ПАНФИЛОВШЫЛАР ПАРКІНЕ ТЕҢІЗ «ПУШКАСЫ» ҚАЙДАН КЕЛДІ?

ПАНФИЛОВШЫЛАР ПАРКІНЕ ТЕҢІЗ «ПУШКАСЫ» ҚАЙДАН КЕЛДІ?
Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштері 25 жылдығын атап өтті. Осы орайда біз қазіргі жастарға еліміздегі кейбір әскери ескертшкіштерді таныстырып, олардың тарихына аз-кем тоқталуды жөн санадық. Өйткені көбіміз күнде көріп жүрген нысандардың не үшін қойылғанын, тарихын біле бермейміз.

Алматыдағы 28 панфиловшылар паркінде, батырлар аллеясының шетінде монтиып, балалардың ойыншығы тәрізді жұп-жұмыр түсініксіз зеңбірек тұр. Әскери кеменің палубасында тұратын 100 миллиметрлік соғыс қаруы. Теңіз шайқасына қатысып көрмеген қазақ елінде бұл зеңбірек неге тұр? Оның бізге қатысы қандай? Бұл сұрақ бізді кейде ойландырғанмен, тамырына терең үңіліп жатпаймыз. Соғыстың бір белгісі ретінде тұр ғой әйтеуір. Жо-жоқ, олай емес екен. Бұл зеңбіректің кешегі соғыс көрген қазақтар мен еліміздегі жастар ұйымының тарихына тікелей қатысы бар көрінеді.

Сонымен қатар, елімізде «Киров» әскери-патриоттық клубы дегендер бар. Бұл не қылған клуб, оның бізге қатысы қандай? Бұл клубтың осы зеңбірекке жақындығы бар ма?
1990 жылы Қазақстан комсомолы орталық комитетінің делегациясы алдымен Ленинград, одан кейін Мурманск, одан кейін Северодвинск қаласына сапар шекті. Делегация құрамында Қазақстан комсомолының басшылары, журналистер, ЖенПИ-дің «Ұлар» ән-би ансамблі болды. Сапардың ат басын тіреген соңғы нүктесі сол кездегі Кеңес Әскери флотының мақтанышы әрі құдыреті «Киров» атом крейсері-тұғын. Теңізге шыққан сәтте-ақ бүкіл әлемдің барлау құрылғысының назарын өзіне аударатын бұл сұңғыла кеменің әскери-тактикалық мүмкіндіктерін сөз етудің өзі артық. Кеменің өзі тұтас бір қала. Әскери теңізшілердің айтуынша, олар кеменің бір бұрышындағы теңізшіні айлап көрмеуі мүмкін екен. Бізді таңқалдырған тағы бір дүние: кеңестің мұндай құдыретті әскери обьектілерінде басқа ұлт өкілдері сирек кездесетін. Бірен-саран. Болмаса, жоқ. Ал, мына атом кемесінде қазақтар баршылық. Кәдімгідей, аса құнды құрылғылардың құлағында отыр. Бұл Кеңес әскерінде сирек кездесетін жағдай-тұғын. Өйткені, бұл әскери кеменің дәстүрінде қазақтарға, Қазақстанға деген құрмет ерекше. Оның мынадай себебі бар екен:
Өткен ғасырдың 30-жылдары Кеңес Одағының әскери флотында 3-ақ жеңіл крейсер болыпты. Сталин конструкторлардан аса күшті кеңес крейсерін жасауды талап етеді. Кеңес конструкторлары италья кемелерінің үлгісін алады. Бірақ, оны жетілдіріп, мықты зеңбіректер қойып, 1936 жылы «Киров» атындағы әскери крейсер алғаш рет суға түсті. Сол 30 қараша күні Қазақстан комсомолы құдыретті әскери кемені өзінің қамқорына алды. Содан бастап бұл кеменің палубасы Қазақстан теңізшілерінсіз қалған емес. Ашық теңізге шыққан кезде бақылаушылар, шолушылар басты роль атқаратыны белгілі. Өйткені, олар ештеңені қалт жібермей жіті қадағалап тұруы керек. Ал қазақ даласы да сол теңіздің айдыны сияқты. Сол себепті шолушылардың жартысы жанары өткір қазақтардан тұрған екен.
Крейсер екінші дүниежүзілік соғысты Балтық теңізінде қарсы алды. Содан біртіндеп Ленинград қаласының маңына шықты. Сөйтіп, Ленинградты қорғауға қатысты. Тарихи құжаттарға қарап отырасақ, құдыретті крейсер Қазақстан комсомолының назарынан ешуақытта тыс қалып көрмепті. Сол сұрапыл соғыс жылдарында «Киров» кемесіне еріктілерді жинақтап, іріктеп жіберіп отырған. Мысалы, сол еріктілердің қатарында болған Геннадий Гусманов туралы немересі Юлия Гусманова былай жазады:

«Соғыста қаза болған жауыргерлерді орнын толтыру үшін 1942 жылы Қазақстан қамқорындағы Киров крейсеріне еріктілерге шақыру жарияланды. Тілек білдірген еріктілер саны 500 адам болды. Олардың бәрі де 1925-26 жылдары туған 9 сыныптың оқушылары еді. Содан 50 адамды іріктеп алған. Оларды бір ай оқытып, 1943 жылы әйгілі крейсердің бортына жеткізген. Солардың бірі менің атам Геннадий Гусман болатын. Ол 18 жасқа толмаған кезі».
Қазақстан жауынгерлері Ленинград құрсауында ерлікпен шайқасты. Сол себепті де Балтық әскери-теңіз флотының қолбасшысы В. Трибуц 1943 жылы сәуірде қазақ халқына былай деп хат жолдады: «Отан үшін шайқаста қазақ халқының ұлдары алдыңғы қатарда келеді. Олар біздің еліміздің балтық шебін өзге де балтық теңізшілерімен бірге күзетіп, біздің елдің теңіз астанасы, революцияның жарқын бесігі Ленинградты қажымастан қорғап жатыр. Тек бір ғана қызылтулы «Киров» крейсерінің өзінде 156 қазақстандық әскери сапта тұр. Олардың көпшілігі ерлік пен қажырлығы үшін Кеңес Одағының үкіметтік орден, медальдарымен марапатталды...»
Сол «Киров» алып әскери кемесі соғыстан кейін де Кеңес әскери флотының құрамында сапта тұрды. Кемедегі әскери теңізшілердің үштен бірі жыл сайын Қазақстаннан шақырылатын. Елімізде «Киров» әскери-патриоттық клубының болу себебі сондықтан. 60 жылға жуық осы кемеде әскери борышын өтеген жауынгерлердің көпшілігі және олардың ұрпағы, болашақ теңізшілер «Киров» клубының мүшелері. Жыл сайын олардың кездесуі болып тұрады.
Таяуда осы клубтың шәкірттері Ақтау қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу орталығына барып қайтты. 2016 жылы Алматы қаласының әкімі мен ҚР Әскери-теңіз күштерінің басқолбасшысы әскери-қамқорлық жұмыс жөнінде келісімге қол қойған болатын. Клуб шәкірттерінің бұл сапарына осы келісім мүмкіндік туғызып отыр. Бұл екінші сапар. Біріншісі өткен жылы, келісімге келісімен-ақ жүзеге асқан болатын.
«Біздің әскери-патриоттық клубтың терең тарихы бар. Біздің жауынгерлердің ерлік істері әйгілі «Киров» крейсерінің тарихымен бірге жазылған. Жалпы, осындай атаумен 30 клуб бар екен. Біздің клуб соның ішіндегі ең ірісі»,-дейді клуб жетекшісі Бақытжан Перімбетов.
Клуб шәкірттерінің Ақтауда өткізген күндері өте қызықты болды. Әскери теңізшілер шәкірттерге кеменің қондырғыларын, жеке құтқару құралдарын және кеме мамандықтарын таныстырды. Сол 8 күн ішінде балалар әскери қызметтің қыр-сырын көрумен қатар, сүңгіп жағаға жетіп, теңізші ретінде тапсырма орындау сияқты міндеттерді қоса атқарды. Иә, әскери теңізшілер балаларға барлық жағдай туғызып, Ақтау қаласының мәдени орындарымен таныстырды. Сол күндері шәкірттер әскери-теңіз күштерінің мұражайында болып, «Кировтың» тарихына қанықты. Міне, даңқты крейсер мен Қазақстан Теңіз Қарулы күштерінің және «Киров» әскери-патриоттық клубының бір-біріне қатысы осындай.
Енді сол панфиловшылар паркіндегі зеңбірекке қайта оралайық. 1936 жылы теңізге түскен әйгілі «Киров» крейсері 1974 жылы «зейнетке» шықты. Оның орнына заманауи зымырандармен жабдықталған, атомдық әскери кеме пайда болды. Жаңа құдырет сол «көкесінің» есімін иеленді. Бұл заманауи мықты өзінің даңқты «көкесінің» жолын жалғастырып келеді қазір. Оның бортында да Қазақстан жауынгерлерінің іздері мен істері сайрап жатыр.

Ал, «даңқты қария» Кронштадтағы теңіз мұражайына жайғасты. Оның бірқатар бөлшектері, зеңбіректері шешіп алынып, басқа жерге қойылды. Соның бірі, 100 миллиметрлік зеңбірек Алматыға жетті. Панфиловшылар паркінде батырлар аллеясының шетінде үнсіз монтиып тұрған сол. Қазақ теңізшілерінің ерлігінің куәсі, солар жайлы естелікті ішіне бүккен «зейнеткер». Қазақ теңізшілерінің ерлігін паш ететін қарапайым, бірақ нағыз ескерткіш.
Серік Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста