Әрбір қыз өсіп, бойжете бастаған уағында қай кезде тұрмысқа шығу туралы ойлана бастайды. Тұрмыс құру- жаңа өмірге таңдау жасайтын, жауапты шақ. Қай жаста тұрмыс құру керек деген бұрыннан бәрін толғандыратын мәселе деп жазады ikerim.kz.
Бәлкім, өзіңіздің таңдауыңызға өкініп қалмас үшін алдын ала ойластырғанның да артықтығы болмас. Ол үшін психологиядағы әр жастағы тұрмысқа шығудың ерекшеліктерін білу артық етпейтін сияқты…
Бойжету. 18 жас
Көптеген мүмкіндіктерге жол ашатын ең керемет жас. Бірақ, тұрмыс құруға тым ерте саналады екен. Бұл жаста қыз балалалар тұрмыс құруға моральдік те, физикалық тұрғыда да дайын болмайды.
Екіншіден, бұндай жастағы неке ойланбай асығыс жасалған шешім болып табылады. Ақылға салмай, эмоцияның әсерінен жасаған екі ғашықтың таңдауы. 18 жастағы қыз ата-анасының қарамағынан шыққаны үшін, бостандыққа шыққандай қуанады екен. Көпшілік қыздар «ата анамнан қашанғы сұранамын? Күйеуге шығып отбасын құрсам, өзім қожайын боламын» деп ойлайды. Еркіндік үшін отбасын құруға бола ма? Отбасының да өзіңе жүктейтін міндеттемелері бар екенін ұмытпау керек.
Психологтар ерте жастағы неке көбінде қыздарды психологиялық қиындықтарға алып келеді деп айтады. Демек, 18-жас үлкен өмірге аяқ басуға тым ерте. Жас қыздарға заңды некені «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» дұрыс.
Студенттің ғұмыр. 20 жас
Бұл оқу, романтика, ғашықтың үшін таптырмайтын ғажап кезең. Бірақ, мұны да күйеуге шығуға ұтымды жас демес едік. Көңіліңнің көбін оқуға, білімге бөлетін шақта, тағыда үстемеленген жауапкершілікті қайтпексің? Бұл уақытта өмір бірден басқа ритммен жылдам өтіп жатқандай көрінеді. Сондықтан бұл жас идеал емес! Статистикаға сүйенсек 20 жасында тұрмыс құрғандардың көбі ұзаққа бармайды екен.
Дәл уақыты: 23- 25 жас
Күйеуге шығуға ең ыңғайлы уақыт. Қолында дипломы бар, жұмысы дайын бойжеткен отбасының шаруасына да, қаржылық жағдайына да төтеп беруге дайын болады. Сонымен қатар психологиялық, физикалық жағдайы да дәл келеді. Осы уақытта қыздар ана болудың не екенін жақсы түсініп, сезінеді. Аналық инстинктері оянып, кішкене балаға деген жауапкершіліктері арта түседі.
Статистиканың көрсеткіші бойынша осы жаста тұрмыс құрған қыздардың отбасында бақытты екені, әрі өз таңдауларына өкінбейтіні дәлілденіпті. Осы бір ыңғайлы жасты күту керек пе, әлде тұрмысқа ерте шыққан дұрыс па?
Өзінің шешімі: 25-30 жас
Бұлда ең қолайлы кезең. Бірақ біздің ортада бұл жасты тым кеш санайтыны жасырын емес. Жас кезіңде кездескен біреуге шыға салғаннан, бәлкім отызға дейін ханзадаңды күту де керек шығар. Себебі осы жасқа келгенде әйелдер өздері үшін нененің маңызды екенін түсінеді. Неше түрлі жел сөздерге қарамастан, олар өз өмірлерін қалыптастыра бастайды. Бұл жастағы қыздар серіктесіне ненің керегін жақсы біледі.
Сонымен бірге бұл жас әйелдер үшін қауіпті саналады. Егер осы бір бес жылда ол өзіне деген еркектің жылулығын сезбесе, 30 жастан кейін қорқынышты кәрі қызға айналып кетуі мүмкін. Әрине бұл бәріне қатысты емес. Дегенмен көпшілігі қатал болып кетеді.
Өркендеу. 30-40 жас
Бұл әйелдердің жасаратын уақыты десекте болады. Осы жасқа дейін тұрмыс құрмаған қыздар құлпырып,гүлденуге тырысады. Кейде тіпті өзінен кіші қыздардан да жас көріну мүмкін. Қызығы бұл жастағы әйелдер өзінен кіші жігіттерге көз сала бастайды екен. Бірақ бұл кезде «Күйеуге шығуым керек» деген желеумен кез келген біреуді таңдай салудан арылу керек.
nur.kz