болмаса, балаларымыз әрдайым өзіміздің қасымызда болды. Өйткені өзіміздің ата-аналарымыз бізді өсіріп жеткізді, енді қартайған шақтарында олар біздің балаларымызды қарау керек пе? Сондықтан біз шамамызға қарай екі баламен шектеліп, солардың қатарынан қалмай өсуіне жағдай жасадық. Қазір ойлап отырсам, егер күйеуім екеуміз екі жақтап жұмыс істемегенімізде балаларымызбен әлі күнге пәтер жалдап жүрер едік. Қазір 5-6 баламен тіпті 10 баламен пәтер жалдап тұрып жатқандарды көзіміз көріп жүр.
Кейінгі кезде теледидардан көпбалалы отбасылардың үйсіз-күйсіз қаңғып жүргенін жиі көрсетіп жатады. Материалдық жағдайы нашар балалы-шағалы отбасылар туралы газет-журналдар да жарысып жазады. Соларға қарап отырып ойлаймын, өздерінің ішерге асы болмай жүріп, сонша баланы неге дүниеге әкеледі? Кейбір жалғызбасты әйелдер де қаптатып бала туып алады. Ата-ана деген бала үшін қашан да жауапты. Баласын тойдыра алмаса, киіндіре алмаса, ел қатарлы мектепте оқыта алмаса, ондайлар өздерінің шамасына неге қарамайды?
Біздің үйдің жанында көршіміз «квартираттарға» деп сала салған шағын ғана үйшік тәріздес бір бөлмеде Кәмилә деген келіншек күйеуімен, 13 баласымен тұрып жатыр. Есігінен кірсең, жатын орны көрінетін, баспанасымақты көпбалалы отбасы жалға алу бағасы арзан болған соң паналап жүр. Өзімізбен көрші тұратын көпбалалы отбасыға кейде шамамыз келгенше көмек беріп тұрамыз. Арасында «Нұр Отанның» қызметкерлері көмек көрсетіп отырады екен. Отбасындағы 13 баланың тұңғышы қыз бала, есімі – Әсел. Әселдің өз құрбыларымен сөйлесуге де, аулада қыдыруға да уақыты жоқ. Қашан көрсең, ол өзінің тынымсыз, ойынпоз бауырларын қарап, солардың соңдарынан еріп жүргені. Әке-шешелері таңнан қара кешке дейін жұмыста. Ал бауырларына тамақ жасау, киіндіріп сабаққа жіберу, ойнату, үйдің тірлігі барлығы Әселдің мойнында. Ол биыл мектеп бітірді. Бірде аулада бауырларын қарап жүрген Әселмен сөйлесіп қалдық. Сонда оның: «Мен ешқашан күйеуге де тимеймін, бала да тумаймын» деген сөзі менің «Алаш айнасына» хат жазуыма себеп болды. Бала болып ойнап көрмеген, үйдің тірлігінен әбден шаршаған Әселге қарап аяп кеттім. Ол тұрмыстың ауырлығынан жасына жетпей қажыған. Сонда қараңызшы, осы балалардың ата-аналары демографияның көтерілуіне үлкен үлес қосты десек те, жоқшылықтың, таршылықтың тауқіметін ерте көрген, ата-анасының тәрбиесіне, жылуына зәру болған балалардың тағдыры қалай болмақ ертең?
Қазіргі заманда қатардағы қарапайым оқу орындарының өзінде оқу бағасы 300 мыңнан жоғары. Сонда айлығы шайлығынан аспайтын ата-аналар балаларын қалай оқытады? Бір-екі бала болса, әйтеуір қарызданса да бірдеңе қылар дейсің, ал бір отбасындағы он баланың барлығына жоғары білім алып беруге екінің бірінің шамасы келе бермейді ғой. Оның үстіне қазір жұрттың бәрі біреуге бір тиын көмек бермек түгілі несиеден несиеге дейін қарызданып-қауғаланып күн кешіп жүр.
Тағы бір айта кетерлік жайт, кейде бірыңғай қыз туған әйелдер қашан ұл болғанынша туамын деп он шақты балаға дейін туады және балаларының арасы 1-2 жастан ғана болып жатады. Ал қазіргі таңда дәрігерлер әйелдердің денсаулығына қауіп болмау үшін әр баланың арасы кемінде 2-3 жас болу керектігін ескертіп отырады. Бірақ сонда да дәрігердің сөзіне құлақ аспай қатарынан көп бала туған әйелдердің денсаулығы сыр береді. Көп бала туған, материалдық жағдайы нашар әйелдерге қараңызшы, өз жасынан ерте қартайған. Өйткені дұрыс тамақтанбайды, ұйқысы қанбайды, балаларын тойдыру да бір қайғы, денсаулықтарын күтуге уақыттары да жоқ, тістері түсіп, беттерін әжім басып кеткен. 30-35 жастағы көпбалалы әйел 50 жастағыдай көрінеді.
Өткенде «Айтуға оңай» бағдарламасынан 24 жасында 6 баланың анасы атанған жас келіншекті көрсетіп жатыр. Алты баламен ауылда пәтер жалдап тұрады екен. Күйеуі екеуі бағдарлама арқылы көпшіліктен көмек сұрап келіпті. Өз жап-жас келіншек бірінен кейін бірін туа бергенше, 2-3 баламен шектеліп, жұмыс істеп, біраз жағдайын түзеп алуды неге ойламаған? Әркім баланы біреу үшін емес өзі үшін туады ғой. Біреудің мүсіркеп берген көмегі неменеге жетеді?
Менің бұл пікіріммен келісерсіздер, келіспессіздер, әркімнің өз еркі ғой. Егер қажет болса, хатымды жарияларсыздар. Жарияламасыңдар да ренжімеймін, бұл менің жеке пікірім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста