Ресейдің Орталық Азиядағы саяси ұстанымы Қазақстанның мүддесіне қайшы келіп жатқан жоқ па?

Ресейдің Орталық Азиядағы саяси ұстанымы Қазақстанның мүддесіне қайшы келіп жатқан жоқ па?

Сырт көріністе Қазақстан мен Ресейдің саяси ұстанымдары кез келген мәселеде түйісіп жатқандай көрінеді. Алайда Ресейдің Орталық Азияға қатысты ұстанымында, әсіресе экономикалық мәселелерде мүдде қайшылықтары жоқ емес сияқты. Жуырда ғана бірқатар көршілес елдерге сапар жасаған Владимир Путин Қырғызстанның қарызын кешіріп, су электр стансысын салып беретін болып, Тәжікстанның Рогунск СЭС-нің құрылысына қолдау білдірмек болып жатқанын кейбір сарапшылар Ресейдің Орталық Азиядағы ұстанымы біздің мүддемізге қайшы келеді деген пікір айтып үлгерді. Расымен, солай ма?


Болат Әуелбай, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі:
иә
– Ресейдің Орталық Азиядағы саяси ұс­танымдарында Қазақстанға сай кел­мей­тін мәселелер бар. Қазір Ресей өзінің Орталық Азиядағы ықпалын күшейткісі келеді. Алайда Ресейдің саясатында жаңа ұс­танымдар байқалады. Дәлірек айт­қанда, олар өз ықпалын арттыру жолында ес­кі механизмдерді істен шығарып жа­тыр. Бұрынғыдай саяси қысым жасау, та­лап қою сияқты әдістермен емес, за­ма­науи тетіктерге көбірек жүгіне бастады. Яғ­ни таза экономикалық жобаларға қа­тысу арқылы әріптестік орнатуға ұмтылыс бар. Орталық Азия елдерінің ком­па­ния­ларынан, жаңа жобаларынан акция жи­намақ ойы көрінді. Бұл – бір кездегі батыс ел­дерінің әдісі. Әрине, мұндай жағдайда Қазақстанның экономикалық мүддесіне сай келмейтін мәселелер туындауы мүмкін, туындап та жатыр.
Қазір Қазақстан мен Ресей бірнеше саланың, ұйымның аясында әріптестік жасауда. Негізінен, қорғаныс саласы және экономикалық мәселеде бірге жұмыс жасайды. ҰҚШҰ, Кедендік одақ бойынша серіктеспіз. Енді екі елдің ДСҰ-ға енуі де бірдей жүзеге асып жатыр. Ресей өткен айда енген болса, Қазақстан сауда ұйымы­на ену бойынша құжаттарын аяқтап жатыр. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, екі елдің тауар айналымы өте ауқымды болды, 20 миллиардтан асып жығылады. Екі елдің се­ріктестігінің соншалық тығыздығына қара­мастан, қарама-қайшы келетін жағ­дай­лар да бар. Мәселен, су энергетикалық проблемаларды алайық. Қазір Ресей Қырғызстанда СЭС-тердің акционері атануға келісім жасады. Құрылысын жасауға атсалысты деген сөз оның да үлесі болатынын білдіреді. Алғаш­қыда Қырғызстан сол энергияны Ал­матыға экспорттауды жоспарлаған болатын. Ресей сол жобалардың акцио­нері атанса олар энергияны Қытайға, Пәкістанға қарай тасы­мал­дауды да күнтәртібіне қояды. Мұндай жағдайда су тап­шылығына ұрынып отыр­ған Орталық Азия, оның ішінде сол суды егістікке пай­даланатын Қазақстан­ның оңтүстік аймақтары, Арал проблемасы одан ары ушыға түседі деген сөз. Амудария мен Сырдарияның мә­селесі мүлде ескерілмей қалады. Сон­дықтан дәл қазір Қазақстан бұл эконо­микалық жобаның Қазақстанның мүддесіне нұқсан келмеуі үшін ықпал жасау керек. Қазір бұл мәселе төртжақты келісім арқылы ғана шешіліп жатыр, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан. Ал болашақта ол аймақтық деңгейдегі проб­лемаға айналып, БҰҰ-ның арала­суымен бұл жобалар шеттетіле бастайтын болса Ресей акционер ретінде өз мүддесін қорғауға тырысады. Ол кезде олар Арал проблемасын, Орталық Азияның су тап­шы­лығын ойламайды. Бұл тек энергетика­лық және су мәселесіндегі проблемалар. Мұндай түйткілдерді кез келген саладан табуға болады. Тіпті Қазақстан мен Ресей­дің Ауғанстанға қатысты ұстанымы да бір бағытта деп айта алмаймыз.


Марат Шибұтов, Шекаралық әріптестік қауымдастығының сарапшысы:
жоқ
– Қазақстанның мүддесіне қайшы келіп жатыр деп айта алмаймын. Себебі Ресейдің Орталық Азияға қатысты орта­лық­тандырылған, жеке-дара ұстанымы жоқ. Сарапшылар жағы Владимир Путин­нің Қырғызстанға сапары барысында олар­ға Нарын және Қамбарата 1 СЭС-терінің құрылысына көмектесеміз деген пі­кірін Қазақстан мен Өзбекстанның мүд­десіне қайшы келеді деп қабылдауда. Иә, бұл мәселе Қазақстанда су тапшылығын ту­дыруы ықтимал. Алайда біз 2006 жыл­дан бері өзіміз де сол Қамбаратаның құ­рылысына атсалысуға қызығушылық таныттық қой. Цемент жеткізу, тағы басқа қажеттіліктермен қамтамасыз етуді мойнымызға алмақ болдық. Қырғызстан президентінің Қазақстанға жасаған соңғы сапарында да бұл мәселе келісілген болатын.
Біз осы мәселеге қатысты өзіміздің ұстанымымызды өзгерттік. Өйткені ол жерде біздің де үлесіміз бар. Бұл жер­ден түйетініміз, өз ішімізде ауыл шаруа­шылығы саласының адамд­а­ры­нан гөрі, Қырғызстанды инвести­ция­лап жатқан «Самұрық Қазы­на­ның» лоббиі күшті болып шықты. Яғни Қырғызстандағы СЭС-тен қазақстандықтарға да пайда түседі. Бұл шешім Қызылорда облысы үшін жақсы жаңалық емес екені рас. Алайда ол жер­де Ресейдің ғана емес, өзіміздің де мүдде жатыр.
Ал жалпы, Ресейдің Ор­та­лық Азиядағы ұстаны­мын ай­татын болсақ, оның Қа­зақ­станмен сай келмейтін жер­лері көп емес. Жаңа айтып өтке­німдей, Кремль бекітіп бер­ген, барша Ресейге ортақ болатын сая­си ұстанымдар жоқ. Мүлде жоқ дер едім. Ре­сейдің ұстанымы бірнеше корпорация­лар­дың векторлық саясатына қатысты құ­былып отырады дер едім. Ол әсіресе эко­но­микалық мәселелермен тығыз байланысты. Он­дай саяси ұстаным­дар ұзақмерзімді бола ал­майды, бүгін-ертең болатын оқиғаларға қатыс­ты ше­шім­мен шектеліп отырады. Ре­сей­ді айт­пағанда, Қазақстанның да Орталық Азия­ға қатысты өзіндік ұстанымы бар деп айта алмаймыз ғой. Шенеуніктердің ше­шімі­не қатысты өзгере береді. Қысқасы, бұл мәселеде Қазақстан мен Ресей ұқсас. Егер Ресей Қазақстанмен шектесіп жатқан Ор­т­алық Азия елдерінің қайсыбірімен ма­ңыз­ды шешім жасағалы жатса, ол Қазақ­стан тарапымен келісім жасауы әбден мүмкін.

Түйін
– Дәл қазір Ресей мен Қазақстан – кез келген уақытта, кез келген мәселені бір үстелдің басына отырып талқылай алатындай ынтымақты әріптес елдер. Алайда саяси экономикалық мүдде мәселесінде ешкімнің көңіліне қарап отыратын әдет болмауы керек екені түсінікті. ҚСЗИ сарапшысы айтпақшы, Ресейдің Орталық Азиядағы су-энергетикалық мәселелердегі бүгінгі белсенділігі болашақта аймақтың су проблемасын екі есе күрделендіріп жіберуі айқын нәрсе.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста