​Еркекке «ТОҚАЛ» қай кезде керек?

​Еркекке «ТОҚАЛ» қай кезде керек?

 Екі бірдей әйелді құшып-сүйген қай еркекке ұнамасын?! Ойын ашып айтпаса да ЕРКЕК болған соң бәрі де қалайды.
 
Екі бірдей әйел күтімін жасап, асты-үстіне түсіп жатса, кімге жаман болсын?! Бірақ... 

Әлеуметтік желіде де, былайғы кезде де қызу пікір-талас тудыратын тақырыптың бірі – «тоқал». Екінші әйел немесе «тоқал» алудың мәселесі әзілмен болса да айтылып қала беретін болған бүгінде. Әрине, екінші әйел алу, сол арқылы қазақтың санын көбейтіп, оң жақта отырған қыздар санын азайту жақсы-ақ. Бірақ бәрі де солай болып жүр ме? «Бірағы» бар, қинайтыны да сол. Әйтпесе, бәрі екі-үш (одан да көп) әйелден ала бермей ме?!
 
Бес саусақты бірдей аузына салғанмен әрі қарай «жұта» алмайтыны сияқты, екі-үш әйелді алғанмен оның үдесінен шыға алу кез келген еркектің қолынан келе бермейтінін ойлаған соң ғой бәрінің бірдей ала алмайтыны. Біріншіден, ЗАҢ бар, екіншісі – шариғат, одан кейінгісі тұрмыстық түйткілдер, әлеуметтік жағдай мен басқа да кедергілер бар. Шариғат дегенде, мұсылман дінінде көп әйел алуға қарсылық жоқ. Бірақ оның да өз тәртібі бар. Жарайды делік, қалауы болған жағдайда ЕРКЕКтің екі әйел (одан көп) алуы қай кезде керек? Еркекке ЕКІНШІ әйел немесе «ТОҚАЛ» қай кезде алуы керек? Үйленіп, ұрпағын көбейткісі келгенде...
 
Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер, Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», - деген қасиетті хадисі бар. Бұл ұрпақ көбейту үшін көп әйел ала беру деген сөз емес. Оны орындау үшін шариғатта қасиетті «неке» деген ұғым бар. Оның шарттарын да білу керек. Ендеше, шариғат бойынша неке шарттарын орындағанда ғана екінші әйел ала аласыз. Бұл үшін келесі қадамда айтылғандары орындай алуға тиіссіз. Екінші әйел алуға бірінші әйелдің келісімін алғанда... Шариғат бойынша неке шарттарының ішінде бірінші некесін бұзбай, шаңырақты шайқалтпаудың жағдайын қарастырғанда ғана екінші әйелге рұқсат бар. Отбасының берекесін алатын жағдайларды ислам діні де құптамайды. Ал шаңырақтың берекесін ұстап тұрған кім? Әрине, әйел. Ендеше, бірінші әйелдің рұқсаты мен келісімін мәжбүрсіз алғанда ғана екінші әйел алуға болады. Бұл адами тұрғыдан да орындалуы тиіс ереже.
 
ЕРКЕК әділетті болған жағдайда... Екінші немесе одан көп әйел алудың шариғи негізгі шарттарының бірі – әділдік жасау. Бұл деген еркек алған әйелдерінің барасында барлық жағдайға байланысты бөле-жармай қарап, әділ бола алса және соған сенімді бола алса ғана. Бір аптаның ішінде бір жарының қасына көбірек жатып, екіншісіне көңіл бөле алмай қалса немесе екеуіне бірдей жағдай жасауға мүмкіндігі келмей, екі әйелден туған балаларына бірдей назар аудара алмай қалса және т.б. жағдайларда әйелдердің бірінің көңіліне күдік кіріуі мүмкін емес пе?
 
Ондай жағдай отбасының берекесі сөгіле бастауы әбден мүмкін. Бұл туралы Құранда да «Егер әділетсіздік жасап қоюдан қорықсаңдар, біреумен шектеліңдер» делінген. (muftyat.kz) Екінші әйел болуға оның ата-анасы рұқсат бергенде... Жоғарыда айтылғандарды орындай келе екінші әйел болуға келісімін берген әйелдің ата-анасының рұқсатын алғанда ғана бұл мүмкін болады. Қыздың қамқоршысының хабарынсыз қиылған неке – мауқуф. Яғни, бұл деген ата-анасы құптамайынша толыққанды ерлі-зайыпты атана алмайды деген сөз. (muftyat.kz) Имам Мұхаммад: «Егер қыздың қамқоршысы оның рұқсатынсыз неке қиылғандығын білсе, некені бұза да алады, құптай да алады» деген. Демек, ешкімге айтпай жасырын қиылған некенің жауапкершілігі де аз болады деген сөз. Мұндай жағдайда шаңырақтың шайқалуы, ол некеден туылған баланың да зардап шегуі мүмкін.
 
Жетімге қамқор, жесірге пана болғым келеді деген шын ниеті болса... «Ата-бабамыз үш-төрт әйелден алған» дегенді алға тартатындар көп. Бірақ көпшілігі неге көп әйел алған дегеннің астарына терең үңіле бермейді. Жоғарыда айтылған неке шарттарын орындай келе қазақ тарихында әмеңгерлік деген салт болған. Ері қайтқан әйелдің баласын бөтенге жібермеу үшін оның қайын інісіне (күйеуінің бауырларының біріне) некелеп қосқан. Бұл жерде жесір әйелге пана, жетімге қамқор болу бірінші орында тұрған. Иә, көз көрмесе де тарихта жас қызды алу жайында да айтылады.
 
Бірақ қандай жағдайда? Сол алған әйелдерінің бәрінің жайын жасай білген, бір-бірінен алалмай бірдей қараған, атадан қалған малды теңдей бөліп, отау тігіп бөлек шығарып, балаларына бірдей қараған емес пе?! Қазақ тарихында ажырасу деген ұғым болмаған ол кезде. (Болған да шығар, ол жайында кездестірмеген екенмін.) Ал қазіргі «тоқал» алу мәселесінің себебінен гөрі тигізіп жатқан зияны көп деуге болады. Соның кесірінен талай отбасы шайқалып, талай бала жетім қалды. Мұндайда талай неке жасырын қиылып, соның әсерінен қаншама көңілдерге қаяу, қанша шаңырақтың үстінде қара бұлт үйірілді. Көңілдерде дық, көздерде жас қалды.
 
Бірінші әйелі «екінші әйел ал» деген ұсыныс тастағанда... Иә, ондай әйелдер бар және оны өзінің де жағдайына, ерінің де күйіне байланысты айтуы мүмкін. Бір әйелдің денсаулығы, енді бірінің ұрпақ көбейтуге мүмкіндігі келмейтін жайттар да болып жатыр. Ерінің соңынан тұяқ қалдырғысы келетін әйелдер де бар және оны ЕРЛІК деп атауға болады. Мұндай жағдайда ерлі-зайыпты жіті ақылдасып, ортақ шешімге келгенде ғана іске асыруға болады. Бастысы – шариғат, Заң және адами қағидаттар орындалуы тиіс. Олай болмағанда оның пайдасынан зияны көп неке болып кетуі ғажап емес.
ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста