Оқу жылы басталғаннан кейін «санитарлық талаптарға сай емес» деп мектептердің жұмысын тоқтату негізді ме?

Оқу жылы басталғаннан кейін «санитарлық талаптарға сай емес» деп мектептердің жұмысын тоқтату негізді ме?

Бүгінде еліміздегі бірқатар мектептер санитарлық талаптарға сай болмауына орай сот шешімімен жабылуда. Мәселен, жақында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бестөбе поселкесіндегі № 1 орта мектептің қызметін уақытша тоқтатты. Яғ­ни аталмыш мектептегі сынып бөлмелерінің төбесіндегі жаңбыр суынан қалған іздер мен ылғалдан көгерген ағаштары жөнделіп,  кем­шілік жойылғанша мектеп  уақытша жабылды. Егер бүгінде елі­міздегі 2066 мектептің таза ауызсумен қамтамасыз етіл­ме­ге­нін, олардың ауызсуды сырттан тасып ішіп отырғанын, мұның да санитарлық талаптарға сай емес екенін ескерсек, мек­теп­тер­дің барлығын жаба беру негізді ме? Бас мұғалім жаңа оқу жылының алдында «Қыркүйектің 1-іне дейін Төтенше жағ­дайлар министрлігі ескерткен кемшіліктер жойылады. Жаңа оқу жылына дайын болмаған мектептердің ашылуына жол бер­­мейміз» деп қадап айтқан болатын. Ендеше, оқу жы­лы басталғанға дейін жөнделуі тиіс мектептерде оқу­­шылардың оқу бағдарламасынан қалып қой­­мауына кім жауап береді? Түйткілді мәселеге орай мамандар пікірін біліп, таразылап көрген едік.


Сәуле АХАН, Алатау ауданы бойынша МСЭҚБ Мектепке дейінгі білім беру мен білім беретін ұйымдарды санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы:
иә
– Егер санитарлық талап­тар­ға сай емес деп табылса, оқу жылы­ның бас­талып кет­ке­ніне қара­мас­тан мектептің жұ­мысын тоқтатқан дұ­рыс. Қазіргі таңда бала­ла­ры­мызға мек­­тепте сапалы білім, са­на­­лы тәр­бие берумен қатар олар­дың ден­саулығын сақтау, еге­мен еліміздің де­ні сау бо­лашағын тәр­биелеу – басты мақ­сатымыз. Сон­дықтан  оқу­­шылар білім алып жат­­қан мек­теп­тердің са­­нитарлық-тех­­никалық ба­­за­сы­ның та­лап­қа сай болуы өте ма­ңы­з­ды. Жыл са­йын жаңа оқу жы­­лына дайындалу ба­­рысында бі­лім беру ме­ке­ме­ле­рінде са­ни­тарлық-тех­ни­калық жағ­дай бо­йын­ша ке­шенді күр­делі жөн­деу және ағым­дағы жөндеу жұ­мыс­тары жүр­гі­зі­леді. 
Ал апатты, санитарлық талапқа сай емес жағдайда жұмыс істеп жатқан білім мекемелері анықталған жағдайда тиісті құзыр­лы мекемелерге анықтамалар жібе­ріліп, кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі көтеріледі. Егер бұл талап уақы­тында орындалмаса, сот арқылы осы мекемелердің қызметін тоқтатуға талап арыз беріледі. Өйткені санитарлық талап­тар бойынша мұндай мекемелерде білім алу оқушының, ұстаздың денсаулығына кері әсер етеді.
Мәселен, мектеп ғима­ра­тының төбе­сінен су ағып, сынып каби­неттерінің қа­быр­­ғасы дымқылданып, көгер­гені және сар­ғайғаны анықталса, бұл жағдай оқушылар денсаулығына тікелей кері әсер ететінін айта кету керек. Қабыр­ға­лары дым­­қыл­да­нып, ылғалдылық жоғары болған сынып бөл­ме­ле­рінде отырған бала­ларда тыныс-жол ауру­лары пайда болады. Яғни ондай бөл­ме­лер­де өкпе қабыну, бронхит және демікпе ауру­ла­рының өршу қаупі жоғары. Сондай-ақ осы күз айларын тұмау маусымы деп есеп­тейтін болсақ және мұндай кезеңдерде оқушылардың имму­ни­теті төмен­дейтінін ескерсек, мұндай сынып кабинеттерінде оқи­тын оқушылар жиі науқастанады.  Осы бағытта Алатау ауданы бойынша МСЭҚБ тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар өте көп. Жаңа оқу жылына дайындық барысын тексеру кезінде жөндеу жұмыстары жүргі­зіл­меген №169 жалпы білім беретін мектептің акті за­лы­ның, №166 мектеп-ли­цей­дің акті және дене­шы­нықтыру зал­да­рының қыз­­метін кем­шіліктерін жой­­ғанға дейін тоқтата тұруға аудан­ара­лық ма­ман­дандырылған сотқа талап арыз жіберілді. Бірақ жақында басталған І тоқсанның демалысында №169 мектептің акті залының төбесіне және №41 мектептің апатты жағдайдағы информатика каби­не­тіне, осы кабинет орналасқан екінші қабат дәлізінің төбесі мен санитарлық тораптар (дәретхана, қолжуғыштар) бөл­месі және кіші дене­шынықтыру залының төбесіне күр­делі жөндеу жұмыс­тары басталып жүр­гізілуде.
Осы орайда айта кетер жайт, мүм­кіндігінше санитарлық талаптарға сай емес деп табылған мектептер оқу процесін тоқтатпай, тоқсанаралық демалыстарда кем­шіліктерін жоя білсе, нұр үстіне нұр болар еді.


Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Қайткен күнде оқу жылы бас­та­лып кеткеннен кейін оқу про­це­сіне ке­дергі келтіретін дү­ние­лер­дің болуы – үлкен қылмыс. Негізі, үш айлық демалыс кезінде мек­теп­тер­дің барлығы жөндеу жұмыс­та­рын жүргізіп, кемшіліктерді жоюға мін­детті. Оқу жылы басталып кет­кеннен кейін мектепті жабу, ба­ла­ларды мектеп бағдарламасынан қалдыру дұрыс емес. Бұл – бала­лардың обалына қалу. Мәселен, ертеңгі күні балалардың оқу про­цесінен қалып кеткені үшін кім жауап береді? Сондықтан санитар­лық талаптарға сай емес деп жа­былған мектепте сондай жағ­дай­ға кім әсер еткенін анықтап, жазаға тартуға тиіспіз. Он­сыз бұл жағдай мектептерімізде әдетке айналып кетеді. 
Мәселен, ертеңгі күні балалардың оқу процесінен қалып кеткені үшін кім жауап береді? Сондықтан санитарлық талап­тар­ға сай емес деп жабылған мектепте сондай жағдайдың орын алуына кім әсер еткенін анықтап, жазаға тартуға тиіспіз. Онсыз бұл жағдай мек­теп­те­рі­мізде әдетке айналып кетеді. Мә­селен, мектепте жөндеу жұ­мы­сын жүргізіп үлгеруге үш айлық де­ма­лыс кезеңі жетеді деп ойлаймын. Ал оқу жылы бас­та­лып кеткен соң мектепті жабу мүлдем дұ­рыс емес. Мәселенің шығу төркінін зерттеп, кінә­лі­лерді жазалап, екінші қай­тара мұндай мәселе туын­дамас үшін керекті ша­­­ралар жасауымыз керек.
Мектеп құлайын деп тұрған кездің өзінде оқу процесін тоқтатудан гөрі бала­ларды мүмкін­дігінше оқу бағдар­ламасынан қалдырмай оқытатын басқа бір мекеме тауып немесе көрші мектептерге ауыстыра тұруды алдын ала ескеру керек. Шыны керек, бүгінгідей дамыған заманда балаларымызға лайықты білім бере алмай, оқу процесін үзуге мәжбүр болуымыз ұят. Бұл – оқушылардың құқығын бұзу. Өйткені біз дер кезінде мектепті дайын ете алмай, оқушыларды сондай жерде білім алуға мәжбүрлеп отырмыз. Тіпті санитарлық талаптарға сай болмаған мектепті жауып, оқушыларды уақытша басқа мектепке ауыстырудың да машақаты жетерлік. Мәселен, алдымыз қыс мезгілі, сондай-ақ аяқ астынан басқа мектепке уақытша оқу оқушыларға да психологиялық тұрғыдан ауыр.
Атап айта кетер жайт, жыл сайын жаңа оқу жылы басталып кеткеннен кейін мектептердің жаңа оқу жылына дайын еместігі, санитарлық талаптарға сай болмауы, қысқа жылу жүйелерінің дайын болмай отырғаны сөз болып жатады. Демек, біздің бұл мәселелердің туындауына етіміз үйреніп барады. Сондықтан бұл мәселелерді оқу жылы басталып кеткеннен кейін оқушыларды оқу процесінен үзуден гөрі осыған жауапты адамдарды жазалау тиімді шешетініне сенемін.

Бейтарап пікір
Гүлнар ЫҚСАНОВА,
Мәжіліс депутаты:
– Бұл мәселеге біржақты қарауға болмайды. Өйткені оқушылардың денсаулығына кері әсер ететін сынып бөлмелерінде балалардың білім алуы қауіпті деп танылса, оны неге жаппасқа?! Екінші жағынан, мәселен, кейбір ауылдарда бір ғана мектеп бар. Ал соның өзін «санитарлық талаптарға сай емес» деп жауып тастайтын болсақ, олардың көрші ауылдарға қатынап оқуы қиындық тудырса, балалар оқу бағдарламасынан қалып қоймай ма? Сондықтан санитарлық талаптың өзін бар мәселені ескере отырып, мұқият қарастыру керек. Егер табылған санитарлық кемшілік адам денсаулығына, өміріне қауіп төндірмейтіндей деңгейде болса, мектепті жаппау керек. Тек оқушылар мен ұстаздардың өміріне қауіп төнетін жағдайда ғана оларды жабу туралы шешім қабылдаған дұрыс. Сондай-ақ, атап айта кетер жайт, кемшіліктің орын алуына жол берген үш ай жазғы демалыста мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізбегені үшін жауапты басшыларға шара қолдану керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста