«Жанар-жағармай бағасы есебінен көлік салығын алып тастау керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Таяуда мұнай және газ министрі көктемнен бастап жанар-жағармай бағасының қымбаттайтындығын мәлімдеген еді. Өйткені Ресейдегі баға бізден қарағанда әлдеқайда жоғары көрінеді. Сондықтан Кеден одағы аясында ешқандай кедергісіз өтуге болатын шекарадан арзан бензинімізді көтерме саудамен тасып алып кетушілер қатары көбеюі ықтимал. Экономикамызға залалды осындай құбылысты болдырмас үшін бағаны теңестіру керек екенбіз. Бұл министрдің тұжырымынша. Ал қоғамдағы ұсыныс осы қауіптеніп отырған солтүстік көршімізде бірқатар жыл бойына көтеріліп жүрген идеядан сипат береді. Бұл арада Ресей Думасында жатқан «жанар-жағармай бағасын қымбаттатуын тоқтатпаса, билік көлік салығын алып тастау керек» деген заң жобасы туралы сөз болып отыр. Яғни «қанша жүрсең, сонша төлейсің» деген барлық тарапқа тең қарапайым қағида көлік жүргізушілері үшін оңтайлы болып тұр. Бұған мамандар қалай қарар екен?


Құнанбай Тобатаев, қаржыгер маман:
иә
– Егер Ресейдегі тәжірибені алатын болсақ, бұл арада көлік салығын мүлде алып тастау туралы сөз болып отырған жоқ. Яғни ол жанар-жағармай құны­на акциз ретінде енгізіледі, нәтижесінде баға қымбаттайды, ал салықты жекелей салық органына барып төлеп жүрмейсіз, қанша бензинді тұтынсаңыз, сонша салық төлеген болып шығасыз. Әсіресе бұл ақша жымқырғыш шенеу­ніктерге көлік салығы секілді бүтін арнаны жабатын оңтайлы шара болғандықтан, бастапқысынан елеулі айырмасы жоқ бұл шараны қолдауға болатын секілді. Мәсе­лен, мамандар көлік салы­ғының бюд­жет­ке түсімдерін бұл қадағалау күрделі мәселе  екенін айтады, яғни ол арадан да «ақша жаса­ла­ды» деген сөз. Деген­мен...
Бастысы, мұндай жағдайда міндетті түрде «Салық туралы» Заңға өзгеріс енгізу керек болады. Өйткені мүмкіндігі шектеулі жандар, Ұлы Отан соғысы ардагері секілді әлеуметтік топтарға салық бойынша берілетін жеңілдіктер мұндайда жойылып кетеді. Осының жайын заң шеңберінде бір ретке келтіріп алу керек. Екіншіден, газбен жүретін көліктер салық төлеуден босатыл­ған болып шығады. Бізде газбен жүре­тіндер, көбіне жүргіншілерге арналған муниципиалдық автобустар екенін ескерсек, бұл жайтты ұтымды пайдаланып, билет құнын арзандату мәселесін де қоз­ғау­ға болады. Үшіншіден, салық органы­ның жұмысы жеңілдейді, бізде көлік салығынан жалтаратындар шамамен 10-15 пайызды құрайды екен, демек, жүр­гізушілер міндетті түрде жанар-жағармай тұтынатын болғандықтан, бұл мәселе қағаз­бастылықпен қатар өздігінен жойы­лады, салықтың бір саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жолы жабылады, сәйкесінше жиналған алым көлемі айтар­лықтай артады. Төртіншіден, қала ішінде үнем мақсатында қозғалтқышы көлемді қымбат көліктердің қатары ақырындап сиреуі мүмкін. Бірақ мағынасы өзгешелеу осы шараны базардағылар дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Яғни жанар-жағармай қым­бат­таса, біздің дүкен сөрелеріндегі тауарлардың да құны жоғарылап шыға келетіндігі белгілі. Бұл қымбаттау салықтың алынып тасталуы арқылы орын алып отыр­ғанын көпшілікке дұрыс түсіндіре аламыз ба? Қандай да бір мәселе осыдан туындауы ықти­мал деп ойлаймын.


Тасбай Симамбаев, қоғам қайраткері:
жоқ
– Жалпы, мен жанар-жағармай ба­ға­сын көтеруге қарсымын, оны негізсіз деп білемін. Мәселен, көлік салығын алып тас­тадық делік, оның орнына жа­нар-жа­ғар­май бағасын қымбаттатып жіберелік. Ол, ең бірінші, кімнің жағда­йын қиын­да­тады? Әрине, халқымыз­дың 90 пайызының. Ал 10 пайыз қарны тоқ жандарға бұл өз­герістен келіп-кетер дәнеңе де жоқ. Бә­рінен бұрын бұл Кеден одағы аясындағы бәсе­келес­тік додасында жан берісіп-алы­сып жат­қан отандық шағын және орта кә­сіп­­керлікке төбесіне мұздай су құйып жібер­генмен бірдей әсер етеді. Сонда мұн­дай мүдде кімге керек?
Меніңше, мәселені осылай қарау керек.
Ертең Дүниежүзілік сауда ұйымы­на енеміз деп жатырмыз, сыртқы өнді­ріс­тік экспанцияға қалай төтеп береміз, егер тарифтерде тұрақтылық болмаса. Алдымызға әлемдегі ең мықты 30 елдің қатарына қосылу туралы мақсат қойып отырмыз. Оны қалай орындаймыз, егер шағын және орта бизнестің қарыштап дамуына жағдай жасай алмасақ. Қазіргі бағаның да жетісіп тұрғаны шамалы. Неге Павлодар өңірінде малдар қырылып, ай аман, күн тынышта жұт орнады. Себебі жанар-жағармай тапшы, бағасы қымбат, салдарынан өз уағында ауыл халқы шөп-жемін қамдай алмады. Енді оны тағы да қымбаттатсақ, өңірлерде не болады?
Бізде бір көлікпен отбасын асырап отырған жастар қаншама?.. Ақша таба алмаса, астындағы көлігін сатып жібереді де, олар да мемлекетке қарап отырады. Әлеуметтік осал топтың көлемі, осылайша, арта береді. Сонда мұны мәселенің тиімді шешімі деп айта аламыз ба?..
Құдайға шүкір, басқаларға алақан жайып қарап отырғанымыз жоқ. Мұнайды басқа жақтан әкеліп жатқан жоқпыз. Өз мұнайымыз. Өз жанар-жағармайымыз. Араб елдерінде көлік багын 1 долларға толтырып жібереді. Ал біз 1 литрді сондай құнға бағаламақпыз. Айырмасы жер мен көктей. Сондықтан халықтың жағдайымен санасуды ұмытпау керек. Шенді-шек­пенділер обал дегенді жадыдан шығар­маса.

                                   Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Тоқтар Есіркепов, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Тәуелсіздік алғаннан кейін табиғи ресурстарды ел игілігіне пайдалануға зор мүмкіндік алдық. Соның арқасында қазіргі жетістігімізге қол жеткізіп отырмыз. Бірақ біздің экономикамыздың үлкен кемшілігі – салааралық алшақтығында. Мәселен, мұнай саласы дамуының өзінде де кідіріс пен тежелістер бар. Кеңес одағы кезеңінде бізде мұнай өңдейтін үш зауыт болған, қазір де солай. Оның басын көбейтеміз десек, барлығы қолымызда тұрды. Бірақ жаңа зауыттың қажеті жоқ дестік. Сол себепті бұл салада қордаланған мәселе ушыға түсті. Ішкі сұранысты қанағаттандыра алмайтын халге осылайша жеттік. Енді кімге өкпе артамыз?..

Осыған дейін құзырлы органдар «жаңа зауыттың керегі жоқ» деп қадалып тұрып алды. Ал бүгіндері Солтүстік Қазақстан облысында 8 млрд евроға мұнай өңдейтін зауыт салынып жатқан көрінеді. Осыдан-ақ бұл арада «бізде мұнай саясаты деген бар ма?» деген заңды сауал туындайды...
Қалай дегенмен де жанар-жағармай бағасын көтеруге ықпал етуші еліміздегі теріс факторлардың көзін жоймайынша, бұл мәселе ұдайы өзектілік танытып, кез келген сылтау-желеумен қымбаттау орын ала береді. Яғни, мұнай саласындағы мәселелерді жүйелі түрде қарастырып, тиімді шешім қабылдау керек. Министр мырза қымбатшылықтан гөрі, мемлекеттің мұнай саясаты, инвесторларды, ең алдымен, ішкі тұтынысты қанағаттандыруға қайтсе көндіруге болатындығы, елде жанар-жағармай өндірісін қайткенде арттыра алатындығымыз жайлы көбірек сөз қозғаса игі болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста