Тікелей ғылым саласында қызмет етпейтін адамдарға ғылыми атақ қорғауға шектеу қою керек пе?

Тікелей ғылым саласында қызмет етпейтін адамдарға ғылыми атақ қорғауға шектеу қою керек пе?

Ғылым ешкімнің қолжаулығы болмауы керек, ғылыммен шын берілген кәсіби ғалымдар айналысуы тиіс. Олай болмаған күнде ғылымның қадірі қашады. Біздегі ғылымның қадірін кетірген жайт пайдасыз көлденең көк аттылардың ғылыми атақ алу үрдісі еді. Елбасы білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық съезінде: «Елімізде педагогика ғылымының 107 докторы бар екен, былайша айтқанда, 140 мың адамға бір доктордан келеді. Бұл көрсеткіш бұрынғы одақтық деңгейден де анағұрлым асып түседі, ол кезде елде 894 мың адамға бір педагогика ғылымдары докторынан келген екен», – деп, қоғамды жайлаған келеңсіз жайтты ашып көрсеткен болатын. Ғылым саласындағы соңғы реформалар бұл үрдіске тосқауыл қойғанымен, шынайы ғылымды жалған ғалымсымақтардан ада ету үшін әлі де жұмыс істелінуі керек. Ғалымдардың бірі ғылымның көсегесін көгерту үшін «тікелей ғылым саласында қызмет етпейтін адамдарға ғылыми атақ қорғауға шектеу қою керек» десе, оған қарсы уәж айтатындар да жоқ емес. Бүгінгі бұл тақырып сарапшылардың ой-көкпарының арқауына айналды.


Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымының докторы, профессор:
иә
– Меніңше, ғылыми атақ қор­ғағысы келетін адамдарға қойы­ла­тын талаптарды күшейту керек. Ғы­лымы да, білімі де, бұ­ған қатысы да жоқ шенеуніктер ғылыми атақты ман­саппен өсу үшін пайдаланады. Негізі, қыз­мет­ке алған кезде Ре­сей­ден келді ме, Қытайдан келді ме, ғылыми атағы бар ма, жоқ па, оған қара­май, қабілетіне, біліктілігіне қа­рай қабылдау керек. Ғылымды кө­те­реміз десек, шенеуніктерге ғы­лы­ми атақ қорғату қисынсыз. Жал­пы, ғылымның отымен кіріп, күлімен шы­ғып жүрген, ғылыми-зерттеу инс­титуттарында қызмет ете­тін, ғы­лым­мен бірге үздіксіз сабақ беріп жүрген мамандарға ғы­лыми атақ қор­ғатуға болады, ал бұ­ған сырттан ке­ле­тін шенеуніктерді жолатпау ке­рек.  
Бір күн ғылым саласында істемесе, ғы­лы­ми институттарда ғылымға тер төкпесе, түн ортасына дейін жиналыс, мәжіліс өт­кізетін шенеуніктер қайтіп ғылыми еңбек жазады, қайтіп ғылымға үлес қоса алады? Ешқашан да жазбайды. Біреуге ақшасын төлеп, еңбегін жазғызып, ғылыми атағын қал­тасына басып алады. Ондай жалған ғы­­лыми атақ  қорғаған атқамінерлер ғы­лым­ға пайда әкелмейді, ғылымда жұмыс істей де алмайды. Ғылымға көлденеңнен қо­сылып, қор ететін шенеуніктердің ғы­лыми атақ алуына шектеу қоюдың жол­дарын қарастыруға болады. Мәселен, Білім және ғылым министрлігі егер шен-шек­пенділер, тікелей ғылымға қатысы жоқ азаматтар ғылыми атақ қорғағысы келсе, бұған дейін ғылым-білім саласында төрт-бес жыл еңбек сіңіруі керек деген талап жа­зылған бұйрық шығарса... Осындай шектеу қойылса, сырттан ғылыми атақ ал­ғы­сы келетіндер саны азаяр еді. Осындай шек­теулер қойсақ, шенеу­ніктер оқу орын­дарына барып, жанын қи­нап, ғы­лыми кітапханаларды тауы­сып, тынбай із­денуден, ғы­лым­ның машақатынан аяғын тарта қояды. Егер ғылымда үш-төрт жыл еңбек еттің бе, онда ғылы­ми атақ қорғауға жол ашық. Ғы­лым­ды көр­кей­тудің, ғылымға пай­да әкел­мейтін, ғылымға қаты­сы жоқ адамдардың ғылыми атақ алуына тосқауыл қоя­тын жайт­тар­ды дөңгелек үстелдер, жиын­дар өткізіп, талқыға салу керек.
Қазіргі кезде аспиран­ту­ра, жоғары оқу орнынан ке­йін­гі ақылы оқу жүйесі алы­­нып тасталғаннан соң, тікелей ғылым са­ла­сында қызмет етпейтін адам­дардың ара­сында ғылыми ата­ғы барлары азайып келеді. Себебі  бұрынғыдай ғылыми атақ алу­ға көп орын бөлінбейді, докторының саны шектеулі. Қазір Қырғызстанға, Өз­бек­­станға кандидаттық, докторлық ғы­лы­ми атақ қорғауға барып жатыр, себебі мың­даған адам бұрынғы жүйе бойынша ғы­лыми дәрежені қорғай алмай қалды. Мә­селен, бұрын тарих ғылымы бойынша он шақты жерде ғылыми атақ қорғайтын ке­ңестер болса, қазір бір-екі жер ғана қалды. Осы­ның бәрі ғылыммен айналысам деген жас­тарға шектеу болып отыр. Бір уни­вер­ситетте тарихтан PhD докторын дайындауға үш орын ғана бөлінеді, ал қалған 120 адам қайда барып қорғайды? Жақында Болгарияға барып келдік. Сонда бұл елден көргеніміз, біздегідей ЖАК секілді комитетті жауып, оның орнына ашылған білікті ғалымдары бар әр жоғары оқу орнында ғылыми атақ қорғауға мүмкіндік берілген. Ғылымның дамуына үлес қосып жүрген, саналы өмірін ғылымға арнаған­дарға жан-жақты жағдай жасалуы керек, оңай жолмен ғылыми атақ қор­ға­ғысы келгендерге шектеу қою қажет деп са­наймын.


Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
жоқ
– Шектеу қоймау керек. Ғы­лым­да демократиялық принципті сақтап, барынша мүмкіндік беру керек. Кезінде Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Шоқан Уәлихановтың, Мәшһүр Жүсіп Көпейлердің, Алаш қайраткерлерінің ешқай­сы­сының ғылыми дәрежесі болған жоқ, бірақ ғылымға зор еңбек сіңі­ріп, ұлт­тық ғылымдардың негізін са­лып кетті. М.Тынышпаев инженер бол­ғанымен, тарихты жақсы жаз­ды. Тікелей ғылымда болмағандар ғылыми энтузиазм­мен көп жұмыс атқаруы мүмкін. Менің ойымша, ғылымдағы ахуал бұрынғыдан қиын­дады. Қара­пайым адамға ғылымға жол жабылып, әлеуметтік шектеулер көбейіп кетті.  
Мәселен, докторантураға түсу үшін жағ­дайың, қаражатың болуы ке­рек де­гендей материалдық шектеулер жоқ емес. Ғылымда демократиялық прин­цип үстем болуы керек десек, ми­нистр­лерге, шенеуніктерге ғылым­мен айналыспа деп қалай айтасыз? Тіке­лей ғылымға қаты­сы жоқ аза­маттарды кері итеруге бол­майды. Өз басым ше­неуніктердің ғы­лыми сауаты аз, басы нашар істей­ді деп ой­ла­­маймын. Кезін­де марқұм ми­нистр Алтынбек Сәр­сенбаевтың кандидаттық, одан кейін докторлық дис­сертациясын қорғауына қа­тыстым. Екі дис­сер­та­циясы да тәп-тәуір болатын. Оның ғылыми еңбегі өз дең­­ге­йіне лайық болды. Қазіргі Мемле­кет­тік хатшы Мұх­тар Құл-Мұхаммедтің ке­зін­де кандидаттық диссерта­ция­сын қор­ғауына қатыстым, тарих ғы­лы­мы бойынша ғы­лыми еңбегі өте жақсы қор­ғал­ды. Оның бұл ғылыми жұмысына ке­піл­дік бере ала­мын. Сондықтан шенеу­нік­тер тәп-тәуір ғы­лыми зерттеулер жа­сай­ды деп есептеймін. Ғы­лыми атақ қорғау үшін оларға шектеу қоймау керек. Ше­неу­нік­тердің жанын қи­нап жазатын ғылым ада­мы­нан басқа да мүм­кіндіктері, артық­шы­лық­тары, ре­сурстары бар. Негізі, оның бә­рі плюс жағ­дай. Сондықтан шенеу­нік­тердің ғылыми атақ қорғауын дұрыс емес деп айтуға бол­майды. Жалпы, сырттан келіп ғылыми атақ алатындардың бәрі бір­дей талантты, шын ға­лым бола береді дей алмаймын. Мә­селен, шын талант оннан бі­рінен, жүзден бірінен шығатын шығар.
Тікелей ғылым саласында жұмыс істе­мейтіндердің, басқа салалардағы адам­дардың ғылыми атақ алуы ынта-ықыласы стимул болатыны рас. Бірақ «ғылыми атақ бә­рін шешеді, мансабына, жақсы жұмыс та­буына көмектеседі» деу де жаңсақ тү­сі­нік. Қырық жерден ғылым докторы, қырық жер­ден ағылшын тілін білсең де бәрі адам­­ның өзі ойлағандай бола бермейтін жайт­­тар болады.

Ой-түйін
Қос ғалымның пікірінің жаны бар сияқты. Бірі – ғылымды арамшөптей қаптаған жалған ғалымдардан тазарту қажет десе, екінші ғалым тікелей ғылымға қатысы болмаса да, кейбір адамдардың ғылымнан алар, ғылымға берер еншісі барын қаперде ұстау керектігін айтады. Айналып келгенде, ғылымға қатысты саясаттың түпқазығы –  ғылымның шынайы болмысын сақтау, елге әкелер пайдасын еселеу болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста