Ата-анасынан тірі жетім болып айырылған жігіттің жан сыры

Ата-анасынан тірі жетім болып айырылған жігіттің жан сыры

Журналист Гүлзина Бектас әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласына барар жолда таксистің өзіне айтқан жан тебірентерлік әңгімесін баяндап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Сарыағашқа келдік бүгін. Түнде индрайвер іздегенбіз. Жас жігіт екен. Жол қысқарту үшін біраз әңгімелестік. Әлгі жігіттің өмірін естіп, көзіме жас келді", - деді ол.

 

Журналист таксистің оқиғасын былай баяндап берді:

 

"Әкем мен анам ерте ажырасты. Ол кезде тіпті 2-3 жасқа толмаған кезім.

Әкем мүлдем хабарсыз кетті.

Анам мені әпкелерінің қолына тастап, басқа біреудің етегінен ұстап кете барды.

Жалғыз қалдым.

Бірде әпкесінің қолында, енді бірде сіңлісінің қолында жүрем. Бала болсам да, ұсақ-түйек жұмыстың бәрін маған жүктейді. Күні кешке дейін қой бағып келемін. Сонда қалтама бір жапырақ нан да салып бермейтін.

Бір күні қатты ашығып келдім. Әпкем маған сонда не деді дейсіз ғой - "Үйде саған тамақ қалмады". Сол сөз қатты тиді. Бетім ауған жаққа қарай, үйден шығып жүре бердім. Көз жасым тыйылар емес. Сол түні далаға қондым. Айдала. Шабындық басында, қалың шөптің арасында жатырмын. Алыстан шибөрінің дауысы естіледі.

Сөйтіп жүріп, жасым он төртке толғанда Алматыға кетіп қалдым. Темір жинап саттым, базарда түрлі жұмыс істедім. Үш рет өзіме қол жұмсағым келді. Бәрінен аман қалдым.

Қазір екі қыз, бір ұлым бар. Анам мен әкем бермеген мейірімді балаларыма бергім келеді. Күні-түні жұмыста жүрсем де, балаларыма уақыт бөлуге тырысамын. Олар да мені сағынып күтеді, мен де асығып ораламын.

Жақында әкемді таптым. Жағдайы өте жақсы екенін естіп білдім. Кезінде керек етпеген баласын қазір де қажетсіне қоймас деп, хабарласқым келмеді".

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста