«Қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларды ғана емес, оған қатысушыларды да жазалау керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларды ғана емес, оған қатысушыларды да жазалау керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Соңғы үш жылда еліміздің 4 мыңдай азаматы қаржы пирамидасы ұйымдарынан зардап шегіп, ұйымдастырушылардың үстінен 61 іс қозғалған. Міне, осыған байланысты сарапшы мамандар «қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларды ғана емес, оған қатысу­шыларды да жазалау керек» деген пікірлер айтуда.
Жалпы, қазір қаржы пирамидасын құрғандарды жазаға тарта­тын жаңа заң жобасы даярлануда. Еліміздің Бас проку­ратурасының мәлімдеуінше, болашақта жүгенсіз жүріп, бұқараны дағдартқан мұндай ұйымдардың аяғына тұсау салынады. Мұны ұйымдастырушыларды 12 жылға дейін темір торға қамайды. Тіпті жаңа заң жобасы қаржы пирамидасына жарнама жасағандарды да жауапқа тартуды көздейді. Бұған қоса болашақта қаржы пирамидасына қатысушылардың өзін де жазалау шаралары қарастырылмақ. Пирамиданы ұйымдастырушылар өз алдына, ал қатысу­шыларды жазалау қаншалықты негізді? Алаяқтарға алданған аңқау елді қаржы пирамидасына қатысқаны үшін жазалау орынды ма? Біз бұл сауалды арнайы мамандардың ой-талқысына салып көрдік...


Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист сарапшы:
иә
– Өз басым қаржы пи­рамидасын ұйым­дастырушылар өз алдына, оған қатысушыларды да жазалау керек деген пікірмен келісемін. Мұны қол­даймын. Се­бебі мұның астарында үл­кен гәп бар. Мысалы, қаржы пира­ми­дасын бес адам ақылдасып, бі­рігіп ұйымдастырып, құрды делік, ал қал­ған қатысушылар сол пи­рами­даның жұмысын дөңгелетіп отыра­тын­­дық­тан, бұл жерде қатысушы­ларға да тергеу-талдау та­лаптары жүргізілуі қажет. Қатысу­шы­ларды қазбалау арқылы, олардың мойы­нына жауап­кершілік арту арқы­лы біз бұл сала­дағы алаяқ­тықты тыя ала­мыз. Мәселен, бір қатысушы пи­ра­мидаға көтерілу үшін маңындағы адамдарды да сол ұжымға қарай иліктіріп, елітіп, қаржы пирами­да­сының жұмысын жарнамалайды. 
Осыдан барып әлгі қатысушы өзінен кейінгі тізімге басқаларды тартамын деп түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Бұл жерде де екі-үш, тіпті он адам делік, қаржы пирамидасын ұйымдастырып құрды, бірақ жұмысты жүргізіп отырғандар – пира­ми­даға қатысатын 30-40 адам. Сондықтан пира­ми­даға алғашқы болып ақша құйған қаты­сушылар үшін де қатаң жаза белгіленуі тиіс. Жалпы, қазірде қаржы пирамидасын құрғысы келгендер интернет арқылы да құрып жатыр. Сондай-ақ микрокредиттік ұйымдар, ломбард, шағын несиелік қор­лар деген атауды желеу етіп лицензия алып, мұндай пирамидалардың жұмысын істетіп отырған да тұлғалар бар. Мысалы, талай елді әрі-сәрі еткен қаржы пира­ми­дасы ММ-2011-ге келер болсақ, біз, сарап­шы мамандар басында-ақ оның қар­жылық пирамида және оның күйреуі ақ­шалай қаражат салған азаматтарға айтар­лықтай залал келтіретіндігін алдын ала ескерткенбіз. Алайда еліміздің заңна­ма­сында қаржылық пирамида түсінігі бел­гіленбеген және оның қызметіне тікелей тыйым салынбаған. Аталған ұйымдардың қызметі елімізде Қыл­мыстық кодекстің 177-інші, яғни «алаяқтық» бабы деп есеп­теліп, осылайша ғана қылмыстық жауап­кер­шілікке тарты­лады. Аңғарғанға, бұл – өте жеңіл жаза. Аты­шулы ММ-2011 пира­ми­дасына қанша­ма халық жем болды?! Сол кездері олардың барлығы сауат­сыз­ды­ғынан осындай әре­кетке барды. Өзінің сауатсыздығынан қатысушылар келесі бір тұлғаны да үгіттеп, пирамида жұмысын наси­хаттап, сондай сауатсыздыққа жете­леді. Бұл жерде сонша­ма халықты пира­ми­даға жалғыз Сергей Мавроди тартты десек, қателесеміз, ол тек жобаны ұйым­дастырды. Ал қанша халықты тартқан, пирамидаға әкелген сол қаты­су­шылардың өзі. Сондықтан өз басым қаржы пира­ми­да­сына қатысушыларды да жазалау керек деген пікірді қолдаймын. Қаржы пира­ми­дасының көлеңкелі тұстары көп бол­ғандықтан, бұқара қолындағы қаржысын көбейткісі келсе, банк депо­зит­теріне салуы тиіс. Әрине, біздегі банктердің депозиттері анағұрлым жоғары емес. Бірақ онда қар­жының сақталуына кепілдік бар. Қаржы пи­­рамидасына соңғы тиынына дейін салып жіберіп, артынан аһ ұрып жататын қауым­ға айрықша талап қоя білгеніміз жөн. Олай етпесек, халықтың алдануы ар­та түсіп, мұның арты үлкен қауіпке апарып соқтырады.


Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Жоқ, мен мұнымен мүл­дем ке­ліспеймін. Қисынға келмейтін нәр­се. Қаржы пи­рамидасына ал­да­нып, онсыз ­да жайсыздыққа тап бол­ған қатысушыларды не үшін жа­за­лауы­мыз қажет? Қар­жысын қан­дай­да бір қаржы пи­ра­­ми­дасына сеніп тап­сырып, үміттен­гені үшін қара­пайым қа­уым жа­зықты емес. Бұл жер­де алаяқ­тық бабымен қыл­мысқа бар­ған қар­жы пи­рами­да­ларын ұйым­­дас­ты­рушы­ларды жаза­лау керек. Солар­дың мойнына жүк­­­те­­­лер жа­уап­кершілікті қатаңдату қажет.  Демек, бізге халық қам­сыз қаржы жинасын десек, нақ осы әрекет­пен айна­лы­сып, жұрт­ты ал­дап, олардың табан ақы, маң­дай тер­мен жиған қар­жысын қақпанына түсіретін пи­ра­мида­ларды мүлдем елге кіргізбеу керек.
Қаржылық пирамидалар орасан эко­но­микалық және әлеуметтік қауіпсіздік туды­ра­ды. Қалай дегенмен де, жұртшылық қазір қаржы­лық пирамиданың қосымша табысы жоқ екенін, олардың бонусты жаңа­дан келіп жатқан адамдардан жинақ­талған ақшасы есебінен беру арқылы түсетін тетігі барын ашық түсіне бастады. Бәрінен бұрын пира­миданы ұйымдас­тыру­шылар оның кез келген сәтте банкрот­қа ұшырауы мүмкін екенін жасырмайды. Еліміздің барлық қаласында осыған ұқсас ұйым­дар­дың кең­се­лері бар, оған күн өткен сайын аң­қау жұрт көптеп тартылып жатыр. Сон­дықтан бізге Қылмыстық кодекске қар­жылық пирамида құруға мүлде тыйым салатын бап енгізетін сәт жетті. Егер де болашақта мүлдем тыйым салатын арнайы бап енгізсек, онда құқық қорғау орган­дарының мұндай істі ауыз­дық­тауға мүм­кіндігі молайып, мәселе өзінен-өзі шешімін табар еді. Демек, бұл жерде осын­дай бір қатаң­да­тылған баптар енгізген абзал. Қалай десек те, қаржы пирамидасына қатысты жүйелі бір шешімдердің қажеттілігі даусыз. Өйткені бұған дейін де қанша айты­лып, жазылып жатса да, одан сабақ алу­шы­лардың қатары аз. Қаржылық ойындарды мол ақша табудың көзі деп, бас сұғып, ар­тынан бармақ тістей­тін­дердің саны азаймай отыр. Себебі  оған қатысушылар көп ақшаға кенелемін деп ойлап, барлығын құпия ұстайды.  Соңы өкі­нішке ұласады. Ал пира­ми­даның артында тұр­ған көзбояушылар алаяқтық жолмен әрекеттерін жалғастыра береді. Сондықтан бұл жерде қаты­су­шы­лар­дың ешқандай жа­зы­ғы жоқ. Олар сол алаяқтардың құрбаны бол­ған адамдар. Ендеше, бізге мәселені түбі­рі­мен шешу үшін біржола тыйым салған жөн. Сонда бұл жайт оңтайлы шешімін табады.

Бейтарап пікір
Нұрбала Елеусізова, қаржыгер маман:
– Білесіздер, әлемді дүрліктірген бұл жүйенің екпіні бізді де айналып өтпеді. Қаржы пирамидасының салқы­ны қазақ баласын да біраз шарпыды. Біреулер бармақ тістеді, енді біреулер тіпті суицидтік әрекеттерге де барды. Бірақ пайдаға кенеліп, белшесінен табысқа баттым деген бірі жоқ. Еліміздегі Қаржы полициясы соңғы үш жылда заңға «томпақ» әрекет етіп келген 19 қаржы пирамидасының былығын әшкерелеген. Алаяқтардың арбауына іліккен 5 мыңға жуық қазақ­стандық 1 млрд теңгеден астам қаржысынан қағылған. Өкінішке қарай, құқық қорғау органдары көбіне пирамида қызметіне өте кеш араласады. Әдетте бұл жағдай салымшылардың ақшасын кері қайтару мүмкін болмай қалған кезеңде өтеді. Өйткені ҚР заңнамасында қаржылық пирамида түсінігі белгіленбеген. Сондықтан оның қызметіне елімізде тыйым салынбаған. Бірақ Қар­жы полициясы ҚК 177-бабы бойынша, яғни «алаяқ­тық» бабымен жауапкершілікке тарта алады. Жауап­қа тарту үшін азаматтардан залал келтірілгендігі туралы шағым-арыз түсуі керек. Ал біздегі кейбір азаматтарымыз қар­жы­лық пирамидаға қатысып алып, бар­лығын құпия сақ­тап, кірістің түбі бір болатынына сенеді. Мұндай жағ­дай­да, әрине, қылмыстық іс қозғаудың өзі қиын. Сондықтан біз үшін нақ осы жүйеде сауат­ты насихат, салиқалы ше­шім қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста