Алғашқы түн— ең алдымен қыз бала үшін өте маңызды. Себебі қыздың ары да, ұяты да сол бір тамшы қанға тікелей байланысты. Сондықтан да, алғашқы түніңіз жігітіңізді көлігінде, құрбыңыздың үйінде өткен кеште, жалдамалы квартирада болмауы керек. Алғашқы түн, некеңіз қиылған адал жарыңыздың ақ төсегінде өтуі керек.
Алғашқы неке түні алған әсеріңіз болашақ өміріңіздегі жұбайлық міндет пен неке бақытының қалай боларын да айқындап беруі мүмкін. Алғашқы түнге сіз психологиялық жағынан да дайын болғаныңыз дұрыс. Алғашқы неке түні- қыз бала үшін балалығымен қоштасып жаңа бейтаныс әлемнің есігін ашу болып саналады. Некелескен жарының алдында адалдығын көрсетіп абырой мен ар-намысының тазалығын паш ететін түн. Қыздық перденің маңыздылығы осы тұстан басталады. Себебі сіз қыздығыңызды отасқан жарыңызға үлкен сый ретінде ұсына аласыз.
Қыздық перде табиғаттың қызға берген үлкен айырықша белігісі. Қыздық перде — қыздың қорғанышы және ерте жыныстық қатынастан сақтайды.
Алғашқы түнге дайындық ең алдымен тазалықтан басталады. Қазақ халының салтында жастарды алғашқы неке түніне төсекті жігіттің жеңгелері дайындап, қыздың астына «неке жаулық» деп аталатын жайма төсеп, жан-жақты түсіндіріп бағыт- бағдар береді. Қыздың пәк болып босаға аттағанын да осы жеңгесі бірінші болып біледі.
Неке түнінің басты белгісі қыздың пәктігі (гимен) болып саналады. Егер қыздар бір рет қателессе, ол өмір бойғы қате болып саналады. Бұл жанұяның дұрыс болмауына да себеп бола алады.
Алғашқы неке түні қыз балаға бірден керемет сезім сыйламайды. Себебі, қыз алғаш төсек қатынасына барғандықтан, ауырлық сезініп, қысылып өзін еркін ұстай алмайды. Бұл кезде жігіт оны қаламай тұр деп ойламай, оны ақырын жыныстық қатынасқа дайындауы керек.
Оған жылы сөздер айтып, аймалап сүйіп, өз сезіміңізді жеткізе біліңіз. Онымен өте нәзік болуға тырысыңыз. Себебі бұл түнде сіз салқындық танытқан болсаңыз, қыздың көңілі қалып «жыныстық қатынас тек жаман әсер сыйлайды» деген пікір қалыптасып, келесі де сізге салқынқандылық танытып суып кетуі мүмкін.
Ал қыздар өз тарапынан алғашқы түннің ауырлығын сезіне білінуі керек. Бірден жұрт айтқандай рахатқа бөленіп, оргазм алу деген болмайды. Біртіндеп жыныстық қатынасқа үйренгеннен кейін ғана ләззат алуға болады.
Барлықтарыңыз білулеріңіз керек!
Өтініш админка АНОН...
Сiнiлiмнiн атынан Жазып отырм