Рамазан айында еліміздегі телеарналардың нәпсіні оятатын көріністерді көрсетуіне тыйым салу керек пе?

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының келуі – күллі мұсылман қауымы үшін салтанатты кезең. Бұл айда барша жамағат ораза ұстап, отыз күн бойына ауыз бекітеді. Жаратушыға құлшылық жасап, сауапты іс жасауға тырысады. Тіпті жаһандық телеарналардың көбі Рамазан айына арнайы дайындық жасап, бір ай бойы халыққа мейірімділік пен қайырымдылықты, адалдық пен парасаттылықты, сабырлылық пен тазалықты насихаттайтын туындылар ұсынып жатады. Бұл ретте біздің отандық телеарналар қасиетті Рамазан айына қаншалықты көңіл бөлуде? Кейбір көрермендер «Бұл айда отандық телеарналар Пайғамбарымыздың өмірі туралы фильм көрсеткенімен, оның арасында «Алкогольсыз сыра» мен тағы басқа жарнамаларды көрсетуді доғарар емес» деп өкпе-назын білдіріп жатады. Біз бүгінгі тақырыпта «Рамазан айында еліміздегі телеарналарда нәпсіні оятатын көріністерді көрсетуге тыйым салу керек пе?» деген сауалды ой-көкпардың талқысына салып көрген едік.



Еркінбай ДУАНАЕВ, Қазақстан қажылар қауымдастығы діни бірлестігінің төрағасы:
иә
– Әрине, тыйым салу керек. Нәп­сі­ні оятатын бейәдеп көріністер теле­ар­наларда тек қана Рамазан айында емес, жыл он екі ай көрсетілмеуі тиіс. Жасыратыны жоқ, біздің отандық телеарналар қасиетті Рамазан айына сон­шалықты көңіл бөлмей келеді. Жа­ратушының ерекше ықыласы түс­кен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске са­­­уабы көп, жыл он екi айдың ең қа­дiр­лiсi – Рамазан айында теле­ар­на­лар зорлық-зомбылықты, ұрлық-қар­лықты т.б. күнә істерді на­­си­­хат­тайтын фильмдерді көрсетуді до­­ғарып, оның орнына халықты із­гі­лікке үндейтін, қайырымды іс жа­сау­ға шақыратын бағдарламаларды ұсын­­са, қандай тамаша болар еді. Өкі­­нішке қарай, кейбір телеарна бас­шы­­лары мұның қаншалықты сауабы мол екендігін түсінбей келеді.
Біз бұл туралы қанша рет Парламентке, ми­нистрлікке хат жазып, мәселе көтер­генбіз. Алайда нәтиже шығар емес.
Қасиетті ораза айы бiр ай бойы iшiп-жеуден ғана емес, өтiрiк-өсек айту, бiреудi сыртынан ғайбаттау, бейәдеп сөздер мен қылықтар сияқты адамгершілiк қағида­лары­на жат әдеттерден аулақ болу, яғни рухани тазалық амалын жасау үшін түскен. Ораза ұстаған адамда Алладан қорқу, Оны сезiп тұру, тақуа сезiмi пайда болады. Ораза нәпсiнi тiзгiндеп, жүректi тазартады. Жүректе Алла тағалаға деген сүйiспен­шiлiк­тен басқаға орын қалмайды. Ораза ұстаушы­ның күнәлары кешiрiлiп, сабырлы­лығы мен кешiрiмдiлiгi артады. Аштықты басынан өткiзген адам кедейлер мен кем­бағал жандарға жақсылық iстеу керектiгiн жүрегiмен сезiнiп, түсiнедi. Сондықтан Рамазан – қайырымдылық, мейірiмдiлiк, сауап-амалдар жасайтын, күнәлар кешi­рiлетiн, iстеген ғибадаттарымызға орай, тақуалығымыз үшiн ұжмақ нығмет­терiмен сыйланатын ай. Оның үстіне, қазір ақпа­раттық технология қарыштап дамыған заманда оның да мүмкіндігін дұрыстап пайдалансақ екен деймін. Енді интернеттегі нәпсі оятатын көріністерге тыйым сала алмасақ та, тележәшік өзіміздің қолымыздағы дүние емес пе? Оларға неге тоқтау сала алмасқа? Қалай десек те, тиісті органдар Қазақстан халқының 70 пайызы­нан астамы мұсылман жамағатына жата­ты­нын ескеріп, қасиетті Рамазан айында телеарналарда нәпсіні оятатын көріністерді көрсетуге тыйым салуы тиіс. Оның орнына халықты ынтымаққа, елдікке, мейірімді болуға шақыратын бағдарламалар жасау­ға үгіттеуі керек.



Арман ШОРАЕВ, «КТК» телеарнасының бас директоры:
жоқ
– Біз қандай жағдай болмасын мін­деттеу, мәжбүрлеу, тыйым салу де­ген­нен қашуымыз керек. Бі­рін­ші­ден, ді­німізде зорлық жоқ. Екіншіден, біз ша­риғат заңымен жүретін мұ­сыл­ман елі емеспіз. Ата Заңымыз бо­йын­ша, біз за­йырлы құқықтық мем­ле­кет­піз. Сон­дықтан «сен мына айда мы­­надай фильм көрсетпе» деп шек­теу қой­ға­нымыз дұрыс емес. Әр теле­арнаның өз жос­­пары, алда бе­кіт­кен бағдар­ла­ма­ла­ры болады. Олар сол бойынша жұ­мыс жасайды. Әрі-беріден соң, ол те­леарналардағы фильмге бай­ла­ныс­ты емес, бұл әр адамның сана­сы­на, има­нына бай­ла­нысты. Ал ізгілікті, қа­йы­рымдылықты, ме­йірімділікті на­си­хат­тауға келетін болсақ, әр телеарна өз­дерінің ша­ма­сы жеткенше бұл ту­ралы неше түрлі туын­дыларды қазақ және орыс тіл­де­рінде көрсетуде.
Сондықтан тыйым салу, мәжбүрлеу түрінде емес, ұғындыру, түсіндіру арқылы әрекет етуге тиіспіз.
Демократиялық қоғамда өмір сүрген­діктен, тыйым салу, цензуралау дұрыс емес. Оның үстіне, өзіңіз де білесіз, бізде дін мемлекеттен бөлек. Егер біз бүгін мұсыл­мандар мерекесіне ерекше назар аударсақ, ертеңгі күні христиандар, буддистер «біздің сыйыну рәсіміміз неге арналарда көрсетілмейді?» деп шу шығаруы мүмкін. Сондықтан біз бұл жерде бейтараптық сақтағанды жөн көріп отырмыз. Бұл ретте Рамазан айын жан-жақты насихаттау – Қазақстан мұсылман­дары діни басқармасы мен «Асыл арна» ислами ағартушылық телеарнасының негізгі жұмысы болуы тиіс. Ал біз жаңа­лықтар қызметі арқылы осы айда жер-жер­де өткен ауызашар рәсімдері, қайы­рым­дылық шаралары, халықты иманды­лыққа шақыратын оқиғаларды насихат­тауға тырысамыз. Бірақ «нәпсіні оятады» деген желеуді алға тартып, көрсетілетін фильмдерге тыйым салудың керегі жоқ. Өйткені есі дұрыс адам теледидардан атыс-шабыс, зорлық-зомбылықты көре салып, бірден қандай да бір сорақы әре­кетке бармайды. Сондықтан телеарна­лар­ға сын таға бергенше, бала тәрбиесіне кешен­ді түрде айрықша көңіл бөлген жөн. 

                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Рамазан СӘРПЕКОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Қасиетті Рамазан айының шарттарының өзі бір ай бойы ішіп-жеуді тыйып, халықты сабырлылыққа, төзімділікке шақырады. Егер халықтың сана-сезімі, ой-өрісі жоғарылап, дінге, Рамазан айына деген құрметі жоғарылай беретін болса, онда мұны мәжбүрлі түрде тыйым салмай, түсіндіру арқылы-ақ шешуге болады. Дегенмен бұл айда телеарналар шектен шыққан сорақылықты көрсете беретін болса, онда шектеу қою артықтық етпейді деп есептеймін. Дегенмен қазір біздің еліміз дамы­ды, халқымыздың дінге деген құрметі күннен-күнге артып келеді. Бұл уақыт өте келе, өздігімен шешіліп, алдағы уақытта телеарналар да Рама­зан айындағы көрсетілім кестесіне жақсы өзгерістер енгізеді деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста