Сүйіктісінің көңілінен шығу үшін бикештеріміз түрлі амалдарды жасап бағады. Күйеудің көңілін табу үшін ең бірінші не істеу керек екенін білесіз бе? Әлі толық білмесеңіз, әрі қарай оқыңыз деп жазады ikerim.kz.
Мінсіз әйел еліктіре біледі
Бұл әйелдер - жыныстық қатынасты сүйіп, одан рахат алушылар. Шындығында еркектерге әйелдердің өзінен қанағаттануы өте маңызды. Егер сіздің ләззат алғаныңызды сезінсе, оның өзін бағалауы жоғарылап сізге деген махаббаты да арта түсетініне сеніңіз. Екі дене бір төсекте гормония табуы керек.
Қыздардың жігітті еліктіре білуі маңызды. Және оны мұқият меңгерген де артықтық етпейді. Себебі әдейі жасалған дүние жасанды көрініп қалуы мүмкін. Сондықтан шынайы түрде сезімді сездіре білу керек.
Әрқашан түрлене біледі
Нағыз әйел төсекте оттай жанады. Бұл деген үнемі төсекті, жыныстық қатынасты қалап тұру деген сөз емес! Тек ондай әйелдер төсек қатынасындағы ойынның түрленіп отыруынан қорықпайды. Үнемі біркелкілік еркекті жалықтырып жіберуі мүмкін. Ал сіз әр түні өзгеріп отырсаңыз, оның рахат алуы да жеңіл болады.
Өз денсаулығына көңіл бөледі
Әрбір әйел өзін күте білуі керек. Оның ішінде жыныс мүшелеріне ерекше көңіл аударғаны жөн. Өзіңіздің бағаңызды біліп, сымбатты болуға тырысыңыз. Ол үшін жыныс мүшелеріне арналған жаттығуларды жасауға болады. Сонымен қатар, әйел өзінің эрогендік аймақтарын білуі керек.
Негізі әйелдің бүкіл денесін эрогендік аймақ деп атауға болады. Себебі нәзіктікке толы мүшенің қай жерін аймаласаң да рахат сыйлайды емес пе? Сол үшін өзіңіздің денеңізді жақсы көріп, оны еркекке дұрыс «сата» біліңіз.
Төсекте бір нәрсе ұнамаса, айтады
Төсектегі мінсіз әйел өзінің қалауын орындатуды біледі. Егер сізге жыныстық қатынас кезінде ұнамайтын жайт болса оны міндетті айту керек. Ауырып, қиналсаңыз да үндемей шыдай беруге болмайды. Ол сізді ұғынбаса түсіндіруге тырысу керек.
Еріңіз төсекте сізді ғана мойындап басқаға назар аудармауын қаласаңыз дамып, түрленіп отырыңыз.