Туризмге инвестиция салған кәсіпкерлерге арнайы жеңілдіктер жасау керек пе?

Біз қазақ «қонақжаймыз» деп құр мақтанғанымыз болмаса, осы бір қасиетімізді заман талабына сәйкестендіруде дәрменсіздік танытып отырған жайымыз бар. Ал ебін тапқан елдер әлдеқашан-ақ қонақты да күтіп, жағдайды да жасап, өздеріне пайда да тауып, қысқасын айтқанда, «екі асап» отыр. Ал біз... Жә, салымызды суға кетіріп немесе құр шөппен ауыз сүртіп отыра берсек, түк шықпасы анық. Ендеше, қайтсек туризмді дамытамыз дегенге бас қатырсақ. Бәлкім, туристік орындарға инвестиция салып, сервистік қызметті жолға қойған кәсіпкерлерге жеңілдік жасау қажет шығар? Осыны талқыға салып көрсек.


Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:
иә
 – Туризм біздің елге экономикалық тұрғыда қомақты пайда келтіретін салаға айналуы шарт.  Сондықтан оны біз өзіміз ғана дамыта алмаймыз, себебі бұл сала ұсақ-түйек қаржымен ретке келмейді. Қазақстанда, яғни отандық кәсіпкерлер арасында қомақты инвестиция құятындай дәрежедегі азаматтар дені байқалмайды, сол үшін біз шетелдік инвесторлар тартуға мәжбүрміз. Ал, шыны керек, шетелдік инвесторлар біздің елде тек шикізатқа ғана инвестиция салуға құлықты. Басқа салаға қызығушылық жоқ. Ендеше, қызықтыру керек. Бірақ біз туризм саласына инвестор тартудың орнына бақылау, салықпен-ақ жан-жақты талап, қашып кетуіне мәжбүр етеміз. Ондай жерге инвестор жолай ма? Әрине, жоқ. 
Олай болса, біз жеңілдік жасау жағын қолға алуымыз керек. Бұл – бір. Екіншіден, инвесторлар өздері құйған қаржыны өтеп алуы үшін оған мүмкіндіктер жасауға амалсыз тура келеді. Қандай мүмкіндіктер дегенге келсек, ең әуелі қысымды азайтсақ, салық мөлшерін азайтып немесе тіпті белгілі бір кезеңге дейін уақытша салықтан босатса да болады. Сондай-ақ заңнамалық тұрғыдан да реттеуіміз керек. Мысалы, туризм базасын салатын жер Ұлттық парк болса, онда ол жерлерді инвесторларға реттеп беру екі есе қиынға соғады. Бұл жай ғана мысал. Алайда менің айтып отырға­ным, қандай да бір жеңілдіктер уақытша болуға тиіс, яғни бастапқы кезде ғана инвесторлар қаржысын құйып, объекті­лерін бітіріп, әлгі жерлердің болашағы бар екеніне көз жеткізгенше ғана. Келісімшарт­та мерзім мөлшері анық көрсетілуге тиіс. Сол мерзім біткен соң әлгі инвесторлар да толыққанды салығын төлеп, өз міндеттерін толығымен жасауы керек.
Бізде әлі туризм саласы дамыған жоқ. Тек бастапқы нышандары байқалады. Ал заман болса мынау, бұл салада бәсеке­лес­теріміз өте мықты. Бір шетімізде – Қытай жатса, екінші жағымызда Түркия тұр. Сол елдердің туризм жағдайының өзі-ақ біздің қимылдауымызға себеп болса игі еді. Қараптан-қарап біз өз тұрғындарымызды демалысқа шекара асырып жіберіп, қолда­ғы бар қаржыны сыртқа беріп қойып отыр­мыз. Себебі өз елімізде демалуға жағ­дай жоқ, екіншіден, бағалардың ша­рық­тап тұрғаны сондай – одан да шетелге барып демалып қайту әлдеқайда арзан түседі. Осы жағдайға қашан нүкте қоямыз? Тек өз жерімізде туризмді дамытқанда ғана. Ол салаға көптеп инвесторлар тар­тып, қарқынды түрде іске кіріссек, бәсеке де артар еді, баға да өздігінен түсер еді. Се­бебі сан жоқ жерде сапа да, бәсеке де ту­май­тыны айдан анық. Бізге қазір ин­вестор­ларды көбірек тарту керек, ал ол үшін жеңілдік жағы басты назарда болмай, бұл мәселенің оң шешімін табуы мүмкін емес. 


Орденбек МАЗБАЕВ, Қазақ географиялық қоғамы ғылыми кеңесінің хатшысы, география ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Меніңше, бізге инвесторларға жеңілдік жасамас бұрын, өз тарапымыздан бірқатар мәселелерді шешіп алуымыз керек. Елімізде Ұлттық географиялық қоғам құрылды. Осы қоғамның бір міндеті – Қазақстанның туризм саласындағы проблемаларды қарастыру. Бізде туризм неге баяу дамып жатыр немесе дамуда қарқын ала алмай жатыр? Ең біріншіден, бұл біздің елімізде туризмге қатысты  құқықтық-нормативтік құжаттардың әлі де дұрыс болмай тұрғандығынан, яғни туризмге біз соншалық мән беріп, дұрыс жолға қоюға құлықты емеспіз. Инвес­тор­лар неге ақша салмайды? Өйткені бізде олар­дың қаржысын ретімен жұмсап, мүл­тік­сіз сервис жасайтын туристік фирмалар, кәсіп­орындар жоқ. 
Әйтпесе осы уақытқа дейін, мәселен, Балқашта немесе Алакөл маңында этноауылдарды керемет қылып жасап қоюға болушы еді. Өзім 32 жылдан бері туризммен айналысамын, сол тәжірибеге сүйене отырып жасаған менің жеке ұсынысым – біз осы Балқаш, Алакөл жаға­лау­ларына мемлекет тарапынан қара­пайым адамдардың барып демалуына сай, олардың қалтасы көтеретін емдік-сауық­тыру орындарын ашуымыз қажет. Бірақ бүгінде елімізде туризмді дамытатын аймақта барлық жер сатылып кеткен, яғни, жекеменшіктің қолында. Егер де мемлекет Алакөл секілді жағалауларда таратып бер­ген жерлердің ішінде 10 жылдан аса пайдаланылмай жатқан жекеменшік жер­лер­ді өзіне қайтарып алып, ол жерлерге туристерге қолайлы жатын орын, яғни құрылыс объектілерін салдырып, ол аймақ­қа баратын жолды жөндесе, энергия көзін реттесе, сонда ғана бізде туризм сала­сына жан бітер еді. Инвестор тартпау керек демеймін, тарту керек. Бірақ оларға біздің ел тарапынан жеңілдік емес,  инвес­тор­ларға сол өздері құйған қаржыдан пайда түсетініне кепілдік берілуі керек. Ал қазір біздің көзіміз жететін бір жағалау, туризм мекені, ол – Алакөл жағалауы. Өкінішке қарай, дәл қазір бір жатын орны Бурабайда 500 доллар немесе Алакөлде 300 доллар. Қарапайым адамның ол жер­лерде демалуға шамасы жете ме? Әрине, жоқ. Сондықтан біз неге осы ахуалды түзеу­ге тырыспаймыз? Әлде тек қалталы­лар қыдырып, ал қарапайым адамдар өмір бойы тек қана жұмыс істеп, үйінен ұза­мауы керек пе? Ал дәл қазіргідей та­биға­ты керемет, нағыз демалыс орындары жекеменшіктің қолында болып тұрғанда, ол жерлердің бағасы удай болып тұрғаны – тұрған. Бұл деген барып тұрған әділетсіз­дік қой? Ендеше, бізге туризмді дамытудың басқаша түрін қарастыру керек, яғни қарапайым халыққа, елге пайдалы түрін. Оның ең басты шешімі, жоғарыда мен айтқандай, ең бірінші мемлекет өзі туризмді дамытатын аймақтарға жағдай жасап, сосын ол жерлердің бағасын өз халқымызға арзан, ал шетелдіктерге екі есе жоғары етіп қою керек. Неге? Себебі жер – қазақтыкі, табиғат – қазақтыкі, мем­лекет ол жерге өзі бас болып жағдай жа­сады, ал шеттен келген туристер осы біздің та­биғатымызды тамашалап, таза ауа­мызбен тыныстағаны үшін қуана-қуана жақ­сы баға төлер еді, егер біз жақсы сер­вис жасай алсақ.
                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Ақша билеген заманда онсыз саусақтың ұшын да қимылдату мүмкін емес. Сондықтан инвестор тартуға мәжбүрге ұқсаймыз. Алайда екінші бір ой «неге өзіміз өз болып, неге өз жеріміздің табиғат жағдайын өзгеге беріп қоюымыз керек, неге мемлекет болып өзіміз қолға алып, содан соң табысты да ел игілігіне пайдаланбасқа?..» дейді. Ел игілігіне айналар істі ертерек қолға алсақ, қазақ туризмінің де асығы алшысынан түсер күн туар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста