Жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қажет пе?

Жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қажет пе?

Мамандар еліміздегі жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық қылмыстардың қатары азаймай отырғанын айтады. Алаяқтардың құрған торына, көп жағдайда, жалғызбасты қарт адамдар не мүгедек жандар түсіп жатады екен. Алаяқтар қарт адамдардың сеніміне кіріп, оларды алдап, сенімхатқа қол қойдырып алады да, өздерінің арам пиғылдарын іске асырады. Сондықтан кей мамандар қарттарды алаяқтардан арашалау үшін «жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қажет» деген ойды алға тартады. Алайда, «жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заңнан гөрі нотариустердің жауапкершілігін арттыратын, қарттарды қорғайтын заң қабылдаған дұрыс» деп, қарсы пікір айтушылар да бар. Бүгін «Алаш айнасы» «Жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қажет пе?» деген сауалды мамандар талқысына салып көрген еді.


ИӘ
Абзал ҚҰСПАНОВ,
заңгер:
– Әрине бүгінгі таңда заңға осындай өзгеріс енгізу қажеттігі туындап отыр. Мен бұл пікірмен келісемін. Өйткені, өз қызметтік тәжірибемде жылжымайтын мүлікке қатысты жасалып жататын алаяқтық әрекеттер көптеп кезігіп жатады. Көп жағдайда, алаяқтар үлкен жастағы кісілерді, мүгедек жандарды алдап, «осы адамға менің атымдағы жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және аталмыш жылжымайтын мүлікке қатысты өзге де әрекеттерді іске асыруды сеніп тапсырамын» деген сенімхатқа қол қойдырып алады да, баспананы сатып жібереді. Көп жағдайда қарт адамдар не мүгедектер қандай құжатқа қол қойып жатқанын да білмейді. Өйткені, алаяқтар «бұл зейнетақыға не әлеуметтік көмекке қатысты құжат» деп алдап, қол қойдырып алады. Онан соң алаяқтар ол пәтерді тағы екі-үш адамға сатып жібереді. Арадан бес-алты ай өткенде, «мен осы пәтердің иесімін, үйді босат» деп бейтаныс біреу есік қағып тұрады. Егер алданған азаматтың туған-туысы болып, дер кезінде жағдайдан хабардар болса, сотқа беріп жатады. Десе де, арадан біршама уақыт өтіп кеткен соң, алаяқтардың әрекетін дәлелдеу де оңай болмайды. Кей жағдайда, қорғайтын ешкімі болмаса, үлкен жастағы адамдар қарттар үйінен не ауруханадан табылады. Тіпті, із-түзсіз жоғалып кетіп жатқандары да бар. Сондықтан жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қажет-ақ. Егер заңға осындай бап енгізер болсақ, онда талай қылмыстың алдын алып, алаяқтардың жолы кесілер еді. Әрине, алаяқтықты бір адам жасамайды. Мұндай істе ұзын сонар тізбек болады. Өйткені, тізбек қанша ұзын болса, соңын табу қиынға соғады. Сонан соң бұл жерде кей нотариустардың өз міндетіне жауапсыздықпен қарауы да алаяқтыққа жол ашады. Тіпті, кейде бұл жағдайдың алаяқтық екенін біле тұрса да, белгілі бір сыйақы алып, мән-жайға көз жұма қарайтындар да табылады. Қылмысы дәлелденіп, қамалып жатқандары да жоқ емес. Десе де, алаяқтықтың жолы кесілмей тұр. Сондықтан, біріншіден, жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң керек. Екіншіден, туысқандардың жалғызбасты қарт не мүгедек адамдарға үнемі қамқорлық жасап отырғаны абзал. Қоғам да бұл жағдайдан шет қалмауы керек. Егер жалғызбасты қарт көршіңізге күдікті бөтен адамдар келіп жатса, ол туралы полицияға хабар берген жөн. Сол арқылы әрбіріміз қоғам алдындағы азаматтық парызымызды орындап, қылмыстың алдын алуға көмегімізді тигізе аламыз.


ЖОҚ
Нұрболат АЙЕКЕШОВ,
әлеуметтанушы;
– Егер сенімхат беруге жауапты орган өз міндетін адал атқармаса, жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қабылдағанмен жылжымайтын мүлік төңірегіндегі алаяқтыққа тосқауыл қоя алмаймыз. Мұның себебін айтайын. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша да, нотариус сенімхат беретін адамның ақыл-есі дұрыстығына, жасап жатқан әрекетіне жауап бере алатын жағдайда екеніне көз жеткізуі тиіс. Егер жасалып жатқан әс-әрекет қандай да бір күдік туғызса, нотариус ондай мәмілені растамауы қажет. Сондай-ақ, ол туралы құқық қорғау органдарына хабар беруі керек. Өкінішке қарай, базбір нотариустер өзіне ғана белгілі себептермен міндетін тиісті дәрежеде орындамайды. Яғни, заң талаптарын сақтамайды. Егер, нотариус заң талабын сақтамайтын болса, онда жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қабылдағанымызбен алаяқтықтың жолын кесе алмаймыз. Бүгін сенімхатқа тыйым салсақ, олар ертең сату-сатып алу келісімшартына қол қойдырып алады да, қорғансыз жандардың баспанасын сатып пайда көруін жалғастыра береді. Сондықтан, менің ойымша, алаяқтық келісімдерді растаған нотариустерге қатысты қатаң жаза қолдану қажет. Егер нотариус өз міндетін мүлтіксіз орындар боса, аляқтық орын алмас еді. Бұл жерде әңгіменің төркіні нотариустерге байланысты болып отыр. Сол себепті, жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қабылдағанша, бар заңның орындалуын қатаң бақылаған абзал. Бақылау, қадағалау болмаған жерде заң тиісті дәрежеде жұмыс істемесі анық. Осы тұста, мен қарт ата-анасын, туысын жалғыз қалдырғандарға шара қолданатын заң қажет дер едім. Кейде ешкімі жоқ деп жүрген қарт қайтыс болса, аяқ асты бірнеше туысы табыла кетеді. Бәрінің көздегені артында қалған мұра. Баспанасына ие болғысы келеді. Ұялмай, соған таласып, бірін-бірі сотқа беріп жатады. Қарияға қамқорлық жасамай, жалғыз тастап кеткендерді мұрагер болу құқығынан айыру керек. Бізде баласын тастап кеткен ата-анадан алимент өндіретін заң бар, бірақ ата-анасын қарамай тастап кеткен балаға жауапкершілік қарастырмаймыз. Қазір қанымызда болмаған, адамилыққа жат – ата-анасын қараусыз жалғыз қалдыру деген көбейіп барады. Меніңше, ата-анасын қараусыз қалдырған балаларға алимент төлететін заң қажет. Егер ата-анасын тастап кеткендерден алимент өндіретін, қараусыз қалдырғандарды мұрагерлік құқығынан айыратын заң қабылдасақ, мұның тиімділігі жоғары болар еді. Егер жалғызбасты адам баласының қамқорлығында болса, онда алаяқтар да ондай қарияны алдауға талпынбас та еді. Өйткені, аляқтар алдымен жалғызбасты қарт туралы мағлұмат жинайды. Егер ешкім қамқорлық жасамай, жалғыз күнкөріс етіп жүргенін білген жағдай да ғана іске кірісіп, арам пиғылдарын жүзеге асырады. Сол себепті, жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заңнан гөрі нотариустердің жауапкершілігін арттыратын, қарттарды қорғайтын заң қабылдаған дұрыс дер едім.

БЕЙТАРАП ПІКІР
Нұрлан АПАХАЕВ,
заңгер:
– Әрине, жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қабылдау арқылы баспана алып-сату төңірегіндегі алаяқтықты түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес. Десе де, осындай заң қабылдау арқылы жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықты біршама азайтуға болар еді. Сондықтан, менің ойымша, жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатуға тыйым салатын заң қабылдаудың артықтығы болмайды. Сондай-ақ, нотариустер де жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сату жағдайларына аса мұқият қарауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста