Элиталы жезөкше қалталы жігіттердің өздерін қалай қорлайтынын айтып берді

Алматының жоғары оқу орындарының бірінде «шығыстану» факультетін бітірген бойжеткен элиталы жезөкшеге қалай айналғанын айтып, өзінің тағдырын қайталамауды сұрады. Бұл туралы ол NUR.KZ  порталына айтып берді.

"Қазір Саин көшесі бойында кәрі әйелдер мен түрі нашар, өзіне қарамайтын көше жезөкшелері тұрады немесе олар арзан қонақ үйлер мен сауналарды жағалап клиент іздеп жүреді. Біз болсақ ондай "арзан" жерде жүрмейміз, арнайы отыратын орнымыз бар. Ол жерде қыздарды түрі мен фигурасына қарап алады. Және жасың отыздан аспауы тиіс. Онда күнде кешке жұмысқа барғандай барамыз. Әдемі көйлек, биік өкшелі каблук, кәсіби макияж, маникюр, педикюр мен прическаң болуы тиіс. Шет тілдерін білсең, жақсылап ән айта алсаң "ставкаң да" жоғары. Бізге келетін қонақтың көбі шетелдіктер. Біреуі бизнесмен, біреуі бір компанияның директоры, тағы біреуі Астанадан келетін министрлер.

Мұндағы қыздардың "Чайный" и "кофейный" деген екі түрі болады: "Чай" қыздар келген қонақтардың көңілін көтеріп, солармен бірге ішіп, ән айтып, би билеп, "счетты раскрутка" жасайтындар. Бұлар ары қарай интим қызмет көрсетпейді. Соған орай отырған бағасы да алты-жеті мың теңге. Көбіне мұндай жұмыстарды оқу ақысын төлей алмай жүрген студент қыздар істейді. Бірақ,"чай" қыз ішімдіктен бас тартпауы тиіс.

"Кофе" қыздар — интим қызмет көрсетеді. Келген қонақ қыздарды өз қалауына қарай таңдайды. "Кофе" қыздар қонақтардың көңілін де көтереді, "счет раскруткасын да жасайды, ішімдікті де ішеді, ары қарай қонақ үйге де бірге кетеді. Олардың қызмет ақылары да жоғары. Бір реттік қызмет құны 100 доллар.

Бірақ, ондағы қыздар одан да жақсы ақша табады. Шет елдік қонақтар өте "жомарт". Көңілін тапсаң бір түнде "500-1000" долларды оп-оңай бере салады. Қазақ ағаларды емес, шетелдіктерді ұстауға тырысамыз. Қазақтар көп келе бермейді. Үлкен –үлкен шенеуніктер қыздарды резерв жасап, Астанаға екі-үш күнге жақсы бағаға алып кетіп жатады. Олар келген күннің өзінде өзбек пен орыстың қыздарын кіргізуге тырысамыз.

Себебі, қазақтар ақшаңды толық бермейді, қыздармен қалай болса солай өктем сөйлеседі, кейде ақыл айтып, ұялтып, жылатып та жатады. Болмаса бір-біріне қарап "Мыналарды кейін балаларымыз келін-ғып әкеп тұрмасын", "Құдай оның бетін ары қылсын" деп көзімізше неше түрлі әңгімелер айтып жатады. Шетелдіктермен бізге "проще", ақшаңды аямай береді, ертесі мейрамханалар мен қымбат сауда үйлерін аралатады. Талай қыздарымыз солардың арқасында үйден үй алып, машинадан машина мініп, өз бизнестерін ашып кетті,- дейді дерекөз.

Бұл жұмыста үшінші жыл жүрген кейіпкеріміз оңай ақша табуға үйреніп алған соң, ол жерді тастай алмай жүргенін айтуда.

Алғаш "чай" болып бастағанмын, кейін "кофедегілердің" көп ақша табатынын көріп, солай қарай ауысып кеттім. Біздің арамызда банк пен ірі компанияларда, телевизияда, шоу-бизнесте жұмыс істейтін қыздар бар. Олар күндіз кәдімгі жұмыста отырады, кешке осы жұмысқа келеді. "Жирный клиент" тауып алсаң, мұнда келудің де керегі жоқ, жеке өзіне ғана барып тұруыңа болады. "Жоғарғы класстың" қыздары шет елде жұмыс істейді, ондайлар көбіне стюардессалар. Кейбіреуінің күйеулері жұмысқа өздері әкеліп тастайды, түнде қайтып алып кетеді.

Бұл жұмыста бұрындары өзбекстандық қыздар көп болса, қазір қазақтың жап-жас қыздары қаптап кетті деген дереккөз, жасөспірім қыздардың арын саудаға салып, "пәктіктерін" сататынын да айтты.

Пәктігін сататын қыздар бар. Оларға көбіне астаналық шенеуніктер мен ірі бастықтар тапсырыс береді. Бағалары да арзан емес, кем дегенде 5000 доллар тұрады. Ондай қыздардың жолы болғыш, ары қарай тоқал болатындар да солар, қазақтың ағалары ондай қыздарды бұл жұмысқа шығармай, ары қарай жағдайын жасап, барлық проблемасын шешіп береді. Кофедегі қыздардың көбі ажырасқан, бір-екі баласы барлар. Ал, шетелдіктерге бәрібір. Бастысы көңілін тауып, жаға білсең болғаны. Талай қыздардың осы жолда жүргенін біле тұра, үйленген шет елдіктерді де көрдік. Қазір екі-үш балалары бар, бірге тұрып жатыр.

Оқу ақысына ақша керек болған соң амалсыз осы жолға бардым деген кейіпкер, ондағы қыздардың көпшілігінің ажырасқан, кейбірінің әке-шешесінің жағдайларының мүлдем нашар екенін айтты.

"Біздің ортамызда тағдырлы қыздар көп, олардың бәрі де іштей өкініп, ар-ұят отына өртенеді. Маған сеніңіз, біздің ұйқымыз да, күлкіміз де тыныш емес. Біз бұл жолға жоқшылықтың кесірінен барамыз. Ал, ақшасы барларға не жорық?! Астанаға барғанда небір шоу-бизнесте жүрген келіншектерді көзімізбен көріп жүрміз.

Оңай келген ақшаға үйренген соң, шығып кету мүмкін емес екен. Арамызда жұмысқа джип мініп келетін қыздар бар. Үйлерін алып, жағдайларын жасап алған күннің өзінде, осы арада жүр. Бұған бір кірген адамның шығып кетуі қиын,- деді есімін жарияламауды өтінген алматылық тұрғын.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста