Қайтыс болған күйеуінің ноутбугын ашқан әйел өз көзіне өзі сенбеді

Эмма Уивердің күйеуі АҚШ әскерінің жоғарғы лейтенанты Тодд Уивер Ауғанстандағы қызметі барысында өлтірілген. Әйелі өміріндегі күйеуімен байланыстарыған бар дүниені жинамақ болады. Жерлеу рәсімі аяқталып 2 күн өткен соң Эмма күйеуінің ноутбугын ашады. Сол кездегі көргені әйелдің көзіне еріксіз жас келтірген.

Жұмыс үстелінде екі Word құжаты тұрды. Бірінде «Қымбатты Эмма» деп, енді бірінде «Қымбатты Кайли» деп тұрды. Кайли екеунінің жалғыз қыздары еді. Жанары жасқа тұнған Эмма құжаттарды ашып, Тодд қалдырған хатты оқи бастады.

Эммаға жазылған хаттың мазмұны мынадай еді:

Қымбатты Эмма! Егер сен бұл хатты ашқан болсаң, мен үйге қайтпадым деген сөз. Саған деген махаббатымды тағы да жеткізе алмадым деген сөз. Мен сені қатты сүйемін, өмір бойы сүйіп өтетін боламын. Жаныңда болмасам да, саған жоғарыдан қарап жүретінімді ойлап, көңлім жай табады.

Мен әрдайым сенің жаныңдамын, менің рухым сенімен бірге. Қазір қиналып отырғаныңды білем, бірақ сен мықтысың ғой. Ұмытпа, Құдай біз үшін қалай жақсы деп тапса, соны істейді, бізге тек жақсылық тілейді. Мұның бәрі кездейсоқ болған жағдайлар емес. Сену қиын, білем, бірақ соған көзің жететін күн келеді. Мен үшін сенің орның маңызды, соны біліп жүр. Жанымда сенен өзге қамқор, сұлу, мейірімді жарды елестете алмаймын.

Сенімен өткізген әр күнім – өмірімдегі ең керемет шақтар. Мүмкін өмірім тым қысқа болған шығар, бірақ мен әркімге бұйыра бермейтін ең керемет күндерді бастан кештім, шексіз бақытты болдым. Себебі, әлемдегі ең мінсіз жар маған тиесілі боды, ең сүйкімді, ең тәтті қыз менікі болды. Тіпті ең адал иттер менде болды. Бұдан артық не керек? Жаның жабырқаса, екеуміздің бақытты сәттерімзді есіңе ал. Біздің қызымызға қара да, оның асқан сұлулығын көр. Қызымыз үшін мықты бол. Әкесі оны қатты жақсы көретінін күнде есіне салып жүр.

Оның дүниеге келген күні менің өмірімдегі ең бақытты күн болды. Оның күлкісі, жымиғаны – менің өмірімнің ғажабы. Әкесі оны әрдайым қорғап жүретінін білсін. Сені шексіз сүйемін, Эмма. Бақытым осымен тәмам деп ойлаушы болма. Бақытыңды іздеуді жалғастыр. Бұл мүмкін еместей көрінеді, білемін, бірақ еңсең түспесін. Алда сені жақсы күндер күтіп тұр. Кайли екеуің әлі де талай бақытқа кенелесіңдер. Сенің күйеуің, Тодд.

Келесі хат Кайлиге тиесілі, мазмұны мынадай:

Қымбатты Кайли, күнім менің! Мені есіңе түсіре алмайтын шығарсың, бірақ әкеңнің сені қатты жақсы көретінін ұмытпа. Сен 9 айлық болғанда мен Ауғанстанға аттандым. Сені тастап, алысқа аттану мен үшін өте қиын болды.

Сен менің күнімсің ғой, барымсың, құдайдың берген ең керемет сыйысың. Сенің дүниеге келген күнің – менің өмірімді түбегейлі өзгерткен күн. Сен күлген сайын, мен ерекше бақытқа кенелемін. Менің өмірімді жарық күнге айналдырған асыл қызым, сенің қалай өскеніңді көре алмайтыныма қатты өкінемін. Бірақ, есіңде сақта – әкең әрдайым жаныңда.

Сен әлемдегі ең бақытты қызсың, себебі сенің керемет анаң бар. Тәртіпті қыз болып, анаңа қашан да қолғабыс бол. Әр түні анаң үшін дұға ет. Біз сені бар жан-тәнімізбен жақсы көреміз. Мектепке барғанда, көп ізденуге, көп білуге ұмтыл. Айналаңа қамқорлықпен қара, мейіріміңді төк, сол кезде табиғат саған бар жақсылығын төгеді. Егер бәрі сен қалағандай болмаса, ұмытпа, Құдай саған ненің керек, ненің керек емес екенін жақсы біледі.

Сенің болашағың жарқын. Өмір сүр. Көңіл көтер. Әкең сенімен мақтанады, сені жақсы көреді. Үлкен махаббатпен, әкең.

Хатты оқыған Эмма әлемге жар салуды ойламаған, алайды бұл хаттар жақынын жоғалтқан өзге адамдар үшін күш беруі мүмкін. Сөйтіп, әлеуметтік желіге таратты.

Шолушы: Гүлім Жақан

«Қамшы» сілтейді

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста