Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Көбіне ер адамдар өзінің сырымен бөлісе бермейді ғой, бірақ мен бүгін бар батылымды жиып, осында басымдағы жағдайды жазып отырмын. Нақтырақ айтсам, әйелім туралы айтпақпын.
Әйелімнің тағдыры өте ауыр, жас болса да, тағдырдың теперішін көп көрген. Әйелім 18 жаста. Анасы 15 жыл бұрын, әкесі 5 жыл бұрын кайтыс болған. Оны алыс туыскан апкесі асырап алып, тәрбиелеген. Оны 16 жасында зорлап кеткен. Содан кейін аяғы ауырлап, 17 жасында қыз туады. Ал әпкесі ол баланы Тараздагы жеңгесіне бергізген екен.
Мен өзімнің жұбайымды қатты жақсы көремін. Ол өте жақсы қыз. Сондықтан мен оның өткен өмірі туралы бәрін біле тұра оған үйлендім. Үйленгенімізге көп те болған жоқ. Әйелім катты киналып жүр, күні-түні жылай береді. Оның көзінен үнемі мұң көрем. Қызының суретіне карап көп жылайды. Әйелім катты аурып ауруханага түскенде киімдерін әкеп беруге уйге кеткен болатынмын! Үйге кеп киімдерін салып жатқанда қызының суреттерін жане бірнеше киімін тауып алдым. Иіскесем сәбидің иісі шығады. Әйеліме ешнарсе демедім.
Кеше түнде әйелім шетелде тұартын кіндік шешесімен сөйлесті, сол кезде бірінші рет айелімнің жарқын кулкісін көріп көзіме жас үйілді. Әйелім өте алтын жан. Неше түрлі тагам дайындап береді, өз қолымен түрлі-түрлі сусындар жасайды.Қолынан бәрі келеді, өте пысық. Бірақ түнде мен ұйықтап қалды екен деп жылап алады қызының суретіне қарап. мен соған қатты кынжылам. Әйелім менен жүкті болса да, маған еркелеп, жерік асымды алып бер де деген емес. Өзінің стипендиясына азық-түлік алады, ақшасы артық қалса, маган киім алып береді. Айтайын дегенім, әйелімнің жүзіне қалай күлкі сыйласам болады? Қатты киналып жургенін көріп жүрегім ауырады.
Қазір оның қызы асырап алған ата-анасымен бірге Астанада тұрады. Бірде мен әйеліме оған барып келейік деп те айттым. бірақ ол баланы көрсем, одан сайын жүрегім ауырады деп келіспеді.
Асан, Тараз