Қайынапаларым күн көрсетпейді

 Менің мәселем мынандай, жасым 21-де. Тұрмысқа шыққаныма 6 ай болды. Өзім бір жыл жүріп, сүйген жігітіме жар болдым. Желтоқсанда үйлендік. Бұл шаңыраққа аяғым ауыр болып келдім. Күйеуім әжесінің бауырында өскен. Өзінің туған әке-анасы мен бауырларынан тым алыс қатынаста. Тіпті араласпайды десем де болады. Ес білгелі әжесімен. Осы үйде әжемізден басқа екі қайынапам бар, яғни жолдасымның әкесінің қарындастары. Біреуі 42-де, тұрмыс құрмаған, былтыр ұл туып алған бір отбасылы еркектен. Екіншісі 40-та, ажырасқан, кішкентай қызы бар, жеңіл жүрісті адам. Менің анаммен жасты адамдар ғой, бірақ түсініктері жоқ. Екеуінің ауыздары лас, ниет-пиғылдары да лас. Көрінген еркекпен танысып, отбасы бар-жоғына қарамай, сөйлесіп жүреді телефонмен мәз болып. Олардың балаларын мен қараймын, жуындырамын, тап-таза қылып қоямын, тамақтарын уақытымен беріп. Маған сонда да жақсы ат бермейді. Кеше ғана перзентханадан шықтым, ауыр босандым. Үйге келе сала тыным жоқ. Бөпесі бар-ау, түнімен ұйқысыз соны қарайды-ау деген түсінік мүлдем жоқ. Таңатпастан айқаймен оятып алады, шай-тамақ, үй жинау, бақша қарау, одан қалды балалар, кір жуу, сонымен кеш батады. Кешке өшіп тұрып, құлаймын. Әжеміз 80-нен асса да, әлі қуатты, сөйлеп қалған. Қарғап-сілеп отырады. Күйеуімнің көзінше өтірік мақтап, күліп отырады, күйеуім болмаса дымымды қоймайды. Соңымнан келген жүкке дейін менсінбей, "китайский" деп кекете береді. Өздерінде ондай да жоқ. Басында келгенде бауырыма тартып, осылармен сыйысып, адам болып кетем деп жалтақтап жүретінмін, ақыры жақпадым. Қәзір жыным келеді. Күйеуім үшін төзіп жүрмін. Күйеуім жақсы жан. Балаларға қарасып, қолы тисе көмегін беріп тұрады.

Өз анаммен бір ауылда тұрамыз. Екі көшеден кейін. Анамды да менсінбейді. Қайынапаларым "сенің мамаң сайқал, салдақы жұрттан қалмаған" деп те айтқан маған, ол әңгімеге де көз жұмдым. Менің анам ондай емес, дардай бір отбасының ұйытқысы, ұл үйлендіріп, қыз жіберіп отыр әкем екеуі, ауылға сыйлы адамдар. Әкем жағында ауратын ағаларым бар, ақыл-естері кемдеу, бірақ ешкімге зияндары жоқ. Соларды да айтып отырады, өңкей аурудың ішінен шыққансың, сен де сондай боласың деп. Үй екі бөлме ғана. Бәріміз сол жердеміз. Боғауыз естіп жатамыз, боғауыз естіп тұрамыз. Екі қайынапама бәрін қасында дайындап тұру керек. Тарақ, бояу, фен, киімдерін үтіктеп, сол уақытта балдарын қарап, шай қойып үлгеру керек.. Оған үлгермесең бітті бетіңе жіберіп ұрады қолындағысын. Күйеуім олай істемеген. Бар зәбірді осылардан көріп келем. Үлкен қайынапам жұмыста күндіз, кішісі үйде. Жатады да қояды, немесе компьютерде отырады ойнап, или телефонда ілініп тұрады. Үйге кіл өзі сияқты жеңіл жүрісті құрбыларын жинап, пиво ішеді. Сосын ауырады өтірік екі-үш күн тұрмастан жатып. Қызы мені аңдып, бәрін жеткізіп отырады оған. Кіп-кішкентай болып алып, ойы үлкен адам сияқты.

Құрбым да жоқ, жақын құрбыларымның бәрін келтіртпей қойды. Анау жаман, мынау жаман деп. Өз төркініме де айта алмаймын, екі жақ қырылып қалама деп қорқамын. Күйеуім ғана жаны ашитын бұл үйде. Кейде ойлаймын, шіркін, жолдасым өз әке-шешесімен тұрғанда ғой, мүмкін басқа тағдыр болар ма еді деп.

 Ешкім кіріп те шықпайды бұл үйге, өз тумалары да келмейді тіпті. Келген адамның зықысын шығарады. Сәуір айына дейін жұмыста болдым, сәуірде декретке шықтым. Декреттен түскен ақшамды  тойдың кредиты бар деп алып алды. Енді балаға берілетін ақшаны күтіп отыр. Ананы аламыз, мынаны аламыз деп. Ақшада тұрған түк жоқ, мен ақша үшін айқай шығаратын адам емеспін, бірақ, баламда не дұрыс кровать жоқ, төсек жабдығы, жаялық, анау-мынау, ең құрығанда ұсақ-түйек заттары бітпейді ғой, бәрі керек, соларды алғым келеді. Күйеуімнің айлығы толайым кредитте тұр. Қолымызға тек үш мыңы ғана тиеді. Ол да шаршап жүр. Оға нда жазғы киімдер алғым келеді. Тамақты әже алады зейнетақысына. Оның зейнетақысын да бөліп алады ана екеуі. Әжеге айтпайтындары жоқ, түк сыйламайды. Қашан өлесің деп дымын қомайды. Бұрын жұрт айтқанда мен сенбеуші едім, қандай болмасын адамды жібітіп алуға болады деп ойлайтын едім. Бірақ жібіте алар емеспін. Ораза айында да ұрыс пен айқайдан көз ашпадық. Күйеуімді осылар оқытып-тоқытқан, сондықтан беттеріне қарсы дым айта алмайды. Сәл шыда, үлкен үй салам, бәріміздің жеке бөлмелеріміз болады, бұларды қалай тастап кетем, анам сияқты бақты ғой мені деп жұбатып алады. Расымен де, кішкентайынан баққасын, бата алмайды ғой кім болса да. Туған ата-енемді тойда көрдім тек. Олармен баяғыда қатты ұрысып қалған, араласпайды. Менің жолдасым солардың жалғыз түйір ұлы. Нағылған тасжүрек жандар, түсінбедім әлі. Аз ғана өмірде осынша реніш пен көкірек.. Күйеуімді аяп кетемін. Ауыр аурада жаны қысылатын шығар, бәрі ішінде, үндемей жүре береді. Ел қатарлы отбасы болғым келеді. Шыдамның да шегі болады ғой, мендегі шыдам қай күнге дейін жетер екен?! Осы үйде бір қайынағам асылып өлген осылардың ұрыс-керісінен, дүкенге шықсам да, күйеуімді ойлап, уайымдап боламын. Бір жолдасын қонақ қылса, ертеңіне не іштіңдер, не алдыңдар, не әкелді деп тергеуге алады. Артынан мен сөз естимін сол үшін. Сен күттәй қатын, жыбырлап, сол жолдастарына майысқың келгесін шақырғансың ғой деп жерден алып, жерге салады. Қастарына жақындамасам адамға жұғымың жоқ деп сөгеді, қастарына жақындап кетсең арам қатынсың деп сөгеді. Бәрін өздері сияқты көретініне таң қалам. Бәріне мені кінәлі қыла береді. Балалары ауырса да, бір шыбын кіріп кетсе де, үй ысып кетсе де, жаңбыр жауып, дала бұлттанса да мен кінәлімін. . Өкінемін кәдімгідей. Біреудің аялап өсірген жалғыз қызы едім үш ұлдың ортасындағы, күйеуге сонша асығыппын. Не кием, не ішем деп алаңдамай күн кешіп едім. Кәзір өзім ана болдым. Жаңа ғана кіші қайынапам бетіме нанды жіберіп ұрды "шикі болыпты, мынаны кім жейді" деп. Көршілерден ұялам. Тырысып, ренжіп қалсам, байың келсін, байыңа сабатам деп төске ұрады. Баламды алып қашып кеткім келеді, тек жолдасым үшін өзімді басып, тоқтай қалам.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста