«Сатирада салмақ қалмады» деген пікірмен келісесіз бе?

«Сатирада салмақ қалмады» деген пікірмен келісесіз бе?

Сатира қоғамның кемшілігін әшкерелеуші құрал ретінде аса пәрменді болатын. Тіпті «әдебиеттегі оппозициялық жанр» айдарын да еншілеген ерекше жанр еді. Оның уытты тілінің өзі көркем кестеленгенде үлкен бір мәдениеттің бөлшегін құрайтын. Сатира сонысымен де құнды, сонысымен де көпшілікке етене жақын еді. Бірақ соңғы жылдардың сатирасы осы үдеден сусып, қарабайыр кейіппен салмағын сұйылтты.  Сахналық сатиралық қойылымдарға  өздері автор, өздері режиссер болуға әуес әзіл-сықақ театры иелері «орынсыз ыржаң, болымсыз қылжаңға» бой алдырып кеткендей.  Сатира театрларының әртістері қазір  қисалаңдап, қисынсыз әртүрлі әрекеттер жасап,  бір сөзге көрермен күліп қалса, соны қайта-қайта қайталап, айтайын деген ойдың мәні мен мағынасын кетіреді. Қазіргі таңда әзіл-сықақ театрлары баршылық, алайда олардың барлығының да көтеретін тақырыбы мен көрерменге жеткізу мәнері өте төмен дәрежеде. Осындай келеңсіздіктерден соң қазақтың сатирасында салмақ қалмады деуге бола ма? Бұл пікірмен келісесіз бе?


Алмат САҚАТ, әртіс:
иә
– Сатираның салмағын ешкім өл­ше­ме­ген шығар. Сондықтан оны сал­мақ­ты, салмақсыз дегенге келісе ал­май­мын. Бірақ бізде сатира жоқ екені рас. Мы­салы, мен қазір «жур­на­листер ән­ші­­лерді, әртістерді жаз­баса, күн кө­ре ал­майды» десем, ол – сатира. Са­тира – бі­реудің кем­ші­лігін ай­ту, мемлекеттің, тіпті мем­лекет бас­шыларының, ми­нистр мен пар­ламенттегілердің, тіпті жур­­на­листердің өздерінің кем­ші­лігін ащы әзілмен жеткізу, айту. Бі­рақ қа­зір ол бізде жоқ.  Демек, біз­де са­тира да жоқ. Сатира театры әр­­тістерінің не­гізгі міндеті сах­на­ға шыққаннан ке­йін елді қыран-то­пан күлкіге батыру емес,  са­тира үшін түп­кі мақсат – ойландыру, оның бір ауыз сөзі адамды ойға салса не­месе сы­налған кейіпкер өзін-өзі та­нып, ұял­са, болды.
Бірақ қазір сахнаға шығып жүрген­дер­дің бәрі тек қана әзіл, юморлар ғана. Бір кез­дегі «Тамашаның» тарландары Құдай­бер­ген, Тоқсын, Мейірман ағалардың сах­на­лағандары нағыз сатира еді. Олар сол кез­дің буынын сол  ащы әзілдері арқылы тәрбиеледі. Яғни сол кезеңнің сатириктері мықты болды. Өз ісінің нағыз мамандары. Бі­зде ондай шындықты шымбайын баты­рып жазатын шебер авторлар жоқ қазір. Біз оларды іздеумен жүрміз. Әртіс сатира жа­за алмайды. Ол тек орындаушы ғана. Мы­салы, мен сатира жаза алмаймын. Жаз­сам, ол сатира емес, жала жабу ғана болып шы­ғады. Химия өнімдерін жасайтын, ой­лап табатын профессордың жұмысын ба­рып мен жасасам, мен онда бүкіл адам­зат­ты улап тастауым мүмкін. Себебі мен ол са­ланың маманы емеспін. Ол қабілет мен­де жоқ. Сол сияқты қазіргі таңдағы са­тира да өз профессорларын, өз ака­де­миктерін күтуде.  Бар ака­де­ми­гі­міздің бәрі өліп қалған, таланттысы әлі тумай жатыр, туса да шықпай жа­тыр. Мықты сатираны жур­на­листер де жазған кезінде. Сон­дықтан бізге мықты сатираны сіз­дер жазуларыңыз керек. Қа­зір бізде Оспанхан, Шона, Ас­қарлар жоқ. Бүгін кешегі Ол­жас­тар да жоқ. Бүгін Мұ­­қағали жоқ.  Кешегі Ілияс, Сәкендер де жоқ ара­­мызда. Менің әкем, мы­салы, сатира жазды. Және өте мықты дүниелер жаз­ды. Бірақ «әкеге ұқсап ұл ту­мас», «әкенің малы балаға мұра бол­майды» деген, менің қолымнан сатира жа­­зу келмейді. Сондықтан – ол да Құдай­дан бе­рілетін қабілет. Сатирада жан­дал­ба­са­лаған болмайды. Әркім қолынан келетін іске ұмтылуға тиіс.


Уәлибек ӘБДІРАЙЫМ, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының жетекшісі:
жоқ
– Салмағы ауыр сатираны табуға бо­лады. Оны мүлдем жеңілдеп кетті деу­ге болмайды. Рас, салмағы жеңіл­де­гені рас. Бірақ ол түпкілікті сатира қал­мады деген сөз емес. Бұл әңгімені қоз­ғағанда біз, ең алдымен, оның се­беп-салдарына үңілгеніміз жөн. Қазір са­тира неге жеңілдеп кетті?  Біле біл­сеңіз, әзіл деген тіл дамыған жерде жү­реді. Тіл дамымағаннан кейін әзіл өледі. Оған сатириктерді бол­маса басқаларды кінәлай берудің қа­жеті жоқ. Ол бейшаралар жазар еді жақ­сылап, бірақ қазір оны оқитын адам жоқ. Қазір баяғыдағыдай  ешкім кітап оқымайды, жеңіл-желпі сатираға әуес. Өзі тіл білмеген адам тілдің ауыр­лау әзілдерін түсінеді дейсің бе?! Көп­шіліктің айтуы бойынша, сатирада сал­мақ қалмады, әзіл жеңілдеп кетті. 
«Біздің сатира қазір  әрі кетсе  ауыл­дың әңгімесінен аспайтын болды» дей­ді. Бұлай деп  бер жағынан айта салу оңай, оны зерттеу – бір басқа. Біз үнемі «орыс­тардың сатирасы көп, керемет да­мыған» дейміз. Әрине, көп бо­ла­ды, өйткені орыста тіл про­бле­масы де­ген жоқ.  Орыстың ті­лінің да­муы­­на орыстың өзі ғана емес, біз­дің қазақстандықтар да өте көп еңбек сіңіріп отыр. Кім қа­зақ тілінде сөйлеп жатыр, ай­тыңызшы?  Тіл де – бір ғы­лым.  Тіл  қоғаммен бірге да­мып оты­рады.  Ал көшке іле­се ал­­маған тіл өшеді, өле­ді. Біз­­дің тіліміз қазір көштен қа­лып барады, ал көштен қа­лып бара жатқан тілге «әзі­­лің қайда, сатираң не бол­ды?» деп сұ­рау артық.  Қазір бірінші сы­ныптың ба­ласына қандай әзіл ай­тасың? Қазір КВН де­ген нәрсе шықты. Бәрі со­ны барып кө­реді. Жас­тар Толым­бек­ті, Кө­пенді оқы­майды. Оларға «Комедия клаб» пен «Наша кз-ша» қы­зық.  «Наша кз-ша» жобасы  тағы да қай­тадан  бас­та­ғалы жатыр екен. Оның бас­тықтары оның ті­лін онша түсінбесе де, рей­тингісіне қа­райды. Ол жоба Тұрсынбек  Кә­кішевке, Кө­пен Әмірбекке қызықсыз бо­луы мүмкін. Бі­рақ соны   мектепті әзер бі­тіріп, же­ке­мен­шік университетті ақ­шамен оқып жатқан, ойы таяз, түсінігі тө­мен жастар жаппай көреді. Соларға қа­райды да, басшылығы «ойпырым-ай, мынау бір керемет екен» дейді. Осының бәрі тілге келіп тіреледі. Тілге тіреліп қалғаннан кейін бітті, осылай кете береді. Министрлердің, премьердің қазақ тілінде сөйлеп кетуі бізге қазір тек қиял-ғажайып ертегісі сияқты. Мен бұл ертегіге ешқашан сенбеймін. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», тілге құрмет басшылардан басталуы керек. Сонда сати­ра­да өлмейді.

Түйін
Сатираның түбі – парасат, ақыл-ой, тауып сөз сөйлеу. Астарлап сөйлеу, ыммен түсіндіру, ойнап отырып ойдағыны жеткізу – қазаққа тән сөз өнері. «Сатираны қай қоғамда да әлсірету бар шығар, бірақ оны өлтіру мүмкін емес. Өйткені сатира – қоғамның дәрісі. Ғаламда бар нәрсе жоғалып кетпейтін теория бар. Сатира да сол сияқты жоғалып кеткен жоқ. Себебі сатира – қоғамның иммунитеті», – деген сатирик Толымбек Әлімбектің сөзінің салтанат құратын кезі дәл бүгінгі кезең сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста