Отбасым үшін намыстанамын

Бойжеткен әкесіне арақ пен теледидардан басқа ештеңе қажет емес екенін жазды.


Instagram желісіндегі astana_forum парақшасында 25 жастағы қыз ата-анасымен қирағалы тұрған үйде тұратынын, жігіттермен кездесуге ұялатынын айтып, мұңын шақты. Жас қыз отбасындағы кикілжіңнен шаршағанын, жігіттермен неге кездеспей жүргенін ашық жазды. «Күйзеліске түскен қыздың оқиғасын оқыдым. Менің де жағдайым осыған ұқсас. Алайда оның себебін білемін. Ауыр жұмыс, маскүнем әкеммен арадағы жанжалдан жеке өмірім жоқ. Ақша да жетіспейді. Жасым болса 25-те. Ашығын айтқанда, ата-анаммен "қорада" тұрып жатырмын. Жеке жер үйіміз бар. Ол мүлдем қоршалмаған, әрі үйдің ішіне дұрыс жөндеу жүргізілмеген. Мен жігіттермен кездесуден қашып жүрмін. Себебі, үйімнен ұяламын. Барлық жігіт қызды үйіне дейін шығарып салады ғой», - дейді ол. Ол өнегелі отбасы мұндай үйде тұрмайтынын,  ал әкесіне арақ пен теледидардан басқа ештеңе қажет емес екенін жазыпты. «Әкем арақ ішеді. Ол менің тұрмысқа шығатынымды ойлаймайды.  Күйеу жігітті қалай үйге кіргіземін? Үйдің шаруасы анам мен менің мойнымда. Біз барлығына жауап береміз. Екеуміздің жалақымыз 80 мың теңге. Ол ақша неге жетеді? Анам бұрыннан үйден кетіп қалғысы келетінін айтады. Бірақ баратын жері жоқ», - деп ашынады жас қыз. Сонымен қатар желі қолданушысы үйді жөндеу үшін тағы кредит алу қажеттігін қынжыла жазды. «Үйді жөндеу үшін кредит алу керек. Кейін тағы да ақша жетпейді. Барлығы қайталана береді. Өмір керемет», - дейді ол. 
 
Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста