Менің тұрмыс құрғаныма бір жылдан асты. Екі айлық балам бар. Бір жыл болар болмастан отбасылық өмірден шаршап кеттім. Күйеуім қыз күнімде соңымнан қалмай, кетем десем жібермей алған. Бар мәселе тұрмысқа шыққан соң басталды. Жолдасым мінезімнің жұмсақ екенін біліп алған, мен болсам оны ренжітуге қимай, әбден басыма шығарып алдым. Кешке кетеді достарына түнгі уақытта бірақ келеді, айтсам ренжиді. Мені адам демейді, жасөспірім бала сияқты ақыл тоқтатпаған. Қыдыру десе алдына жан салмайды. Мен отырам үлыммен соны күтіп. Келгенде бірдеңе десем кешірім сұрап шыға келеді.
Өзім студетпін, балалы болғалы оны бағу үлкен проблема болды. Жүкті кезімде бала туылған соң академиялық демалыс алмай-ақ оқуымды жалғастыра беремін деп келіскен едік күйеуіммен. Ата-енем де келіскен. Бірақ бала туылған соң оны қарайтын адам болмай бірнеше күн көршіге қалдырып жүрдім. Ата-енем қаладан бір сағаттық қашық жерде тұрады. Енем зейнетке шыққан адам. Жалғыз ұлының баласын бағуға міндетсініп, біздің үйге жақында зорға келді. Енді бізбен тұрып жатыр, атам ауылда. Енді күні бойы енемнің менің миымды жеп айтатыны, "атаң айтып жатыр, бізге баланы баққанымыз үшін туылғанда беретін ақшасын келер айда аламыз, содан 50 мың берсін үйде көмір жоқ" дейді. Мен ренжіп отырмын, ол сәбидің ақшасы ғой, күйеуімнен ол ақша алады, енді кішкентай сәбидің ақшасын сұрап жатыр. Сол ақшаға балаға киім-кешек, ходунок сияқты заттар алам деп жүргем. Ал енді келіп, ата-енем туған немерелерін баққаны үшін ақы сұрап отыр. Ата-әже болып немерелеріне туғалы бір жейде алып берген емес. Енем зейнетақы алады, атам жұмыс істейді, ақша жоқ деп жылай береді. Осындайда ашу келгенде есіңе түседі ғой, бізге не той жасамады не бетімді ашпады. Жолдасымнан ақша сұрайды өз өзімізге жетпей жүрсе. шаршап кеттім. Бар туыстарына барған жеріне бізді жамандап жүреді. Баламды алып кетіп қалғым келеді, күйеу болса анау бала сиякты, еркектік қылығы жоқ. Осындай отбасына келгеніме өкінем, қандай ақыл бересіздер?
Айжан, Алматы (есімі өзгертіліп бепрілді)