Ресми түрде үш реттен артық некеге тұруға тыйым салу керек пе?

Ресми түрде үш реттен артық некеге тұруға тыйым салу керек пе?

«Әйел алсаң – екеу ал: бірі тұрар «запаста» деген орынсыз әзіл қазір, өкінішке орай, қоғамның шын дертіне айнал­ған­дай.  Бұрын «әйел жіберген» деген сұмдық ұят саналса, қазір, шыны керек, тіпті сәнге айналған ба демеске лаж қал­мағандай. Яғни әйел алу, үйлену деген сөз емес. Бірнеше мәрте үйленіп, қайта-қайта ажырасатын­дар­ға да етіміз үйреніп барады. Десек те, ер-азаматы осылай есірген қоғамда береке мен бақыт болуы мүмкін бе? Егер ойда – бір ба­ла­сы, қырда бір баласы жылап жатса, ол аза­мат­қа ел тірегін сеніп тапсыру мүмкін бе? Сон­да ұрпақ тәрбиесі мен мемлекеттің бо­ла­шағы үшін кім жауапты? Ендеше, ер-азаматтарымыз­дың отбасы алдын­да­ғы жауапкершілігін арттыру үшін оның ары кеткенде үш реттен артық не­кеге тұруына тыйым салу керек шығар?


Сара ШАЯХМЕТҚЫЗЫ, «Ару-Ана» продюсерлік орталығының жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:
иә
– Керек! Мен өз басым қоғам­ның қазіргі ахуалынан шошимын. «Еркек деген «ерке» деген сөз­ден шыққан» дегенді алға тар­тып еркек­тер есіріп кетті, шын ай­тамын. Ерке­легендері соншалық – тіп­ті ашық­тан-ашық бірнеше әйел алып не­месе өзінің ондаған жыл отас­қан, өмірдің қиын кезінде жа­нына талай жалау болған, тіпті, ке­рек десеңіз, «жыртық нәски» күйі­нен «кімсің, бәленше» деген дә­­ре­­жеге дейін жетуіне барын құр­бан еткен жұ­байын тастап, жап-жас әйел алып кетіп жат­қан­дар көп. Бізді қоя бер­ші, асары­мыз­ды асап, жасарымызды жасап, ұл мен қызды ұяларына қон­ды­рып, немере сүйіп үлгердік, бірақ со­лай екен-ау деп бүтін ұлттың ба­сын­дағы жағдайға алаңда­ма­ғаны­мыз жараса ма? 
Көз алдымда талай отбасылар ажыра­сып, балаларын тірі жетім атандырып, ол аз­дай көп ұзамай онымен де жараспай, басқа біреуіне ауыз салып жатқан жайы бар. Қоғамның 50 пайызындай мөлшері деп ойлайтынмын бұрын, сөйтсем бүгін тіпті соның мөлшері 80 пайыздан аспаса кем емес-ау деп қалдым. Бұл не сонда? Үп ет­кен желге шыдамаса, онда оның несі отбасы? Отбасын құру ойыншық емес қой, қаласаң құрып, қаламасаң бұзып тастай са­латын. Ол – Алланың алдындағы серт, ол – ұрпақ тәрбиелеуші фабрика, ол – мем­­лекет­тің тірегі. Өз отбасында тұрақты­лық­ты сақтай алмаған азаматқа қалай мемле­кет­тік деңгейдегі істі сеніп тапсыруға болады? Міне, бізде осындай түсінік болуы керек қой? Қайта кеңестік кезеңнің тәртібі қатал еді, ол кезде өз отбасынан тыс қан­дай да бір «жүріс» жасаған ер-азаматты қа­таң жа­залап, тіпті ол қандай лауазымды қызметте істе­се де, жұмысынан қуып не­ме­се қыз­ме­тін төмендетіп тастайтын. Есесі­не, ол ойла­на­тын, ол өзінің кінәсін сезіне­тін, жазасын өтей­тін. Ол өз кезегінде оның жан-жағын­да­ғыларға да сабақ болатын, яғни «тұрақ­сыз болсам, абыройым осылай айрандай төгіледі екен ғой» деп өсіп келе жатқан жеткіншек барынша жақсы қасиет­терді бойына сіңіруге тырысатын. Ал қазір? «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ», со­ның салдарынан бірімен ажырас­пай жатып та, үстіне екіншісін алып, ырың-жырың бо­лып жатқаны немесе қаншама қара дома­лақ­тар жүр тумай жатып әкесіз қалған, тіпті әкесін көрмеген де. Мен таяу­да бір жерге демалу­ға барып қайттым, сон­да көрген бір жайт жүрегімді ауыртты. үш-төрт жас ша­ма­сындағы ұл бала, өзі өмі­­­рінде көрмеген әке мейірі­мін аңсағаны-ау, сонда демалуға барған бір азаматтың балағына жармасып, одан қалса, «менің әкем мен мектепке барғанда келеді, маған ананы әпереді, мынаны әпереді» деп ерік­сіз егілткені. Ал оның әкесінің қайда, қан­дай әйелдің соңында «жаным, күнім» деп жүр­генін бір Құдай біледі. Қандай қатыгез­дік?!. Әлгін­дей балалар біреу емес, жүз мыңдап жүр қазір әр ауылда, әр қалада, әр үйде... Солардың ішінде алимент алып жат­қан­дары жүзден біреу болмаса, қал­ған­­дары түгел анасы­ның мойнында. Ал сонда қоғам осылай екен деп бар кінәні «заман» деген абстрак­тілі ұғымға арта салып, әлгіндей жауапкер­шілігі жұрдай азаматтарды тай­раң­датып қоямыз ба? Қаласаң бесіншісін ал, қаласаң тіпті онын қатар ал деп? Жоқ, тыйым салуымыз керек! Қытайда, мысалы, ұрлық жасағанның қолын кеседі ғой, есесіне, оның ұры екенін ел қолынан біледі, екін­шіден, оның жүз қолы жоқ, қол керек бол­са, тоқтайды ғой. Яғни қатаң тәртіп пен жа­за да керек. Ал жазалаудың алдын алу үшін тыйым керек.


Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, Адам ұрпағын өрбіту орталығының директоры, биология ғылымының докторы:
жоқ
– Негізі, білгенге тыйым салу деген, ке­­рісінше, сол іс-әрекетті одан сайын кү­шей­тіп жіберетін нәрсе. Сондықтан мен осы ретте де тыйым салу мәселені ше­ше­ді деп айтпас едім. Жалпы, некелесу, үй­лену не ажырасу дегенді әркім өз сана-сезімі арқылы шешеді. Біреу біреу­ді күштеп үйлендіре алмайды немесе күш­теп ажырастыра алмайды. Яғни тұ­рақ­тылық не тұрақсыздық, ол – адам­ның жаратылыс, бітім-болмысы мен ту­­ғаннан алған тәрбиесінің нәтижесі. Сон­дай-ақ бір некемен бақытты болу не­месе бір­не­ше рет үйленіп-ажырасу да – тағ­дырдың ісі. Әркім маңдайына не жа­­зылды, соны көреді. Алайда Алла ал­дында әу баста уәде беріп, некелі жар сүю­дің жауап­кер­шілігін өмір бойы сезі­не біліп, өзін бір отбасының иесі, мем­ле­­кеттің тірегі деп сезіне білген ер-аза­маттың сыйы мен қадірі деген қандай кере­мет! 
Әр азамат жас кезінен сондай елге сыйлы, отбасы берекелі азамат болуды армандап өссе, онда ол ешқашан жеңіл­тектікке салынып, бір әйел алып, екіншісін тастап, әр жерде бір баласын жылатып қалдырмайды. Ал егер әйелдің көз жасы, баланың наласы, жалпы, ел-жұрттың сөзінен, Құдайдан қорықпайтын адамға тыйым салдық не, салмадық не, ол бәрібір жасырып болса да өз дегенін істейді. Яғни айтпағым, заң шығару қиын емес, оны орындату қиын. Заң алдында өзін жауапты сезіну, оны сақтау да адамның ішкі тәртібі, жауапкершілікті сезіне білу қасиетіне байланысты.
Негізі, көбіне ерлі-зайыптылардың ажырасуына не отбасын сақтап қалуына бала себепкер деп жатады ғой. Мен айтар едім, ол – жаңсақ пікір. Ешқашан екі адам­ның арасы баламен жақындап, керісінше бала болмаудың салдарынан суып кетпей­ді. Мен бұған өмірлік және қызметтік тәжірибемнің барысында көз жеткізгенмін. Яғни балаға зар болса да, бірін-бірі сон­шалық құрметтеп, сондай жақсы көріп ажыраспай жүргендер де бар-дағы, баланы бірінен соң бірін тауып беріп жат­қан әйелін тастап, басқа біреуді таңдап кетіп жатқандар да бар. Тіпті бала сүйе алмай жүргенде бірін-бірі тастамай, біздің «ЭКО медке» келіп, үшем сүйіп те, соңында ажырасып кеткендер де кездесті. Сонда ғана мен ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынасты реттеуде бала шешуші фактор емес екен деген тұжырымға келдім. Сөйтсем, мұны Абай сонау баяғыда-ақ «адамның бір қызығы – бала деген» деп айтып кеткен екен. Яғни, былайша айтқанда, «бар қызығы» емес, бала «бір қызығы» деп қана айтқан.
Мәселен, мен бұл жерде қайта-қайта үйленіп-ажырасуды жақтап тұрған жоқпын. Керісінше оның, ең бірінші, әр адамның өзіне ұят, екіншіден, қоршаған ортадағы абыройына нұқсан келетінін, оған деген сенімнің азаятындығын, ол қоғам үшін тұрақсыз адам санатында болатындығын айтқым келеді. Ал ондай атақ, ондай өмір, ондай рөл әр азамат­тың өзіне керек пе, керек емес пе, оны әркім өз санасымен шешпейінше, бәрі бос әуре дегенді айтқым келеді.
Әрине, жаппай тұрақсыздық жайлаған қоғамды реттеу мемлекеттің тікелей құзырындағы іс. Ұрпақ алдындағы жауап­кер­шілігін сезінбей, әйел тағдырын ойын­шық көрген ер-азаматтарды ел болып тәртіпке салу керек. Бірақ мәселе о баста ондай тұрақсыз болмауға тәрбиелеу керек. Осы ретте бір үлкен қателік өзімізде де жатқан секілді, яғни біздің бүгінгі тәр­бие жүйемізде. Қалай дерсіз? Біз «қызға – қырық үйден тыйым» дегенді білеміз де, бар білгенімізді қызға үйретіп, оны тыйып, бар жақсыны «ол қонақ қой» деп соның аузына тосып, ер бала «аман болса бопты да» деп онша мән бермейміз. Ол өзімен-өзі бұзық болып, ойына келгенін істеп жүре береді. Ұлының қалай өскенін байқамай да қалатын отбасылар бар. Яғни ұлға болашақ әке ретінде өзін-өзі қалай ұстау керектігін үйретіп жатқанымыз жоқ. Азаматтарымыздың отбасын құруда, оны ұстап тұруда дағдарысқа түсіп жатқанды­ғының бірден-бір себебі осында секілді. Ендеше, бізге осы түп-тамырынан бастама­йынша, кейіннен келіп тыйым салғаннан ештеңе өнбейтін секілді. 
                                       Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Әрине, үйлену не ажырасу тек біржақты шешім емес. Әйтсе де көп жағдайда отбасын тастап кететін – әйелі емес, ері. Бала тәрбиесін түгелімен әйелдің мойнына артқан әкелер алимент төлеу былай тұрсын, келесі «бақытын» іздеп, ол болмаса тағы басқасын іздеп кете береді. Демек, осы ретте отбасы беріктігін нықтау үшін ер-азаматтардың жауапкершілігін арттырғанымыз жөн. Яғни бұған неке санын шектеуді жатқызуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста