«Жастарымыз ЖОО-ға білім алу үшін емес, диплом алу үшін барады» деген пікірмен келісесіз бе?

«Жастарымыз ЖОО-ға білім алу үшін емес, диплом алу үшін барады» деген пікірмен келісесіз бе?

Дерек көздеріне сүйенсек, жыл сайын диплом алған жастардың жартысына жуығы мамандығы бойынша емес, мүлдем басқа салада қызмет етеді екен. Яғни жастар дипломын сандық түбінде сақтап, нанын басқа кәсіптен іздейді. Ауылдағы ағайын да соңғы сиырын сатып болсын баласына диплом алып беруді көздейді. Ал ол мамандықтың қоғамға қаншалықты қажеттілігін ескере бермейді. Бүгінгі қоғамда қалыптасқан осы үрдіс жастарымыз ЖОО-ға білім алу үшін емес, диплом алу мақсатында ғана барады деген ойымызды нақтылай түсетіндей. Бұдан қоғамға қандай қауіп бар? Жалпы, «жастарымыз ЖОО-ға білім алу үшін емес, диплом алу үшін барады» деген пікірмен келісесіз бе» деген сауалдар төңірегінде мамандарды сөзге тартып көрген едік.


Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық қозғалысының жетекшісі:
иә
– Бұл риторикалық сұрақ. Кез келген заманда, қай қоғамда болсын бі­лім алатын жастар екі топқа бөлі­не­ді. Бір бөлігі білім алу үшін оқыса, енді бір бөлігі – диплом алуды ғана мақсат ет­кендер. Және бұл жағдайды еш қо­ғам, еш мемлекет өзгерте алған емес. Бұл – жылдар бойы қалыптасып келе жат­қан жағдай. Тек кейбір кездері дип­лом алу үшін оқитын жастардың са­ны артса, енді бір кездері білім қу­ған жастардың үлес салмағы артады. Осы орайда бір кездері біздің елімізде де диплом алуды ғана мақсат еткен жас­тардың саны артты. Бұған жаң­быр­дан кейінгі саңырауқұлақша қап­та­ған жекеменшік ЖОО-ның да ы­қ­палы болды. Жекеменшік ЖОО қалай бол­са солай білім берді. Ал онда кім көрін­ген білім алды.
Мектепті ілініп-салынып жүріп әзер бітір­гендер де диплом алу мақсатында ғана әлгі жекеменшік оқу орындарының табалдырығын аттады. Нақ осы жеке­меншік оқу ордаларының түлектері қоғам сұранысына жауап бере алмайтын болғандықтан бүгінде «дипломды жұмыс­сыз­дар» атанды. Бүгінгі күні қоғамымызда қаптап кеткен жоғары білімді жұмыс­сыздар осы жекеменшік оқу ордаларының же­містері деп білемін. Сондықтан қоға­мымызда білім алу үшін емес, диплом алу үшін ЖОО-ға түскен жастар барын жоққа шы­ғаруға болмайды.
Шынын айту керек, дәл қазіргі таңда елімізге қай салада қанша маман керек екенін де есептеп жатқан ешкім жоқ. Белгілі бір ұйымдар мониторинг шығарып, мына салада мынша маман жетіспейді деп отырған жоқ. Жастар бей-берекет өз қалаулары бойынша білім алуда. Мұндай есеп жүргізілмегеннен кейін де кейбір дип­ломды мамандардың өз саласы бойын­ша қызмет ете алмауы заңдылық деп ойлаймын. Бірнеше жылдан бері елі­міз­де заңгерлікті, экономистікті оқыған жас­тар қаптап кетті. Ал олардың барлы­ғына бірдей бұл мамандық жетіспейді. Сосын заңгерлік дипломымен нан таба алмайды да, еріксіз жұмыссыз атанады. Немесе заңгерлікті бітіріп, қарауыл болып істей береді. Сондай-ақ жастардың диплом алу мақсатында ғана ЖОО-ға түсуіне мектептердің де әсері бар. Олар дер кезінде балаларға мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар бермейді. Содан кейін жастар қай салада мол ақшаның иісі шығатынын аңдиды. Сол саланың нағыз маманы болуды емес, әйтеуір сол маман­дық­тың дипломына қайтсе де қол жет­кізуге тырысады. Мұның бәрі жастарымыз білім алу үшін емес, ЖОО-да диплом алу үшін оқиды деген пікірдің туындауына негіз болады.
Алайда атап айта кетерлік жайт, бүгінгі күні қоғамымызда шын мәнінде ЖОО-да білім алу үшін оқитын жастардың саны артып келеді. Сондықтан келешек нағыз бі­лім­ді жастардың қолында екенін жас буын түсініп келе жатқанына қуанамын.


Нұрлан ЖАМАДІЛОВ, Алматы қалалық құрылыс және бағалау колледжінің директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі:
жоқ
– Жоқ, мен бұл пікірмен келіспей­мін. Жастарымыз жоғары оқу орнына білім аламын, белгілі бір мамандық­тың тұтқасын ұстаймын, сол мақсатта диплом аламын деп барады. Алайда көп жағдайда диплом алған соң ма­ман­дығы бойынша жұмыс таба ал­май­ды да, басқа кәсіптерді жағалай­ды. Ал төрт-бес жыл бойына ізінен жү­гірген дипломын сандыққа салып қоюы­на тура келеді. Бүгінгі күні ЖОО-ға түсу ғана емес, қызметке тұру да оңай емес. Болмашы жалақысы бар қыз­меттің өзіне пара беріп тұруға тура ке­леді. Не тамыр-таныс жағалау ке­рек. Амалсыз не танысы, не беретін пара­сы болмағаннан кейін дипломды ысы­рып қойып, нанын басқа жақтан із­деуіне тура келеді. Бұған жастарды кінәлаудың қажеті жоқ.
Мұндай жағдайдың орын алуына қоғамда қалыптасып отырған бүгінгі күнгі ахуал кінәлі. Сондықтан жастарымыз ЖОО-ға диплом алуды ғана ойламай, шын мә­нін­де, сол саланың білімді маманы болуы үшін барады деп сеніммен айта аламын.
Мен де бір оқу орнын басқарып отыр­мын. Сонда жастардың қатарынан өз ма­ман­дығына деген сүйіспеншілікті, маман атануға деген құлшынысты көп байқай­мын. Әрине, бұл мені қуантады. Біз тіпті со­нау күнкөріс қиындаған алғашқы жыл­дары талай талантты мамандарымыздан айырылып қалдық. Өз ісін жетік білетін олар мардымсыз жалақыға қарап оты­р­ғы­сы келмей, дипломына да қарамастан, қыз­метін тастап, саудадан нәпақа іздеп кетті. Нәтижесінде біз бүгінгі күні еліміздегі бар­лық мектептерді ер мұғалімсіз қалдыр­дық. Соның зардабын да тартып отырмыз. Мә­селен, мектептегі оқушылардың бойын­да бүгінгі күні ер адамның тәрбиесі жетіс­пейді. Балабақшада да, мектепте де тек әйел ұстаздардың алдын көрген оқу­шы­лардың мінез-құлқы мүлдем бөлек. Шын мәнінде, бұл – үлкен мәселе. Бүгінгі күні де бұл саладағы мамандардың жала­қысы мардымсыз. Содан кейін ер балалар ұс­таз болғысы келмейді. Сондықтан бұл жер­де біз бар мәселені жастардан емес, қо­ғам­нан іздеуіміз керек. Қайта қазір жас­тар бүгінгі күн бәсекенің заманы екенін түсі­ніп келе жатыр. Бір-бірімен бәсекеле­сіп, білім­ді болуға ұмтылады. Талай оқу­шы­ла­рымыз халықаралық олимпиадалар­дан топ жаруда. Мұның бәрі – жастардың білім­ге ұмтылғанының көрінісі.
Жасыратыны жоқ, бүгінде талай алтын басты жастарымыз шетелдің мүддесі үшін жұмыс істеуде. Осы жағы мені ойлантады. Олардың біліміне қызыққан шетелдіктер өздеріне алып қалуға тырысты. Алып қалды да. Жақсы жалақы, қызмет, пәтер беріп, өздеріне қалдырды. Енді олар өзге ел­дің дамуы үшін қызмет етіп жатыр. Бы­лайша айтқанда, білімді жастарымыздың миы өзге елге қызмет етуде. Біз осыны тү­сінуі­міз керек. Жастар білім үшін емес, дип­лом үшін оқиды деп кінәлаудан гөрі, әр баланың білімін ел мүддесі үшін тиімді пай­далануды үйренуіміз керек.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Белгібай ШАХМЕТОВ, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры:
– Мүлдем оқымай қалғанынан гөрі білім үшін оқыса да, диплом үшін оқыса да жастарымыздың ЖОО-да оқығаны дұрыс. Қай бір жылы әскер қатарындағы жастардың тең жартысы жоғары білімді мамандар екен деп бөркімізді аспанға атып қуандық. Бәрібір ЖОО жастарды тәрбиелейді. Ал сол мектеп бітіргеннен кейінгі төрт-бес жылда тектен- текке қарап жүрсе, жастар әртүрлі жаман әдеттерге әуестеніп кетуі әбден мүмкін. Одан гөрі білім алып ЖОО-ның қабырғасында жүргені артық. Сондықтан өз басым қандай жолмен болсын жастардың білім алуын құптаймын. Шын білімділер топ жарып, өз қызметінің маманы атанар, нашарлары, әйтеуір, басқа сферадан болсын нанын тауып жейді. Ең бастысы елімізде білімді, сапалы ұрпақ қалыптасады. Ал оның несі жаман?! Негізі, біздің медицинаны бітірген мамандар далада қалмайды. Қай жас болсын жеті-сегіз жыл уақытын тектен текке өлтіру үшін емес, шынайы осы мамандықты қалап келеді. Оның үстіне, медицина – өте қиын сала. Егер анау-мынау адасып келгендер болса, осы жылдар ішінде өз жөнін табады. Ал шыдағандары маман атанып, диплом алады. Әйтеуір, медицина саласының бір бөлшегіне барып, кірпіш болып қаланады. Сондықтан бәрін уақыт өзі реттейді дер едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста