Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел екеуінен де кек алудың ерекше әдісін тапқан

Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел екеуінен де кек алудың ерекше әдісін тапқан

Throwraesq-2023 лақап атымен танымал Reddit қолданушысы күйеуінің әріптесімен көзіне шөп салғанын біліп, екеуінен де кек алудың ерекше әдісін ойлап тапты. 40 жастағы әйел күйеуінің ойнасының жұбайымен қарым-қатынаста болғанын жасырмады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 
Әйел күйеуімен он жыл бұрын танысқанын, некеде үш баласы барын айтты. Шамамен бір жыл бұрын ол жұбайының әріптесімен көзіне шөп салып жүргенін білген. "Мен басымнан өткерген азапты сипаттай алмаймын (...) Өзімді ұсқынсыз, қажетсіз және ақымақ сезіндім", –  деп мойындады пост авторы.

Көп ұзамай ол күйеуінің көңілдесінің жұбайын тауып алады. Әйел ер адаммен байланысып, оған жұбайының жасаған сатқындығы туралы баяндап береді. Бір аптадан кейін олар опасыз сүйіктілерінен кек алу үшін кездесіп, жыныстық қатынасқа түседі. Осыдан кейін оқиғаның кейіпкері мен күйеуінің көңілдесінің зайыбы бір-бірлеріне ұнайтынын түсініп, кездесулерін жалғастыруға шешім қабылдайды.

"Біз бір-бірімізді аптасына кемінде бір рет көреміз. Мен оны жиі көргім келеді, бірақ екеуміз де бұл ақылға қонымсыз екенін білеміз. Сондай-ақ екеуміз бір-бірімізде бар болғандықтан, жұбайларымыздың не істегені маңызды емес деп шештік. Біз оларды кешірдік", – деді ол.

Әйел ол да, оның жаңа сүйіктісі де ажырасуды жоспарламайтынын айтты.

"Мен балаларымның екі үйде өскенін қаламаймын және екеуміз де ажырасудың тым қымбатқа түсетінін білеміз", – деп түсіндірді әйел.

Жазбаға пікір білдірген желі қолданушылары ажырасқаннан кейін өздерін алдап тастап кеткен күйеулері мен әйелдерінің бұрынғы серіктестерінің бір-бірімен қалай кездесе бастағаны туралы ұқсас оқиғалармен бөлісті. Сонымен бірге кейбіреулер посттың авторын күйеуі екеуі бір-бірін алдағаны үшін сынға алды. Алайда пайдаланушылардың бір бөлігі әйелді қолдады.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста