Шағын бизнесті қолдау үшін кәсіпкерлердің салықтық қарызына рақымшылық жасау қажет пе?

Шағын бизнесті қолдау үшін кәсіпкерлердің салықтық қарызына рақымшылық жасау қажет пе?

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мемлекеттік бюджет алдындағы қордаланып қалған салықтық борыштарын кешіруді ұсынып отыр. Палата өкілдерінің айтуынша, мұндай қадам шағын және орта бизнестің еркін дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде өзге деңгейдегі бюджетке салынатын салымның өсуін қамтамасыз етпек. «Кәсіпкерлердің белгілі бір себептермен салық төлей алмай қалулары жиі кездесетін жағдай. Бұл қарыз жылдан-жылға созылуы мүмкін. Біздің ойымызша, осындай кезде салық рақымшылығы мемлекет пен бизнестің қатынасын өзге форматқа көшіруге мүмкіндік береді» дейді Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерлан Стамбеков. Алайда қайсібір кәсіпкерлер бұл ұсынысқа қарсылық білдіруде. Себебі кәсіпкерлерге салықтық рақымшылық жасау еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіреді. Біз бүгін осы тақырыпты «Алаш айнасының» талқысына салып көрген едік.

 

ИӘ
Тимур НАЗХАНОВ,
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының кеңесшісі:
– Негізі мен бұл ұсынысты қолдаймын. Өйткені көп елдерде жаңадан кәсіп ашқандар біраз жыл салық төлемейді, тіпті кейін төлеген күннің өзінде ол басқа кәсіпкерлерге қарағанда салық төлемін төмендетіп береді. Мысалы, Қытай елінде кәсіпкер алдымен аяққа тұрып алып, кәсібін дөңгелетіп алған соң ғана салық төлей бастайды. Ал бізде кәсіпкер жұмысын бастамай жатып бәрін төлеткізеді. Әрине бір фирма ашу қиын емес шығар, бірақ оны аяққа тұрғызу оңай емес. Осы ретте қазір шағын кәсіпкерліктің жартысы десек те болатын шығар, жұмыс істемейді, жабылып қалған. Сондықтан мен мұны өте маңызды ұсыныс деп есептеймін. Кәсіпкерлер бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Бұл ретте ең бастысы салықты төмендетуіміз керек. Әрине жекелеген кәсіпкерлер төлейтін салық көп емес шығар. Бірақ ЖШС секілді заңды тұлғалар төлейтін салық өте көп. Олар 12 пайыз қосымша құн салығын төлейді. Оның үстіне, корпоративтік құн салығы деген тағы бар, ол 30 пайыздан 20 пайызға төмендетілді. Бірақ бұл да кәсіпкерлерге салмақ болуда. Сондықтан кәсіпкерлер палатасының ұсынысына мемлекет көңіл бөлсе екен деймін.
Еске сала кетейін, кезінде жылжымайтын мүлікке, одан кейін қалталылардың шетел банктерінде жасырған қаржыларына рақымшылық жасалған болатын. Демек олар капиталын Отанына құюы керек. Енді үшінші рет тағы да капиталға рақымшылық жүргізу тапсырылды. Алайда шыны керек, бұлардың шағын және орта бизнеске көп қатысы жоқ. Ашығын айтқанда, бұл кейбір қалталылардың заңсыз тапқан ақшасын заңдастыруына жол ашу дегенді білдіреді. Сондықтан мұны кәсіпкерлерге емес, ірі компаниялардың басшылары, не болмаса, шенді шенеуніктердің табысына рақымшылық деп түсінгеніміз жөн. Енді оларға осылай рақымшылық жасалынып отырғанда неге шағын бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлерге де кеңшілік көрсетілмеске? Әсіресе дағдарыстың кезінде көптеген кәсіпкерлер жұмыстарын тоқтатып алды. Жабылып қалғандары да жоқ емес. Салығын төлей алмай қалғандары да бар. Осы тұрғыдан алғанда, шағын бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге салық кешірімін жасасақ артық емес. Мен бұл ұсынысты қолдаймын және уақытында көтерілген пікір деп есептеймін.

ЖОҚ
Азат ҚОНЫСБЕК,
кәсіпкер:
– Мен бұл ұсынысқа кәсіпкер ретінде қарсымын. Бұл үшін мені бәрі «есерсоқ» деп айтатын шығар, бірақ біз бірінші өзімізді емес, мемлекетті ойлауымыз керек. Егер бала тәрбиесіз болса, мұғалімдерді кінәлаймыз, ал ауырып қалсақ, дәрігерлерді сынап жатамыз. Олардың барлығы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал бюджетке ақша қайдан түседі, көктен түсе ме? Жоқ. Ол қаражаттың бәрі салықтан жиналады. Сондықтан қандай кәсіпкер болса да ең бірінші елді ойлауы керек. Қарап тұрсаңыз, дамуы жағынан алда келе жатқан Германияның өзінде жалпы салық 40 пайыздан асып кетеді. Бірақ оның есесіне олардың жолы түзу, инфрақұрылымы жақсы, яғни кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағынан жағдай жасалған. Дегенмен олар осының бәріне салықтың арқасында жетті.
Жасыратыны жоқ, қазір салықтан жалтарып отырғандардың көбі қарапайым кәсіпкерлер емес, қалталылар. Билік басында отырғандардың жақындары осылай әрекет етіп отыр деп есептеймін. Шын мәнісіне келгенде салық төлей алмай отырғандардың он пайызы ғана қарапайым кәсіпкерлер шығар, ал қалған 80-90 пайызы алпауыттар, олар әдейі салықтан жалтарып отыр. Егер біз кәсіпкерлердің салықтық қарызына рақымшылық жасайтын болсақ, онда біз бірінші онсыз да қалтасын қампайтып отырған алпауыттарға жеңілдік жасаған болып қаламыз. Одан да салықты реттеуіміз керек. Қосымша құн салығын он пайыз, корпоративтік табыс салығын он пайызға төмендетіп, оны барлық кәсіпкерлерге бірдей беруге талап қойылса, осының өзі жетіп жатыр. Егер бұдан да жалтаратындар болса, онда қатаң жаза қолдануымыз керек. Ал әлгіндей рақымшылық жасайтын болсақ, онда ертеңгі күні мемлекеттік бюджетті әлсіретіп аламыз. Ал мемлекеттің қазынасы құлдыраса, онда еліміздің ынтымағы, берекесі ыдырайды. Бұл өте қауіпті жағдай. Сондықтан мен онсыз да іріп-шіріп отырған бай-манаптардың салықтық қарызына рақымшылық жасауға қарсымын. Бұл мемлекеттің Тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді.
Оның үстіне біздің министрлеріміз бен депутаттарымыздың барлығы ғылым докторы мен ғылым кандидаттары ғой, енді олардың салықтық жеңілдік жасауға ақылдары жететін шығар. Бірақ кәсіпкерлердің салықтық қарыздарына рақымшылық жасаудың қажеті жоқ. Ауылшаруашылық ісімен айналысып отырған кәсіпкерлерлерге, енді олар жерден өнім аламын дегенше біраз уақыт өтеді, оның үстіне тауарын мемлекеттік бюджет органдарына сатқан кезде, олар ақшасын бірден төлей салмайды, арада бес-алты ай уақыт өтеді. Мүмкін соларға оның өзінде рақымшылық жасау арқылы емес, салық төлеу мерзімін кішкене созуға болатын шығар. Демек, шын салық төлеуге қиналып жүргендер болса, олардың салық қаражатын түбі беретіндей мүмкіншілік жасауымыз тиіс. Ал қалалық кәсіпкерлерге ондай жеңілдік жасаудың керегі жоқ. Сонда бәрі әділ болады. Сонымен бірге кәсіпкерлерге мараторий жариялай беруге де қарсымын. Қалай десек те, кафе-мейрамхана, асханалардың барлығы бақылауда болуы тиіс. Егер олардың бәрі бетімен кете берсе, қарапайым халық тағамнан уланып, денсаулығына зиян келеді. Күні кеше ғана Астанада мектеп оқушысының қалтасындағы ұялы телефон жарылды. Ол да қадағалаусыз жіберілгеннің салдарынан болып отыр. Ол ұялы телефонның қайдан әкелінгені, неден жасалғаны белгісіз. Сондықтан кәсіпкерлерге рақымшылық, жеңілдік жасауда өте мұқият болғанымыз жөн деп есептеймін.

Бейтарап пікір
Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономика ғылымының докторы, профессор:
– Бұл ұсынысқа «жоқ» немесе «иә» деп бірден үзілді-кесілді жауап айтуға болмайды. Әрине, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге аз көмек беріліп жатқан жоқ. Жақында ғана оларды тексеруге тағы бір мараторий жарияланды. Енді олардың салықтық қарызына рақымшылық жасау туралы ұсыныс, менімше, бұл да шағын бизнестің дамуына септігін тигізеді. Бірақ бұл ретте мынаны баса ескеруіміз керек, шын салық төлеуден қиналып отырған шағын бизнеске рахымшылық жасалғаны дұрыс-ақ. Дегенмен бұл бәріне бірдей болмауы тиіс. Өйткені салықтан жиналған қаражат мемлекет қажеттілігіне, халықтың жоқ-жітігіне, мұқтаждығына жұмсалады. Мемлекет те бірінші кәсіпкерді емес, халықты ойлауы керек. Сондықтан бұл істе халыққа пайдалы жағын ескеріп, әрекет еткеніміз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста