Сәлеметсіздер ме? Мен сіздермен сырласып, пікірлеріңізді білгім келген. Тұрмыс құрғанымызға осы жылдың жазында бес жыл болады. Жолдасым өзімнен 13 жас үлкен. Бұрын үйленіп ажыраскан. Танысқан кезімізде өзін өте жақсы жағынан көрсетті. Ішпейді, шекпейді, жұмысы бар. Менің адамым осы шығар деп ойладым. Жарты жыл жүріп үйлендік.
Той жасамаймын деді, жарайды тойға тірелген еш нәрсе жоқ қой деп келістім. Қысқасы мен онымен тек бір айымды бақытты өткіздім. Бір айдан соң қолын көтеруді шығарды. Өзі намазхан. Осы уақытқа дейін сәби сүйе алмай келеміз. Қаралмаған жерім қалмады, трубаларым жабық екен. ЭКО-ға келіспеді.
Бала бағып алуға да келіспеді. Бар айтатыны тоқал аламын дейді. Жарайды деп оған да келістім. Енді "сен кет қыздар келіспей жатыр" дейді. Ал мен үмітімді үзгім келмейді. Болып қалар деумен келемін. Жиі қол көтереді, үйде аптасына бір ақ рет отырады.
Спа, монша,бильярд, карта айтатыны. Бір жазда үш ай бойы үйде қонбады. "Айгүл "деген қызбен кездесіп жүріпті. "Сен бедеусің, аурусың "деп бетіме басады. Онысымен қоймай аяусыз ұрады. Намазханға бұндай әрекет жат емес пе? Не істесем болады? Кеңес беріңіздерші.