2012 жылдың 20 шілдесі – қасиетті Рамазан айының бірінші күні

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти:
Қасиетті Рамазан құтты болсын!
Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау мен мадақ әлем­дердің Раббысы Алла тағалаға, сан­сыз салауатымыз сүйікті пайғамбары­мызға (с.ғ.с.) болсын! Жыл бойы сағына күткен қасиетті Рамазан айы­на жеткеніміз үшін Жаратқан иемізге сансыз шүкірлік етеміз.
Құрметті мұсылман бауырлар мен қымбатты отандастар!
Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті  Рамазан – сансыз құлшы­лық пен дұға-тілекке толы сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған иеміздің рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа мерзім­мен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан.
Ораза адам жанын тазартып, жаман іс-қылықтардан сақтайды. Құранда Алла тағала: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят), – дейді.
Аятта айтылғандай, оразаның мақсаты – мұсылманды рухани та­зар­тып, тақуалыққа жетелеу. Тақуа­лық – күнәдан сақтану, Алла тағала­дан қорқу, тек соған ғана сиынып, жалбарыну. Ендеше тақуалық – Алла тағалаға бойұсыну, әмірлеріне құл­дық ұрып, тыйғандарынан тыйылып, иманды, көркем мінезді, парасатты жан ретінде, Ұлы Жаратушының сыйлаған сансыз нығметтерінен айырылып қалудан сақтану. Демек, оразаның мақсаты – жанды рухани тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіні тізгіндеу.
Нәпсі – бойдағы пенделікке тән құмарлық сезім. Адам баласының адамгершілік биігіне көтерілуі мен мінез-құлқын көркемдеуі – нәпсісіне ие бола алуында. Ал нәпсіні тізгін­деуде ораза зор мәнге ие. Мұның басты шарты ораза тек Алла тағала­ның ризашылығы үшін ұсталуы тиіс. Бұл айда мұсылман жүрек түкпіріне түрлі жат ойлардың ұялауына уақытша болса да жол бермей, нәпсімен күресте барынша жігерлілік пен белсенділік танытқаны жөн. Бүкіл дене мүшелеріндегі жағымсыз қылықтар мен іс-әрекеттерге кісен салуға тырысады. Тілі бос сөздерге күрмеліп, небір жақұт-маржан наси­хаттық сөздерге ағытылады. Қолы адал нәрсені ұстап, аяғы сауап іздеп, жақсылыққа қадам басады. Осындай ізгі жандардың жадында Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Кімде-кім жалған сөйлеуін қоймаса, жағымсыз қылық­тарынан тыйылмаса, Алла тағала ондай адамның тек ауыз бекіткеніне мұқтаж емес», – деген салмақты ес­кер­туі жаңғырып тұрары хақ. Расында да, ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Пенде өз білуінше, денсаулығын көздеп ашығумен діттеген мақсатына жете алмасы хақ. Себебі ораза – тек Алла тағаланың разылығы үшін жасалатын зор құлшылық мұсылманның парызы. Қасиетті хадисте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – мені мен құлым­ның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды мен ғана өлшеп, мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөліркегеннен шыққан ауыз иісі мен үшін мисктен де артық», – дейді.
Сонымен қатар, бұл қасиетті айда тек қана ішіп-жеуден ғана емес, өсек-ғайбат сынды т.б. да пендеге тән жағымсыз жаман әдет-қылық­тардан барынша іргені аулақ салған абзал. Өйткені ораза тек ішіп-жеуден тыйылу үшін ғана емес, сондай-ақ құлақ, көз, тіл күнәларынан да сақта­ну үшін ұсталады. Сол үшін құлшылық амалдарымызды арттырып, неғұр­лым Алланы көбірек еске алып, қайта-қайта Құран оқумен қатар, мешіттердегі әр кешкі тарауих нама­зына да қатысқан жөн. Рамазанда мың айдан да қайырлы Қадір түнінің қасиеті мен жасалар ғибадат-құлшы­лықтың сауабын да санап тауысу мүмкін емес. Құран кәрімде: «Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін сен білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түнде Раббысының рұқсатымен періштелер және Рух (Жәбірейіл ғ.с.) әрбір іске (жерге) түседі. Ол түн тыныштыққа толы. Бұл таң атқанша (жалғасады)» («Қадыр» сүресі, 15-аят), – делінген. Ал Алла елшісі (с.ғ.с.) болса, осы рамазан айы туралы: «Рамазан келгенде жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді», сондай-ақ, «Шынында жәннатта бір есік бар, ол Раййан  деп аталады. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар ғана кіреді», – деген.
Құрметті мұсылман бауырлар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл бол­ғай! Алла тағала баршамызды шы­найы ықыласпен ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың Раййан есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан құтты болсын!

Мейірімді, рахымды Алланың атымен!
Рамазан – мұсылмандардың ұлық мерекесi
«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бiрден ораза ұстайтын болсын. Егер бiреулер ауру болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Алла сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi.»
(«Бақара» сүресi, 185-аят)

ЕСКЕРТУ:
Биыл, яғни 2012 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы – 30 күн.
1.Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түн – Ләйләтул-Қадр, яғни қасиеттi Қадiр түнi.
2.Сәресi iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
3.Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.       
4.Тарауих намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
5.Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Пітір Алматы бойынша – 100 теңге.
6.19 тамыз (жексенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Алматыда сағат 7.00-де оқылады.
7.Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.
8.Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан ием, Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық  несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Құрметтi мұсылман бауырлар!
Алла тағала бәрiңiзге мықты денсаулық, зор күш-қуат берсiн, жасаған ғибадаттарыңызды қабыл етсiн!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста