Сауыншы Айтолқын Мұсабектің отбасына сор болып жармасты

Совхозда тұрғанымызда көрші үйге жас шамасы 27-28-ге келген Мұсабек деген жігіт көшіп келді. Отбасында әйелі мен мектеп жасына жете қоймаған екі қызы және анасы бар еді. Келесі жылы көктемде Мұсабектің әйелі өзіне-өзі от қойып, өртеніп өлді. Кейін білдік, келіншек көктем, күз мезгілінде көтеріліп ауырады екен.

Әйелінің жылын берген соң көп ұзамай Мұсабек үйленді. Алған әйелі 20-21 жасар, қолында кішкентай қызы бар әдеміше ақсары келіншек еді. Айналасы үш-төрт жылда Мұсабектің екінші әйелі Айтолқын екі ұл, бір қыз тапты. Кіші қызы жасына толмай жатып Айтолқын мал фермасына сауыншы болып орналасты. Алайда сауыншылық Мұсабектің отбасына сор болып жармасты.

 Сауыншы болып бес-алты ай істеген соң ауылда «Айтолқын ферма меңгерушісімен жүреді екен» деген сөз шықты. Бұл әңгімеге біреулер сенсе, енді біреулер «жап жас келіншек елуден асқан кісіні қайтеді, ол көре алмайтындардың сөзі» деп сенбеді. Бірақ көп ұзамай бар шындықтың беті ашыла бастады. Жылға жетпей, Айтолқын озат сауыншы атанды. Озат сауыншы ретінде ферма меңгерушісімен жиі-жиі облыс орталығына жиналысқа баратынды шығарды. Тіпті, кейде облыс орталығында түнеп қалып та жүрді. Сауыншылық жайына қалып, бірде ауданға, бірде облысқа жиналысқа кетіп бара жатырмын деп ферма меңгерушісінің машинасынан түспейтін. Мұсабек Айтолқынды талай соққыға жыққан. Бірақ Айтолқын жеңіл жүрісін қоймады. Сөйтіп жүргенде Мұсабектің анасы қайтыс болды. Бұдан кейін Айтолқын ашық жүруге көшті.

Енесінің жетісі өтісімен, Айтолқын жорығын бастады. Күндіз күйеуі жұмыста жүргенде, еркектерді үйіне ертіп келетінді шығарды. Енді тек ферма меңгерушісімен ғана жүріп қоймай, ауылдағы қалталы еркектердің бірқатарымен көңілдес болды. Елдің сыртынан айтқан сөзін де, сұқ саусағымен көрсетіп сөккенін де құлаққа ілмейтін. Арақ ішетінді де шығарған. Бірте-бірте Мұсабектің үйіне жеңіл жүріспен аты шыққан қыздар жиналатын болды. Мұсабектің үйі жынойаққа айналды.

Мұсабектің өзімен бір анадан бірге туған туысы жоқ екен. Ауылда аталас туыстары тұратын. Олар есейіп қалған қыздар үшін алаңдайтын. Алдынғы әйелден қалған екі қызды өгей шеше жаман жолға бастамаса деп қорқатын. Сондықтан туысқандар ақылдаса келіп, жеңіл жүрісін қоймаса да үйге бөтен еркек пен жеңіл жүрісті әйелдерді ертіп келуін қойдыру керек деп шешеді. Айтолқын да олардың сөзін ұқты ма әлде көпшіліктің ызғарынан қорықты ма әйтеуір үйге бөтен адам ертіп келуін қойды. Бірақ өзі 10-15 күндеп жоқ болып кететін. Есейіп қалған қыздар әкесінің тамағын істеп беріп, үй шаруасын өздері реттейтін.

Өзгелерді білмеймін, мен Мұсабекке аянышпен қарайтынмын. Көшеде жолығып қалса ештеңе болмағандай күле амандасып, әңгімесін айтып жүре беретін. Бірақ сырты бүтін болғанмен, іші түтін болып жүреді екен. Бір күні таңертең ерте Мұсабектің үйіне бір шаруамен келген немере ағасы оны малқорада асылып тұрған жерінен тауып алған. Ести сала бардық. Ағасының айтуына қарағанда түнде асылған болу керек, денесі мұздап қалған. Айтолқын жоқ екен. Оның үйге келмегеніне бір апта болыпты. Жан жаққа хабар жіберіп, іздеп жүріп Айтолқынды тауып әкелді.

Күйеуінің қайтыс болғанына шынымен қайғырды ма, әйтеуір, Айтолқын бір жыл үйінен шықпады. Мұсабек қайтыс болған соң, көп ұзамай бірінші әйелінен қалған екі қыздың үлкені күйеуге шықты. Жылы өткен соң бірінші әйелінен қалған екінші қызы тұрмысқа шықты. Кейін білдік, немере жеңгелері біреулермен таныстырып, қашырып жіберген екен.

Мұсабектің жылы өткен соң екі-үш айдан кейін Айтолқын бұрынғы жүрісін қайта бастады. Енді жалғыз емес, 17-18-ге келген, өзімен еріп келген қызын қасына ертті. Түн болса, көршінің үйіне түрлі машиналар келетін болды.

90-жылдары совхоз тарап ауыл адамдарының көбі жан-жаққа көшті. Біз де ол ауылдан көшіп кеттік. Кейін бір барғанымда Мұсабектің Айтолқыннан туған ұлын біреулер өлтіріп кетті деп естідім. Бәлкім оған да Айтолқынның кесірі тиді ме екен?



Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста