Ғарышкерлер күнін мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізу керек пе?

15 қыркүйек күні Парламент Сенатының пленарлық отырысында сенатор Ғани Қасымов премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына екі сауал жолдаған болатын. Соның бірі – 2 қазанды мемлекеттік мереке ретінде ғарыш күні етіп енгізу. 12 сәуір – Халықаралық ғарыш күні екенін елдің бәрі білгенімен, Тәуелсіздік алған тұста Тоқтар Әубәкіровтің қазақ атын көкке самғатқан күнін екінің бірі, егіздің сыңары біле бермейді. Біздіңше, қазақтың алғаш ғарышқа ұшқан күнін әр азамат жадында сақтап, көкейіне қондыруы қажет. Десек те, бірқатар ақпарат құралдары Ғ.Қасымовтың «қазанның 2-сі» дегенін бұрмалап, интернеттегі сайттарына «9 қыркүйек» деп, елді одан әрі әбігерге салып, шатастырыпты.  Тұңғыш ғарышкерге хабарласқанымызда, ол кісі де 2 қазанда ұшқандығын және бұл датаның Қазақстан сынды еңселі ел үшін маңызы ерек екендігін растады. Сонымен, 2 қазанды мемлекеттік мереке ретінде ғарыш күні етіп бекітуге ел қалаулылары не дейді екен?

Оразалы СӘБДЕН, ҚР ҰFА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Экономика институтының директоры
Иә

– Кеңес кезінде Гагарин­нің ұшқан уақыты – 12 сә­уір­ді  ғарыш күні деп есеп­те­дік. Ал өз елімізде өзіміз­дің ға­рыш­керіміздің ұшқан кү­нін мем­лекеттік мереке ре­тінде қа­былдайық. Бірақ де­малыс бол­масын. Онсыз да де­ма­лыс күндері жетер­лік. Ғалым ретінде айтар бол­­сам, ғылым күні деген бар. Ол күнді бел­гі­ледік, бі­рақ арнайы де­ма­лыс бе­ріл­ген жоқ. Сол секілді ға­рыш кү­нін де кәсіби ғарыш ма­ман­дарымен, ғарыш­кер­лер­­мен атап өту қажет. Мем­­ле­кет ретінде қалыптас­қан­­нан бе­рі ғарыш агенттігін құр­дық. Қазақстанда «Қаз­сат» се­рия­лы жер серігі бар.
Ғылыми-зерттеу институттары бар, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ғарыш саласы – жаңа бағыт.  Ғарыш – ХХІ ғасырдың инновациялық технологиялық маңызы зор арнасы. Ғарыш саласын қолға алып, келешек жастарымыз кеңістікті, ғарышты игергені дұрыс. Ғарышкерлер күнін мемлекеттік мереке ретінде қабылдасақ, оның ел дамуына пайдасы болады. Бір жағынан, мұның саяси мәні де бар. Екінші жағынан, кәсіби мәні зор. Насихатталуы қолға алынады. ХХІ ғасыр – шын мәнінде ғарышты игеру ғасыры. Одан қашпау қажет. Басқадан бұрын ғарышқа ұшқан елміз. Ғарыш державасы ретінде осы мәселені көтеру керек.

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор
Жоқ

– Ғарышкерлер күнін мем­лекеттік мереке ретінде бел­гілеуге сәл ертерек сияқ­ты. Бұл – халықтық шаруа. Мем­лекет деңгейіндегі ме­ре­ке болуы үшін халықтың көп бөлігі тойлауға қатысуы қа­жет. «Байқоңыр» жыл са­йын 110 млн доллар береді» дейді. Өз басым, сарапшы ре­тінде содан түскен қар­жы­ға «мынадай шаруа жасалып жа­тыр» дегенді баспасөзден де, басқадан да естіген жоқ­пын. Қазақстан ғарыш са­ла­сын меңгеруі керек. Ол  – елі­міз үшін даму көрсет­кіш­те­рінің бірі. Еліміз ғарыш саласы мамандарын жасақ­тау­мен дұрыс шұғылданған жоқ.
Сондықтан осы күнге дейін ғарыш тө­ңі­регінде Ресейге тәуелді болып отыр­ға­ны­­мыз аян. Ғарыш айлағын жалға берген соң, барлық пайдасын Ресей көріп отыр. Гексил сияқты диметрил-гидрозин деген улы заттар Қазақстанның төбесіне ағып жа­тыр. Сондықтан соны еске алып той­лаймыз ба, тойламаймыз ба – ойлануымыз керек. Оған да мән беру керек. Ғарыш кү­ні­не қарағанда, ауылды неге ескер­мей­міз?! Халықтың 50 пайыздан жоғары бөлігі ауыл­да тұрады. Шикізат экономикасы ауыл­дан шығады. Қазақстан – аграрлы мем­лекет. Оны ешкім қозғап жатқан жоқ қой?! Ғарыш күнін кәсіби мереке қылып, жас­тарды тартып, ғарыш саласы маман­да­рын қолдайық десе, ондай пікірді қол­дауға болады.

Бейтарап пікір
Камал БҰРХАНОВ,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Атам заманнан қалыптасқан бір ғарыш күні бар, ол – 12 сәуір. 1961 жылы біз бір мемлекеттің құрамында болғанбыз. Гагарин – әлемде тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкер. Ол тек ТМД мемлекеттерінде ғана емес, әлемде бірінші ғарышкер ретінде мойындалған. Сондықтан ғарыш күні бұрын қалай қалыптасты, сол жолмен жүру дұрыс деп ойлаймын. 2 қазанды ғарыш күні ретінде бекітуге мен қосылмаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста