Мемлекеттік тіл төңірегіндегі заңбұзушылықтар мен қателерді реттеу үшін тіл полициясын құратын кез жеткен жоқ па?

Мемлекеттік тіл төңірегіндегі заңбұзушылықтар мен қателерді реттеу үшін тіл полициясын құратын кез жеткен жоқ па?

Елімізде мемлекеттік тіл мәселесін шешуге келгенде бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстар жетіп-артылады. Нақ қазір республикамыздың  ірі-ірі қалаларында тіл төңірегіндегі заңбұзушылықтар мен қателіктер өршіп тұр. Бір ғана Алматы қаласының көшелерінде қазақ тілінің мәртебесін «мөлитіп» тұрған сауатсыз жарнамалар қаншалықты? Біз туындаған кез келген мәселені неліктен ресми тілде шешуге тырысамыз? Болашақта ана тіліміздің мерейін қалай үстем етсек болады? Соңғы кездері нақ осы қазақ тілінің мерейін өсіріп, өзгелерге де сол тілді сыйлату мақсатында  тіл полициясын құру қажеттігі сөз болуда. Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегіндегі заңбұзушылықтар мен қателерді реттеу үшін бізге мұндай тіл полициялары керек пе, әлде жоқ па? Мұндай полиция құру мәселені шеше ала ма? Біз  бұл сауалды арнайы мамандардың талқысына салдық.


Амангелді АЙТАЛЫ, мемлекет және қоғам қайраткері:
иә
– Бұған ешқандай дау жоқ. Тіл по­ли­ция­­­сын құру керек. Нақ қазір елімізде қа­­зақ тілінің қолданысына қатысты заң­бұ­зу­шы­лықтар тым көбейіп кетті. Ірі-ірі қа­­­лалардағы қатесінен көз сүрінетін жар­на­малардың өзі  – үлкен өрескел заң­бұ­зу­шы­лық. Осыған қатысты айтарым, мұн­дай заң­сыздықтар мен өрескел қа­те­лерді тү­зеп, жөнге салу үшін қазаққа бір мықты тіл по­лициясы керек. Тілді құр­меттеу тек қана грам­матикалық, син­так­систік немесе тер­миндік мәселе емес. Бұл қателіктер өз ал­ды­на, қазірде қазақ ті­лін ашық сыйламау орын алуда. Сон­дық­тан мұндай бір орган бізге қажет. Мә­селен, қазірде Ресейде кімде-кім Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі фа­шизмді ақ­тау­ға қызмет жасаса, қыл­мыс­тық іс кө­те­руде. Себебі Ресейде орыс хал­қын сый­­ламау, фашизмді жақтау, дә­ріп­теу орын алып бара жатқандықтан, олар осындай әрекеттерге барып отыр.
Ал қазақтың елінде қазақ тілін сый­ла­мау­ға қатысты арнайы жазалау бабын ен­гізу қажет.  Қазақтың тілін біле тұра, оны мен­сінбей, қасақана орыс тілінде сөй­лей­тін­дерге шовинизм, яғни астамшылдық ба­бын енгізіп, арнайы заңмен жазалау ке­рек. Тіл мәселесін осылайша жоғары дең­гей­де қолдауға кіріскен абзал. Тіл по­ли­ция­сын құру, қайсыбіреулер айтып жүр­гендей,  ұлтараздыққа, өзге ұлттарды ала­лау түсінігін тудыруға апармайды. Бұл ке­рісінше, тіліміздің мерейін өсіруге, тілді өзге халықтарға сыйлатуға бастайтын қа­дам. Қазірде ұлт құндылықтарына қарай шарт­ты түрде қазақтарды үш топқа жат­қы­зуға болады. Бірінші топтың психологиялық ба­ғыт-бағдары ұлттық мәдени, тарихи са­наға негізделген. Олар ұлттық құн­ды­лық­тарға артықшылық береді. Екіншілер – өз бойына екі не одан да көп мәдениетті сі­ңіруге тырысатындар. Үшіншілер – ана ті­лінен орыс тілін артық білетіндер, сон­дық­тан бөтен тілге, мәдениетке ар­тық­шы­лық беретіндер. Сонымен қатар тілді де, мә­дениетті де меңгермеген маргиналдар да бар. Олар ұлт мәселесі төңірегінде ой­лан­бай­ды. Бірақ барлығында ортақ «мен қазақпын» деген сана бар. Қазақтың сөзін сөй­лейтіндер, қазақы рухы мықтылар – жаңағы бірінші топтағылар. Қазір бізге қо­лай­лысы, қазақы рухты асқақтату үшін ұлттық мәдениеті, тілі, тарихы са­насына сіңген бірінші топтағылардың са­пасын арттыру болуы тиіс. Ендеше, қа­зақ­тың тілін сақтайтын, қорғайтын, мәр­те­бе­сін өсіретін мұндай тіл полициялары  біз­ге керек. Мұны қолдау қажет.


Ерлан СЫДЫҚОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Мен тіл полициясын құру керек де­генді қолдамаймын.  Себебі адам­зат­тың тарихына көз салсақ, қоғамда, мем­ле­кетте репрессивтік  аппараттарды кү­шейт­­кен сайын оның нәтижесі ой­­­дағыдай болмайды. Сондықтан бізге қа­рақұрым органдарды көбейте бер­ген­нен тіл мәселесі шешілмейді. Тіл по­ли­ция­сын құрып, ол полицияға арнайы мін­дет жүктеп, тілді осылайша қол­дай­мыз, қорғаймыз дегенмен, мәселенің тү­йіні тарқатылмайды. Сондықтан бізге мұн­дай полицияны құрудың қажеті жоқ. Егер біз тіл мәселесін шешеміз де­сек, қазақтың санасын өзгертуіміз керек. Тіл – әр мемлекеттің басты құндылығы. Тіл­сіз мемлекетті мемлекет деп атауға да бол­­майды. Сондықтан да халықтың ең бас­ты бары да, байлығы да – тілі. Ен­деше, осыны сезінсек, бірінші ке­зек­те са­­на­ны түзеуіміз қажет.
Елбасының өзі «қазақ қазақпен қа­зақ­ша сөйлессін» дегенді нықтады. Мі­не, осы ба­ғытты ғана ұстанып, ең алды­мен қа­зақ­тың өзі бір-бірімен қазақша сөйлессе, мәселе реттелер еді. Ал біздің қазақ басқа ұлт өкілдерінің арасында мемлекетаралық тілді қолдануға бейім тұ­рады. Міне, сана өзгермей, тілдің мәсе­лесін арнайы заңмен нықтау да, арнайы полициямен реттеу де оңтайлы ете ал­май­ды. Тілдің мәрте­бе­сін өсіру от­ба­сы­нан бас­талуы керек. От­ба­­сын­да әр қазақ өз тілінде сөйлесіп, өзі­нің ана тілін ба­ла­ларының бойына сі­ңірсе, тілдің ме­ре­йі осыдан өседі. Тіл ананың сүтімен, ата­ның қанымен даруы тиіс. Сонда ғана қа­зақ­тың тілі тектілене түседі. Балабақшада ба­лалардың тілдік қорын жетілдіруге күш сал­ғанымыз жөн. Мектеп қабырғасында қа­зақтың тілін оқытуды тереңдету қажет. Жоғары оқу орындарында қазақ тілінің бе­делін өсіретін арнайы шаралар ұйым­дас­тырылғаны абзал. Егер біз қазіргі жас­та­рымызды отбасынан бастап тәрбиелеп, елінің тілін қастерлеуге бағыттасақ, нақ осындай мәселе қазірде көтеріліп отырмас еді. Бізде жалтақтық басым. Қаншама жыл бодандықта болған қазақтың санасындағы сеңді бұзбай, тілдің мерейін өсіре ал­май­мыз. Сана өспей, қанша жерден арнайы ин­спекция немесе полиция құрғанмен, тіл­­ді білуді міндеттеп, мәжбүрлеп бойға сі­­ңі­ру мүмкін емес. Тіл полициялары кө­ше­­лер­­­дегі қате кеткен жарнамаларды, ме­­­ке­мелерде қазақ тілінде қате тол­ты­рыл­ған құ­жаттарды түзетуге ғана мұ­рын­дық бо­лар. Ал бұл мәселенің бетін ғана қал­қып, өзекті проблема шешілмей қа­лады. Сон­дықтан бізге тәрбиені отбасынан, ба­лабақшадан бастау қажет. Жас өс­кін­дерді қалай баулысаң, қалай бағыттасаң, олар солай ниеттеледі. Ендеше, «арнайы по­лиция құрамыз» деп екпіндегеннен гөрі бізге қоғамның санасын өзгертуге, сананы да­мытуға күш салған жөн. Ал тілдік поли­ция құру қаптаған орган-коми­тет­тер­дің қарасын көбейтіп қана қояды. Сон­дық­тан мұны қолдаудың қажеті жоқ.
                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, қоғам қайраткері:
– Голландияда мұндай тіл полициялары жұмыс істейді. Ол елде көшеде өзге тілде сөйлеп келе жатқан адамды арнайы полиция құжатын тексереді. Егер де ол голландық болса, айыппұл салады. Міне, бізге тіл мәселесіндегі заңсыздықтар мен ретсіз қателерді тоқтату үшін мұндай талап ететін полицейлер қажет. Талап болмағаннан кейін қолданыстағы заң жүзеге аспайды. Ендеше, «Тіл туралы» Заңның орындалуын нәтижелі ету үшін бұл бастаманы тәжірибеге енгізген жөн деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста