Неге менімен танысқан жігіттер 1-2 кездескен соң төсекке тартады
Сәлеметсіз бе, қыз-келіншектер, құрметті оқырмандар! Осы сайтты үзбей оқып отырамын. бүгін өзім сіздерден ақыл сұрағым келеді.
Менің жасым 31-де, айырылысып кеткеніме 3 жыл болып қалды. Бір балам бар. Айырылысқаннан кейін 2 жыл ештеңеге алаңдамай, балам мен жұмысыма қарап, жеке өмірімді ойламадым да. Шыны керек жалғаздықтан шаршап кеттім. Жан жылуын, тән жылуын аңсайтын болдым. Соңғы жарты жылда жалғыздықты сезініп, ер азаматпен танысайын, жолы түссе тұрмысқа да шығайын деп шештім. Бірақ жолым болмай қойды.
Құрбым арқылы да, таныстық сайттары арқылы да жігіттермен танысып көрдім. 2-3 адаммен кездесіп те көрдім. Бірақ қазір заман сондай ма, әлде мен қыз емес, бұрын тұрмыста болғанымнан ба, танысқан жігіттерім 1-2 кездесуде ақ төсекке тартып, арам ниеттерін білдіреді. Мен болсам ондайды ұнатпаймын. Неге олай екенін түсінбеймін. Өзім салмақты келіншекпін, ашық-шашық киінбеймін, қатты боянбаймын, мінезім де салмақты, жеңілтек қызға мүлдем ұқсамаймын. Еркектердің сондай ниетін білген бойда көңілім түседі, араласуымды тоқтатамын.
Өзім батыс өңіріненмін. Біздің жақта аздап басқаша ғой менталитет, әйел адамға деген көзқарас. Намаз оқитын, ойы түзу жігіттермен танысқым келеді, ондай жігіттер әйел адамды сыйлап, тойға дейін күнәлі істерге тартпайтын сияқты. Бірақ біздің жақта жат ағымдар да көп, сондықтан тартынамын.
Неге солай? Неліктен жақсы жігіт жолықтыра алмадым. Жалғыздықтан қалай арылсам екен? Сіздер қалай ойлайсыздар?
Аноним