Ораза айында азық-түлік бағасын арзандатудың жолдары бар ма?



Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Әрине, ораза айында азық-түлік бағасын ар­зан­да­ту­дың жолдары бар. Қыстан бері қатты қым­бат­тап кетті ғой. Мұндай қым­бат­тау бұ­рын болған жоқ. Бұл бағаның негізсіз көтерілуі деп ой­лаймын. Сон­дықтан, біріншіден, негізсіз қым­бат­таған ба­ғаны тежейтін кез жетті. Екіншіден, биз­нес­тің әлеу­мет­тік жауапкершілігі деген игілікті шараны осы Рамазан айында неге іске қоспасқа? Бәріміз бір бауыр – мұ­сыл­ман баласымыз ғой. БҰҰ шеңберінде бизнестің әлеу­­меттік жауапкершілігі бойынша арнайы бағ­дар­лама бар. Елдің жа­нашыр азаматы ретінде Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығына орай, отандық кәсіпкерлер, саудагерлер бүкіл ислам әле­мінде қалыптасқан игі дәстүрді іліп әке­тіп, қайы­рым­дылық, жеңілдік ша­ра­ларын бір ай бойы қолға алса, нұр үстіне нұр болар еді. Бір жағы – сауап, екінші жағы ха­лық­қа қызмет бол­мақ.



Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ баспасөз хатшысы:
– Біз 70 пайыздан астам халқы мұсылман елміз. Алла тағала бұл қасиетті ай­дағы жақ­сылықтың сауабын еселеп арттырады, 70 еседен көп сауапқа ке­нел­теді. Ислам елдерінде ораза айында қолынан келгенше мүмкіндік жасап, азық-түлік, тауар, қызмет түр­лерінің ба­ғасын барынша арзандатады. Мысалы, Түркия, Мысыр елдерінде ауыз­ашар­дың уа­қытында кез келген асхана-мейрамханалар көшеден өтіп бара жатқан адам­дарға «бізге ке­ліңіз» деп таласып, тегін ауыз аштыруға тырысады. Осындай игі бас­таманы біздің бүкіл мешіттеріміз қолға алып жатыр, Алматы орталық мешіті бірнеше жылдан бері ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар беріп келеді. Бас мүфтиіміздің игі үн­деуіне бірқатар сауда орындары үн қосып, қолдау білдіріп отыр. Астанадағы алты ірі сау­да орталығы, мәселен, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, «Рамстор» сауда ор­та­лы­ғы, «Кәусар» халал кешені, «Бақара» ет ком­бинаты, «Төрт түлік» халал ет дүкені және т.б. Рамазан айында өз өнімдерін 10 пайыз же­ңілдікпен ұсынып отыр. Көкшетауда ба­зар­лар делдалсыз жеткізілген тауар өнімдерін арзан бағамен сатуды жолға қойды. Ру­хани дүниелер де арзан бағамен халыққа жеткізіліп жа­тыр, мысалы, «Көкжиек» баспасы діни басқарманың сараптауынан өткен кітаптарды 10 пайыз арзан бағамен көпшілікке ұсы­нып отыр. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Кез кел­ген жақсы іске бастамашы бол­ған адам соны атқарғанның сауабын алады» деген жақсы ха­дисі бар. Осы игі бас­та­маны көкірегінде иманы бар азаматтар қолдайды деген үмітт­е­міз.



Тимур НАЗХАНОВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:
– Шынын айтқанда, кез келген кәсіпкер өнімін арзандау сатқысы келеді, көбірек өтсін, табысты болсын дейді. Алайда қазіргі кезде жанар-жағармай бағасы күннен-күнге қымбаттап жатыр. Ресейдегі бензин бағасының қымбаттығын ескерсек, биліктегі азаматтар біз­дегі бағаны төмендетеміз дей алмайды. Керісінше, баға тағы кө­те­рілуі мүмкін. Сондықтан біздің өнім өн­ді­рушілер Ресейдегіден арзан баға қоя алмайды. Кәсіп­кер­лер ораза кезінде енді бір ай бойы емес, әрі кетсе 2-3 күн ғана жеңілдік ұсына алуы мүмкін. Өйткені олар салығын, жұмыс­шы­лар­дың жалақысын төлеуі керек, күнде келетін тек­се­р­у­ші­лер­ге де бастырық беруіне тура келеді, қысқасы, бұл – оңай шаруа емес. Бір ай бойы жеңілдік жасау еш­теңе шешпейді ғой, бұл үшін салық саясатын оңайлатып, мо­но­по­листермен жүйелі жұ­мыс жасап, реформаны іске асыру керек. Отан­дық кәсіп­кер­лер, сау­дагерлер 10 пайыз емес, 3-5 пайыз жеңіл­дік жасай алуы мүм­кін, себебі оның төркіні тереңде жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста